Рубрика: Жаңалықтар

  • Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Павлодар облысында ірі күзет компаниясының директорын тонаған күдіктілер ұсталды. Polisia.kz мәліметінше, олар Екібастұзда пәтерге заңсыз кіріп, 11 миллион теңгеден астам мүлікті алып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған.

    Тінту кезінде айғақ заттар табылып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

  • Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Елде төрт жаңа су қоймасы салынып, тағы төртеуі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 канал жөнделіп, Астана су қоймасын толтыру жобасы қолға алынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

    Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанада жүргізіледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ Ислам даму банкі гранты аясында елдегі су көздерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және “Қазсушар” мекемесін техникалық жабдықтау жоспарланған.

  • Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Жақсы ауданына қарасты Қима ауылы маңында бөгетті нығайту шаралары жүріп жатыр. Құтқарушылар инертті материалдармен қаптарды толтырып, жаға бойына төсеп жатыр.

    Бүгінге дейін 5 мыңнан астам қапшық төселді. Төтенше жағдайлар қызметі су деңгейін бақылауда ұстап, тасқынның алдын алу шараларын үздіксіз жалғастыруда.

  • АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    Нью-Йорк қаласында жеке тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens компаниясының Испаниядағы филиалының бас директоры Агустин Эскобар, оның жұбайы мен үш баласы, сондай-ақ ұшқыш қаза тапты.

    Тікұшақ Гудзон өзеніне құлаған. Оқиға ұшқаннан көп ұзамай болған.

  • Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті жүргізген тергеу нәтижесінде Qnet құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар сот үкімімен кінәлі деп танылды.

    Олар азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеп, көпдеңгейлі маркетинг желісіне инвестиция салуға шақырған. Міндетті шарт — жаңа қатысушыларды тарту болған.

    ▪️Нәтижесінде 51 адам қаржы пирамидасына тартылып, 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

    ▪️Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    ▪️301 млн теңге тұратын мүлік тәркіленді: Нұр-Сұлтандағы 7 пәтер мен Toyota Camry көлігі.

  • «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Ақпаратты Алматы қаласының полициясы растады.

    «Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

    Сәриев әлеуметтік желілерде өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атайды. Instagram парақшасында 600 мыңнан астам жазылушысы бар. Ал қордың парақшасына шамамен 400 мың адам тіркелген. Қор балалар мен қарттарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан.

  • Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Ол бұған дейін жергілікті футбол командасында кәсіби деңгейде ойнаған. ІІМ мәліметінше, одан 1,5 келі синтетикалық a-PVP есірткісі тәркіленді.

    Күдікті Telegram арқылы таратқан. Қазақстанға 2020 жылы жұмыс іздеп келген. Қазір уақытша ұстау изоляторында.

    Айта кетейік, бұған дейін Семейде тағы бір кәсіби футболшы Азат Ерсалимов 60 млн теңге шығын келтірген 32 алаяқтық дерегі бойынша сотталған еді.

  • Тоқаев батыс өңірлердегі жол құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Тоқаев батыс өңірлердегі жол құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесіп, 2024 жылғы салалық нәтижелер мен алдағы жоспарларды талқылады. Министрдің айтуынша, транзит көлемі 6 пайызға өсіп, Транскаспий бағытымен 4,5 млн тонна жүк тасымалданған — бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 пайызға көп.

    Жыл ішінде 12 мың шақырым жол жөнделіп, келесі ірі трассалар қайта жаңартылды:
    • Қарағанды – Алматы,
    • Талдықорған – Өскемен,
    • Ақтөбе – Қандыағаш,
    • Атырау – Астрахан.

    Тоқаев азаматтардың жол жүру жағдайын жақсартудың маңыздылығын атап өтіп, мынадай тапсырмалар берді:
    • «Орталық – Батыс» автожолының құрылысын жеделдету;
    • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін кеңейту;
    • ТМТМ бағытын дамытуға ерекше көңіл бөлу;
    • Көлік саласына инвестиция тарту жұмысын күшейту.

  • Өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды

    Өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды

    Ордабасы ауданының тұрғыны түн ішінде күйеуінің мас болып, мазасын алғанын айтып, полиция шақырған.

    Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның қора ішінде құлыптанып алғанын анықтаған. Темір есікті аша алмаған соң, терезені балтамен бұзып кіріп, ер адамның жіпке асылып тұрғанын көрген. Тәртіп сақшылары шұғыл шешім қабылдап, жіпті кесіп, азаматты аман алып қалған.

    Оған алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігерлер шақыртылған. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Полиция тарапынан профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы қанша?

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы қанша?

    Фанаттар үшін шектеу: бір адамға тек төрт билетке дейін сатып алуға болады.
    Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
    Оның айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
    Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді.