Рубрика: Билік

  • Қасым-Жомарт Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

     

    Жолдаған жеделхатында мемлекет басшысы Ашхабадтың жарқын жетістіктеріне тоқталып, Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті әрі Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

    Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

    Бұған дейін Президент Түркістан облысына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбызhttps://sona.kz/kk/qasym-zhomart-toqaev-tuerkistan-oblysyna-keldi-6633/

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ақорданың баспасөз қызметі президенттің жоспарлары мен алдағы кездесулері туралы айтып берді. Президент білім, мәдениет, спорт нысандары мен өндірістік кәсіпорындарды аралайды.

    Сапар бағдарламасында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысу да бар.

     

  • Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді.
    Ол: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», – деді әлеуметтік желідегі жазбасында.
    Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.
  • Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті

    Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті

    Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және «заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, – делінген хабарламада.

    Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

    Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын Көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

    ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды. Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.

  • Ермек Маржықпаев – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі

    Ермек Маржықпаев – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі

    Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

    С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.

    Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

    2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

    2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрі.

  • Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады

    Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады

    Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен оған ілеспе құжатты екінші оқылымда қабылдады.

    Парламент депутаттары бастамашылық жасаған Заң жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

    Заң келесі негізгі ережелерді:
    — мопедтерді механикалық көлік құралдары тізбесіне енгізуді, сондай-ақ мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуді белгілеуді көздейді. Тиісті норма Заң қабылданған кезден бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
    — мопедтерді басқару және пайдалану талаптарын белгілеуді;
    — «көлік құралының орташа жүру жылдамдығы» ұғымын енгізуді;
    — көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру өткізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды қайта қарауды көздейді. Рұқсат беру тәртібі арқылы олардың жұмысын реттеуді енгізуді көздейді;
    — көлік құралының габариті мен салмағы бөлігінде жолдардағы цифрлық жүйелердің бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі өзгереді;
    — жолаушылар тасымалы қауіпсіздігіне, көлік құралдарының жүргізушілерін оқытуға қатысты бірқатар қосымша талаптар енгізіледі.

    Заң жекелеген көлік құралдары түрлерінің, оның ішінде мопедтердің жүруін ұйымдастыру саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

  • Ел президенттері тағы да Астанаға келді

    Ел президенттері тағы да Астанаға келді

    Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің қатысуымен өтетін саммитке қатысу үшін Орталық Азия елдерінің басшылары Астанаға келе бастады. 

    Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуіне Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ұшып келді. Жапаровты премьер-министр орынбасары, үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.

    Сапар барысында Президент Садыр Жапаров Орталық Азия елдері президенттерінің неміс кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысады. Сонымен қатар, Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

    Сондай-ақ бүгін Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон аталмыш кездесуге қатысуға ұшып келді. Эмомали Рахмонды премьер-министр Олжас Бектенов әуежайдан қарсы алды.

  • Еліміздің бас санитар дәрігері тағайындалды

    Еліміздің бас санитар дәрігері тағайындалды

    Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ол 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

  • Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    «SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салады

    Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

    Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

    Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді.