Рубрика: Жаңалықтар

  • Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Қазақстанда мопедтер енді толыққанды көлік деп танылады. 5 сәуірден бастап оларды тіркеу ғана емес, техникалық байқаудан өткізу де міндетті.

    Қайда барамыз?
    Еліміз бойынша 2000-ға жуық стационарлы, 750 мобильді техорталық бар – кез келгеніне барып тексертесіз.

    Нені қарайды?
    – Тежегіш
    – Шамдар
    – Руль мен дөңгелек

    Кімге міндетті емес?
    Жасалғанына 1 жыл толмаған жаңа мопедтерге техосмотр талап етілмейді.

    Қысқасы: Енді мопед иелері де көлік жүргізушілерімен бірдей талапқа бағынады.

  • Онлайн төлемнен бас тартса, не істеу керек?

    Онлайн төлемнен бас тартса, не істеу керек?

    Қазақстанда әр сатып алушы өзі таңдаған тәсілмен төлеуге құқылы — онлайн, карта арқылы немесе қолма-қол. Алайда кей дүкендер тек “наличный” сұрап, онлайн төлемнен бас тартып жатады. Бұл — заң бұзу.

    Сатушы төлемнің кез келген заңды түрін қабылдауға міндетті. Егер бас тартса, алдымен ескерту беріледі. Қайталанса — 157 280 теңге айыппұл төлейді.

    Ондай жағдай болса, e-Otinish платформасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер департаментіне шағымдануға болады. Фото, чек сияқты дәлелдер қосқаныңыз дұрыс.

    Сонымен қатар, чек бермегені немесе тиынды қабылдамағаны үшін де жауапкершілік бар.

  • Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары NASA мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 байқауында топ жарды.

    25 елден 26 мыңнан аса оқушы қатысқан додада Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы мен Ілияс Дәулет ұсынған YURT жобасы бірінші орынды иеленді. Олар Юпитер орбитасындағы 30 мың адамға арналған ғарыш стансасын таныстырды.

    Екінші орынды иеленген «Икарус» жобасы Ганимед орбитасындағы 45 мың тұрғынға арналған станса идеясына негізделген. Команда құрамында 10 оқушы, жетекшісі – Әділет Сандықбаев.

    Байқау оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

  • ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды

    ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды

    2025 жылдың наурызында ChatGPT қосымшасы TikTok пен Instagram-ды басып озып, әлем бойынша ең көп жүктелген қосымша болды. Appfigures дерегінше, бір айда ChatGPT 46 миллион рет жүктелген — бұл ақпанмен салыстырғанда 28 пайызға көп.

    Instagram екінші, TikTok үшінші орынға түсті. Ал үздік ондыққа WhatsApp, Telegram және Threads та енді. Барлығы 339 миллион қосымша жүктелген — бұл алдыңғы айдан 40 миллионға артық.

    Қосымшаның танымалдығы Studio Ghibli стиліндегі сурет генерациясы мүмкіндігінің жаңаруымен және дауыстық режимнің жетілдірілуімен байланысты. Сонымен қатар, визуалды контент модерациясы жеңілдеген.

  • Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сай, жанжалға 20-40 шақты адам қатысқан. Кейбір курсанттар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген.

    Академиядағылар бұл оқиғаны растады. Төбелеске бірінші курс студенттері қатысқан. Зақым алғандарға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

    Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тексеріс жүргізілуде. Академияда Қазақстанмен қатар Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алады.

  • Семейде полиция алаяқтардың 10 млн теңгені жымқыруына жол бермеді

    Семейде полиция алаяқтардың 10 млн теңгені жымқыруына жол бермеді

    Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға хабарлаған. Бейтаныс адам өзін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап, 10 млн теңгені алмақшы болған.

    Жағдайға жедел әрекет еткен полицей Айдана Қозыбаева зейнеткермен байланысып, ешқандай дерек пен ақша бермеу керегін түсіндірген. Соның арқасында алаяқтар алмақшы болған 10 млн теңге дер кезінде бұғатталды.

    Полиция тұрғындарға:
    — телефон арқылы ешкімге жеке деректер мен банк ақпаратын бермеңіз;
    — күмәнді қоңырау түссе, бірден полицияға хабарласыңыз, — деп ескертеді.

  • Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Оқиға 10 сәуір таңғы сағат 7-ге таман болған.

    Куәгердің айтуынша, күдікті мектеп ішінде қолына пышақ ұстап шамамен 20 минут жүрген. Бұл уақытта мектепте сабақ басталмаған, оқушылар мен мұғалімдер әлі келмеген. Ең сорақысы — сол сәтте мектепте күзетші де болмаған.

    Егер сол кезде балалар келіп қалса не болар еді деген алаңдаушылық бар.

    Полиция күдіктіні ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
    Атмосфералық фронттардың өтуінен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Жаңбыр , найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын(жаңбыр, қар) болады.
    Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.
    12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжануда.

  • Қазақстанның ең қымбат футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

    Қазақстанның ең қымбат футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

    Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың алаңға шықпағанына 2,5 ай болды.

    Әлеуметтік желілерде «ұзаққа созылған жарақат Бахтиердің мансабын аяқтауына негіз болады» деген сыңайдағы ақпараттар шығып жатыр. Бұған – түрік журналисі Серкан Дикменің пікірі себеп. Ол қазақстандық ойыншының сіңір аймағында ісіну байқалғаны жөнінде айтқан еді. Негізінен жарақаттың сипаты мен қалпына келтіру мерзімі әлі тексеріледі. Сондықтан, карьерасына әсері мүмкін мәселелер бар.

    Бұған дейін Бахтиер Зайнутдиинов футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі наурызда өткен екі ойынның дайындығына келген болатын. Бірақ, Ұлттық құрама дәрігерлерінің тексеруінен кейін ол оқу-жаттығу жиынына қатыспады.

    – Дәрігерлер тексеруінен кейін Бахтиердің жарақаты бар екені анықталды. Сондықтан дайындыққа қатыспады. Ал мансабы аяқтау жөнінде бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ, – деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай.

    Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде туған. Мансабында қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында ойнады. Ал ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін түркиялық клубта доп тебеді.

  • Прокурор Темірлан Еңсебекті 5 жыл бостандығынан айыруды сұрады

    Прокурор Темірлан Еңсебекті 5 жыл бостандығынан айыруды сұрады

    11 сәуір күні Наурызбай аудандық сотында өтіп жатқан Темірлан Еңсебекке қатысты сот аяқталуға жақын.

    Үш күнге созылған тергеу соты аяқталып, 17:00 тараптар арасында жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы Дидар Қабаев Еңсебектің кінәсі толық дәлелденгенін хабарлады.

    «Қылмыстық істі аяқтап жатырмыз. Айыпталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары бойынша толық дәлелденді. Ешкім де кемсітушілікке ұшырамауы тиіс. Еңсебек қасақана ауыр қылмыс жасады. Еңсебектің әрекеті Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ісі дұрыс сараланған. Үкімді жеңілдететін мән-жайлар жоқ», – деп түйіндеді прокурор.

    Прокурор Темірлан Еңсебектің бостандығын 5 жылға шектеуді сұрады. Сонымен қатар, блогер болуға, коуч ретінде жұмыс істеуге, сұхбат беруге, қоғамдық шараларға қатысуға тыйым салынды.

    «Мен мұны қазақстандық журналистикаға жасалған соққы деп есептеймін. Барлық айыптаулардың белгілі болған кезде-ақ негізсіздігі анықталды. Олар дәлелденген жоқ. Мен ақтауды талап етемін. Мен – журналистпін, экстремист емеспін. Бұл – Қазақстандағы сөз бостандығына жасалған соққы. Осы соттан кейін елдегі сөз еркіндігінің деңгейі Түрікменстанмен теңесуі мүмкін», – деді Еңсебек.