Рубрика: Жаңалықтар

  • Мотоцикл жол жұмысшыларын қағып кетті: әйелдің жағдайы өте ауыр

    Мотоцикл жол жұмысшыларын қағып кетті: әйелдің жағдайы өте ауыр

    Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

    Оқиға 9 сәуірге қараған түні болған. Мотоцикл жүргізушісі Mercedes көлігімен соқтығысып, кейін жол бойындағы үш жұмысшыны – екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен. Екі ер адам оқиға орнында мерт болды. Әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

    Мотоцикл жүргізушісі аман қалған, қазір ол да ауруханада. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр.

  • Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы 9 жылға сотталды

    Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы 9 жылға сотталды

    Ол пара беріп, алаяқтық жасады деп айыпталды. Шайдуллин 20 миллион теңгеге сотталушыға үкімді жеңілдетуге уәде берген.

    Оған қатысты сот төрт айға созылды. Бастапқыда бұл істі Ақтау қалалық соты қарап, кейін Мұнайлы аудандық сотына берілген.

    «Бүгін Мұнайлы аудандық сотында Бауыржан Шайдуллинге қатысты іске нүкте қойылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның серіктесі – сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленді.

    Ал, жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап еткен талап арызын сот қараусыз қалдырды», – делінген хабарламада.

  • «Айыптау актісімен келісеміз, бірақ бір мәселе бар, оны сотта айтамыз» – Шерзат отбасының адвокаты

    «Айыптау актісімен келісеміз, бірақ бір мәселе бар, оны сотта айтамыз» – Шерзат отбасының адвокаты

    Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірді.

    «Қаржаубай айыптау актін бүгін ғана естіп отыр. Қаржаубайды тергеу аяқталған кезде іс материалдарымен таныстырмады. Сондықтан оның пікірін айта алмаймыз. Адвокаттар бір нәрсемен келіспейміз. Оны сотта айтамыз. Қазір айта алмаймыз. Қалған айыптау актімен келісеміз», – деді адвокат.

    Сонымен қатар, Шекеев неліктен 11 күдіктінің тек 9-ы сот залында отырғанын түсіндірді.

    «Бастапқыда 13 адам болған. Оның екеуі іске қатысы болмағандықтан олар күдіктілер қатарынан шығарылды. Содан кейін екі қыздан тек куә ретінде жауап алынды», – деді адвокат.

    «Қылмыстың бәрі ауыр. Бірақ екі күдіктіге: Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге айып тағылып отыр. Қалған жеті күдіктінің ісі «бұзақылық» бабымен қаралады. Мемлекеттік айыптаушының айтқаны сол. Ол іс материалдарымен үйлеседі деп ойлаймыз. Біз, жәбірленуші тарап онымен келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптау актісі», – деді Шекеев.

  • Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтеді?

    Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтеді?

    Судья Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетінін айтты. Судья басты сот отырысын 17 сәуірде сағат 10:00-ге белгіледі. Одан кейінгі сот отырысы 18 сәуірде өтеді.

    Судьяның қаулысына сәйкес, сот отырысы аптасына екі рет, бейсенбі және жұма күндері өтеді.

    2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Ал 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

  • Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Айыпталушылар сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізуге қарсылық білдірді. Қылмыстық іс бойынша 9 адам айыпталып отыр.

    Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру», 24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;

    Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;

    Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;

    Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».

    Сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында  көрсетіледі.

  • Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – Прокурор

    Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – Прокурор

    2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстандағы ең атышулы істердің бірі – 2024 жылдың қазан айында Талғарда қайтыс болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

    Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берді.

    Прокурордың айтуынша, сағат 00.42 минутта Шынасыл атты күдікті анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат Полат асфальтқа отырып қалған. Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырған. Алайда, бөтелке тимей қалған. Осыдан кейін Сәкиев Ғайыпбаевты жұдырықпен ұрған. Ал Азамат Тоқтаубаев пен Ілиясов ас пышақтарын Ғайыпбаевқа қарсы сермеген. Бірақ соңғысына пышақ тимеген. Күдіктілердің бірі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрған. Оқиға орнына әжесі келген кезде оны Шынасыл итеріп құлатқан.

    Бишімбиева баласы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, соған қарай бармақ болған кезде оның алдынан Шынасыл мен Ілиясов шығып, екі білегінен ұстап жібермей қойған. Содан кейін Ғайыпбаев Шерзаттың “Нұрқанат аға, маған бірдеңе сұғып алды” деген дауысын естіп, жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыру үшін “скорый” деп айғайлай бастаған. Осыдан кейін Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Полатқа қарай барған. Сол сәтте Бишімбиева Полатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Полаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, аталған мылтықтың сабымен Полаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Осы уақытта Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Алайда Ғайыпбаев тірі қалған, – деді прокурор.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Magnum дауы: Шағымданушы мен курьер татуласты

    Magnum дауы: Шағымданушы мен курьер татуласты

    Әлеуметтік желіде Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы біраз күннен бері қызу талқыға түскен еді. Шағымданушы Асылхан Жанагизов «Курьер қазақ тілінде сөйлеуді талап етті» деп сауда желісіне шағым түсірген. Іле-шала сауда желісінің басшылығы курьерді жұмыстан босатып, бұл мәселе резонанстық жағдайға әкелді. Көпшілік жұрт бірін-бірі сауда желісіне баруға «байкот» жасауға шақырған болатын.

    Бүгін енді шағымданған Асылхан Жанагизов пен курьер Еркін есімді азамат кездесіп, татуласқаны жайында видео жариялады.

    «Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Магнумға қатысты әңгіме болып жатыр. Соны түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рақмет айтамын. Өмір болғаннан кейін түсінбестік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз ғой. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық», –  деген курьер Еркін қайтадан Magnum желісіндегі жұмысын жалғастырып жатқанын тілге тиек етті.

    «Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтасақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет», – деді ол пікірінде.

    Ал сауда желісіне курьердің үстінен шағымданған Асылхан Жанагизов. «Қадірлі ағайын! Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Қатемізді түсіндік. Ал екеуіміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Баршыңызға рақмет», – деп қатесін түсінгенін жеткізіп, екеуі қол алысқан.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтіп жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтіп жатыр

    Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Болаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Судья шешімімен сот толықтай ашық өтетіні хабарланды. Сонымен қатар, журналистерге тікелей эфирге шығуға және күдіктілердің бет-жүзін түсіруге тыйым салынды.

    Іс бойынша судья  Жанұзақ Ержан Серікұлы, ал прокурорлар Дана Сәрсенбай, Ержан Құрақбаев.

    Шерзат ісі бойынша сот отырысы ашық, онлайн-трансляция форматында ҚР Жоғарғы Сотының ресми YouTube арнасында өтіп жатыр.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • «Шерзат өлімінен кейін орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ» – Қоғамдық қорғаушы

    «Шерзат өлімінен кейін орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ» – Қоғамдық қорғаушы

    Бүгін сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

    Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

    Бұл оқиғаның басынан хабар таратып, Шерзат Болат отбасының жанында болдым деген қоғамдық қорғаушы Дінмұхамед Қаматай өзі салған видеоны 1,5 млн адам қарағанын, осы іс жайлы білгенін айтты.

    «Шерзат Болат өлтірілгеннен кейін осы мәселені мен көтердім. Бұл отбасымен сол кезден бері хабардармын. Олардың әділеттілікке жетуіне қолымнан келгенін істеуге тырысып жүрмін», – деді пікірінде.

    Қоғамдық қорғаушы «Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы қаншалықты дәйекті ақпарат тарата алды?» деген сауалға:

     «Бейнежазбада бәрі анық тұр. Бәрі көрді. Соның өзі жеткілікті деп ойлаймын. Бәлкім, ол видео болмаса бұл іс қалай өтетінін білмейміз. Себебі, орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ. Менің ойымша, ескі Қазақстанның қалдығы кетіп, жаңа кәсіби адамдар тағайындалуы керек деп есептеймін», – деп жауап берді.  

    Ал «Сот процесі әділ өте ме?» деген сауалға ол:  «Әділ өтеді. Себебі, бұл оқиғаны бүкіл қазақ халқы қадағалап отыр. Президент айтқандай, әділетті қоғам құру үшін БАҚ өкілдері, қоғам беолсенділері және азаматтар сол үшін күресу керек», – деді қоғамдық қорғаушы Дінмұхамед Қаматай.

    Сондай-ақ, ол сот отырысының Талдықорғанда өтіп жатқанын былайша топшылады. «Үлкен резонанс туғызған сотқа көп адам келетін еді. Бірақ Қонаев қаласында өткізгені дұрыс болар еді. Себебі, Қаржаубай Нұрымовтың отбасы мүшелерімен жол жүріп келдік. Бәрі көпбалалы отбасы болған соң балаларын да қалдыру мәселесі бар. Яғни, әрі-бері жүру қиын», – деді ол.   

  • Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот онлайн өтеді

    Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот онлайн өтеді

    ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

    Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

    Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.

    Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында мына сілтеме бойынша көруге болады:

    Жоғарғы Соттың Telegram арнасына жазылыңыз: https://t.me/Jogargy_sot және әлеуметтік желілердегі Жоғарғы Соттың ресми аккаунттары бойынша жаңартуларды қадағалаңыз.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)