Рубрика: Мәдениет

  • Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

    Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

    «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде Қонаев қаласын көгалдандыру жалғасуда. Өткен сенбілікте «Барыс» экопаркінің негізі қаланып, 250 ағаш егілсе, осы жолы «Көшпенділер қалашығындағы» экопаркке алғашқы ағаштар егілді.

    Экологиялық науқанға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, қала әкімі Асхат Бердіханов, жастар, тұрғындар мен ақсақалдар қатысты. Науқанда барлығы 300-дей адам төбе көрсетті.

    «Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы «Көшпенділер
    қалашығында» жайлы орта жасау үшін экопарк салынбақ. Бұл – өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық» – деді Ғани Майлыбаев.

    Мұнда экопарктің алғашқы негізі ретінде 500 дана акация ағашы егілді. Акация – өте төзімді ағаштардың бірі. Құрғақшылыққа жақсы шыдайды, ыстық климатта да, салыстырмалы түрде суық аймақтарда да өсе алады. Желге, шаңға, тіпті қалалық ортадағы ластануға бейімделгіш. Тамыр жүйесі терең болғандықтан, суды топырақтың төменгі қабаттарынан алады. Құнарсыз, кедей топырақта да өсіп, оны азотпен байытуға көмектеседі.

    Алдағы уақытта 4 гектар аумақты алып жатқан экопаркте 3000 ағаш отырғызылады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілер жолы, демалатын орындар пайда болмақ.

    «Көшпенділер қалашығы» қазірдің өзінде қаламыздың көзтартатын, көркем аймағы. Экопарктің салынуы Іле өзенінің маңын одан ары ажарландырады. Табиғат, декорациялық нысан, демалыс орыны – барлығы үйлесім тапқандай әсер қалдырады. Бұл жерде тамақтанатын орындар, медпункт, полиция пункті, санитарлық тораптар қойылып, жол салынған. Осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бір жағынан ағаш егіп, табиғатты қорғауға үлес қоссақ, екінші жағынан отбасымызбен демалып жүрміз», – деді блогер Анастасия Сухачева өз пікірін білдіріп.

    Айта кетейік, ағаш егу маусымы басталғалы Қонаевта 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.

    Сонымен қатар бүгін қала тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, жастардан құралған 80-ге жуық азамат «Алматы-Өскемен» күре жолының бойында сенбілік ұйымдастырып, 500 келідей қоқыс шығарды.

  • Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

    Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

    Негізгі шара Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Жасанды интеллект пен цифрлық мүмкіндіктер кеңінен қолданылып, мейрам мазмұны жаңа деңгейге көтерілді.

    Орталық алаңдағы роботтар көрмесі халық қызығушылығын тудырды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те ұлттық мәдениеттің жаршысы болған мерекеге қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ал, Сенатор Жанболат Жөргенбаев енді ғана тәй-тәй басқан балақайдың тұсауын кесіп, бата берді.

    Мерекелік шараға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі айтулы күннің маңызы жайлы сөз қозғады.
    «Наурыз мерекесі – халқымыздың бай мәдениеті мен ізгі дәстүрінің терең мәні мен ұлылығын айшықтайды. Табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын осы кезеңде адамзат та рухани серпіліп, жан дүниесі жаңарып, үміт пен ізгілікке толы ерекше күйге бөленеді. Осы тұрғыдан алғанда, Наурыз – тек мереке ғана емес, жаңғыру мен жаңарудың символы. Игі дәстүрді жаңа мазмұнмен байыту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесі жаңаша сипатқа ие болды. Мейрамды бір күнмен шектемей, мазмұнын кеңейтіп, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 10 күндік мерекеге айналдыру – ұлттық құндылықты дәріптеудің жарқын көрінісі. Бүгін біз осы Наурызнама аясындағы маңызды күндердің бірі – «Ынтымақ күнін» атап өтудеміз.
    Айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде этноауылдар бой көтеріп, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Мәдени және спорттық іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Наурыз – тек рухани жаңғыру ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең», – деген Марат Елеусізұлы жыл басы алға қойылған мақсаттарды айқындап, тың бастамаларға серпін беретінін айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айтулы нәтижелерге тоқталды. Айтуынша, үш жылда өңірдің өнім көлемі 3,4 трлн. теңгеден 6,0 трлн. теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілген. Өткен жылы негізгі капиталға 29,4% өсіммен 1 трлн. 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,1% өсіммен 2 трлн. 598 млрд. теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 798,4 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 102,0%-ды құраған. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 3,6%-ға өскен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4%-ға көбейген. 1 млн. 69 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыс әкімі мұның барлығы өңірімізде жүргізіліп жатқан жүйелі саясат пен нақты жоспардың нәтижесінде қол жеткізілген маңызды жетістіктер екенін айтты. Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

    Шара барысында сахнада театрландырылған қойылым көрсетіліп, Роза Рымбаева, Нұрболат Абдуллин, Өмірқұл Айниязов, Тамара Асар сынды эстрада жұлдыздары, «Қоңыр» тобы, «Құлансаз» ансамблі және басқа да өнерпаздар халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Саябақ аумағында қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық ойындар және тақырыптық аймақтар жұмыс істеді. «Жеті қазына» интерактивті кітабы арқылы ұлттық мұра жаңа сипатта дәріптелді. «Face of Nauryz» алаңында келушілердің бейнесі жасанды интеллект көмегімен өңделіп, заманауи стильде ұсынылды. Сондай-ақ роботтардың қатысуымен қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Тіпті құлтемірлер бауырсақ пісіріп, тұрғындарға ұсынды. Жалпыхалықтық мерекеге айналған Ұлыстың ұлы күні осылайшы Алматы облысында кең көлемде тойланды. Қонаев қаласындағы орталық алаңға бес мыңнан астам халық жиналып, мерекелік шара «Digital Nauryz» тұжырымдамасына сай тікелей эфирде көрсетілді.

  • Marvel әлеміндегі қазақ ізі: Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Sony Pictures жобасында бой көрсетті

    Marvel әлеміндегі қазақ ізі: Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Sony Pictures жобасында бой көрсетті

    Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым әлемге әйгілі Sony Pictures кинокомпаниясының ауқымды науқанына қатысып, Голливуд жұлдыздарының назарына ілікті. «Өрмекші-адам» туралы жаңа фильмнің ресми трейлері шығар алдында компания туындының үзінділерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал блогерлерге таратып берген болатын.

    Осы бірегей тізімге енген санаулы өкілдердің бірі біздің отандасымыз болды. Дастанның әлеуметтік желідегі жазбасы тез арада танымал болып, оған фильмнің басты кейіпкерін сомдайтын Том Холландтың өзі, Sony Pictures ресми парақшасы және мыңдаған киносүйер қауым лайк басып, қолдау көрсетті.

    Бұл ынтымақтастық тек желідегі белсенділікпен шектелген жоқ, британдық актер Том Холланд Дастан Мұхамедрахымға арнап арнайы видеоүндеу жазып, оған алғысын білдірді. Мұндай халықаралық деңгейдегі танымалдылық Қазақстанның креативті индустриясы мен блогерлер қауымдастығы үшін үлкен жетістік болып саналады. Голливудтық студияның қазақстандық контент жасаушымен тікелей байланысқа шығуы еліміздегі сапалы медиа-өнімдердің әлемдік нарықта сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Қазіргі уақытта Дастанның парақшасындағы бұл видео Marvel жанкүйерлері арасында қызу талқыланып жатыр.

  • Наурызнама: Бүгін елімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

    Наурызнама: Бүгін елімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

    Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып жарияланды. Бұл күн халқымыздың мәдени кодын айқындайтын құндылықтар мен тарихи мұраны дәріптеуге арналған.

    Мерекелік шаралардың орталығы Астанадағы Ұлттық музей мен Е. Рахмадиев атындағы филармонияда бастау алды. Мұнда «Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» фестивалі сияқты ауқымды жобалар таныстырылуда. Еліміздің өңірлері де бұл күннен қалыс қалған жоқ:
    Ақтөбе облысында «Жыраулар жолымен» жобасы мен «Dastur-fest» фестивалі өтуде.
    Қарағанды облысында салт-дәстүрлерді digital-форматта насихаттайтын байқаулар мен «Nauryz: Inspired by Traditions» фестивалі ұйымдастырылды.
    Маңғыстау облысында ұлттық жол-жоралғыларға арналған театрландырылған қойылымдар көрерменге жол тартты.

    Естеріңізге сала кетейік, Наурызнама онкүндігі 23 наурызға дейін жалғасады. Әр күннің өзіндік тақырыбы мен қоғамдық маңызы бар.

  • Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді

    Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді

    Көктемнің алғашқы жарысына 40 автокөлік қатысып, жүргізушілер кәсіби шеберліктерін, жылдамдық пен дәлдікке негізделген дрифт техникасын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, ең мықты жүргізушілер анықталды.
    Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
    1 орын –Петр Бородин,
    2 орын –Евгений Васькин.
    Жарыс жеңімпаздары азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысты.
    «Дрифт-шоу Қонаевтағы ең әсерлі көріністердің біріне айналды. АСП аренада түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып жүр. Оған алыс-жақын шетелдерден келетін спортсүйер қауымды қоса есептегенде, мыңдаған көрермен жиналуда. Қаламыздың спорт саласы дамып жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы дрифт-шоу референдумға тұспа-тұс келді. Біз өз еліміздің азаматтары ретінде дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», − деді Петр Бородин.
    Аталған жарыс Қонаев қаласында автоспорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында техникалық спорт түрлерін насихаттауға және өңірдің спорттық-туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

  • Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертінде қауіпсіздікті жеке күзетшілер қадағалауы мүмкін

    Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертінде қауіпсіздікті жеке күзетшілер қадағалауы мүмкін

    Қазақстанда Энрике Иглесиастың концерті сияқты ірі мәдени шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке күзет ұйымдарына тапсырылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, елімізде жаппай іс-шаралар кезінде ұйымдастырушыларға полиция қызметкерлерінің орнына жеке күзет компанияларын жалдауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды.
    Бұған дейін мұндай ауқымды шараларға мыңдаған тәртіп сақшылары тартылатын. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертінде 3500-ден астам ІІМ қызметкері мен әскери қызметші кезекшілік еткен. Жаңа заңнамалық өзгерістер бұл міндетті жеке секторға жүктеуге жол ашады.
    Қазіргі таңда Қазақстанда 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымы және 100 мыңға жуық лицензиясы бар маман бар. Енді олардың әлеуетін жаппай іс-шараларда тәртіпті сақтау үшін пайдалану жоспарлануда, бұл өз кезегінде полиция ресурстарын басқа да маңызды міндеттерге жұмсауға мүмкіндік береді.

  • «Бум болады»: Данияр Жұмаділов Сабуров жайлы

    «Бум болады»: Данияр Жұмаділов Сабуров жайлы

    Қазақстандық әзілкеш, КВН «Астана» командасының капитаны Данияр Джумадилов YouTube-тағы Карен Адамян жүргізетін «50 вопросов» арнасына берген сұхбатында Нурлан Сабуровтың Қазақстандағы ықтимал болашағы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

    Сұхбат барысында жүргізуші Сабуров елде қалса, отандық юмор индустриясына қандай өзгеріс әкелуі мүмкін екенін сұрады. Сондай-ақ екі әзілкеш арасында бәсекелестік бар-жоғы туралы мәселе көтерілді.

    Жұмаділовтің айтуынша, әріптесінің ықтимал шешімі сала дамуына оң әсер етуі мүмкін. Ол Сабуровтың қай жерде өнер көрсетсе де, көрермен қызығушылығы арта түсетінін атап өтті.

    «Нұрланды білемін, қазір ол қай жерде пайда болса да, бум болады. Ешқандай бәсекелестік жоқ. Ол  ең мықты», — деді Жұмаділов.

    6 ақпанда Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Шешім ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты қабылданғаны хабарланды. Әзілкеш Мәскеудегі Внуково әуежайында Дубайдан оралғаннан кейін ұсталған.

    Ақпаратқа сәйкес, ол тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпанда таңертең Алматыға ұшып келген.

    Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде комиктің «СВО» деп аталатын операцияға қатысушыларға питбайк табыстаған видеосы тарады. Бұл мәселеге қатысты Сабуровтың ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

  • Маңғыстау The Telegraph нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 10 шөлдің қатарына енді

    Маңғыстау The Telegraph нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 10 шөлдің қатарына енді

    Маңғыстау облысы британдық The Telegraph басылымының «Өміріңізде баруға тиіс 10 шөл» тізіміне енді. Бұл туралы Sona.kz Казинформ-ға сілтеме жасап хабарлады.

    Басылым өңірдің бірегей ландшафттары мен табиғи минималистік келбетін атап өткен. Маңғыстау әлемдегі танымал шөлдермен қатар қойылған.

    Облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсин Ибрашев «Бүгін.Live» бағдарламасында Jibek Joly телеарнасында бұл жетістікті жоғары сараптамалық баға деп атады. Оның айтуынша, шетелдік БАҚ өкілдері өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында шақырылуда.

    Спикердің мәліметінше, Маңғыстау киноиндустрияның да назарын аударып отыр. Биыл Джеки Чан қатысатын «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің жаңа бөлігін түсіру жоспарлануда.

    Бұған дейін өңірде музыкалық бейнебаяндар түсірілген, соның ішінде «Ay Yola» тобы да жұмыс істеген. Сонымен қатар миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер Тау Тау мен үндістандық танымал тұлғаларды шақыру көзделіп отыр.

    Өңір рухани мұраны халықаралық деңгейде таныстыруды да мақсат етіп отыр. 30-дан астам нысанның ішінде ЮНЕСКО тізіміне Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан Апе жерасты мешіттерін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

    Ерсин Ибрашевтің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Негізгі назар Бозжыра, Шерқала және Жығылған сияқты нысандардағы жол сапасы мен туристік жағдайды жақсартуға бағытталған.

  • Димаш Құдайберген қатысқан шоу Қытайда телерейтингтің көшін бастады

    Димаш Құдайберген қатысқан шоу Қытайда телерейтингтің көшін бастады

    Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген атқарушы продюсері болған «Voice Beyond Horizon» музыкалық жобасының алғашқы эпизоды Қытайда телерейтингтің көшін бастады. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақпаратқа сәйкес, жоба эфирге шыққан сәттен бастап көрермендер арасында жоғары қызығушылық тудырған.

    Алғашқы шығарылымның қытайлық стримингтік платформалардағы тікелей көрсетілімдерінің жиынтық көрілімі 102 миллионнан асты.

    Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жобаға қатысты 143-тен астам ең көп талқыланған тақырып тіркелген.

    Музыкалық жобада алты елден келген сегіз әртіс өнер көрсетіп, әртүрлі жанр мен бағыттағы шығармаларды ұсынған.

    Димаш Құдайбергеннің ресми сайтында хабарланғандай, жоба қатысушыларының өнері түрлі мәдениеттердің музыкалық үндестігін көрсетуге мүмкіндік берген.

    Жоба авторлары «Voice Beyond Horizon» бастамасының негізгі мақсаты — мәдени алмасуды дамыту және Ұлы Жібек жолы кеңістігіндегі музыкалық дәстүрлерді кеңінен таныту екенін атап өтеді.

    Музыкалық жоба алдағы уақытта да телевизиялық маусым аясында эфирге шығуын жалғастырады.

  • Жошы хан туралы сериал беделді халықаралық платформаларда көрсетіледі

    Жошы хан туралы сериал беделді халықаралық платформаларда көрсетіледі

    Жошы ханға арналған деректі көпсериялы фильмнің премьерасы беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының айтуынша, жоба бойынша жұмыстар биылғы көктемде аяқталады. Президент соңғы жылдары елімізде тарихи мұраны ғылыми тұрғыда зерттеу және оны кеңінен насихаттау бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

    Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильм толық аяқталады. Бұл ауқымды жобаның басталуы жөнінде мен бұған дейін Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан болатынмын. Көпсериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді, — деді Президент.

    The Golden Empire атты деректі сериал толығымен Қазақстан аумағында түсірілген. Түсірілім барысында еліміздің табиғи ландшафттары, Тамғалы Тас петроглифтері, «Көшпенділер қаласы», Қимасар және Суықтөбе шатқалдары пайдаланылған. Фильм XIII ғасырдың киноөндірісте аз зерттелген тарихи кезеңіне арналған.

    Жобаны америкалық-түрік Karga Seven Pictures кинокомпаниясы Президенттік бастамалар қоры Dara-мен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Режиссер әрі шоураннер  Эмре Сахин. Ол бұған дейін Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses жобаларын түсіріп, олар Netflix платформасының 90-нан астам елдегі топ-10 тізіміне енген.