Жазда, яғни 4 маусым күні Іле ауданында тұрғын үйден өрт шыққан еді. Сол кезде Іле ауданы №39 гимназиясының 9 сынып оқушысы Камитбек Ихсан өртке оранған үйден 63 жастағы қарт кісімен 12 жастағы немересін аман алып шығып, құтқарып қалды. Оған осы ерлігі үшін «PATRIOT» төсбелгісімен марапаттап, Алматы облысы білім басқармасы басшысының атынан ноутбук сыйға тартылды.
Рубрика: Жаңалықтар
-

Тергеу изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу салынды
Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз.
Егер Сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
-

Қайтарылған активтер есебінен екі облыста әлеуметтік нысандар салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңгеге музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Мәселен, Ақмола облысының Зеренді ауылында ауданы 6 мың шаршы метрден асатын, бір ауысымда 80 адамды қабылдайтын спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Нысан белсенді тұрғындарға бос уақытытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді – ауданда 14,5 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Жобаға сәйкес, орталықта күрес, бокс, шаңғы тебу сынды спорт түрлерімен айналысу үшін жабдықталады, 2 жаттығу залы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ кешенде спортшыларды жаттықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сапалы әрі тиімді іске асыру үшін қажетті құрал-жабдық және басқа да қосалқы үй-жайлар қарастырылған.
Түркістан облысының Темірлан аулында 300 орындық жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр. 1974 жылы қабырғасы каркастан салынған қазіргі ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес, күрделі жөндеуге жарамайды. Соған қарамастан бүгінгі таңда кешен жұмыс істеп тұр – орталықта 420-ға дейін бала оқиды, бұл оның қазіргі қабылдау мүмкіндігінен 2 есеге артық, 45 мұғалім сабақ береді. Жаңа жоба ауылда өнер саласында қосымша сапалы білім алу үшін жағдай жасайдыі. Балалар жайлы ортада музыкамен, хореографиямен айналысуға мүмкіндік алады.
Бүгінде арнаулы мемлекеттік қорда 177 млрд теңге жинақталған. Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салуға, басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және тағы басқа салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
-

Талғарда изолятордан күдікті қашып кетті
Зорлау қылмысына күдікті 33 жастағы Бекарыс Қалмырзаев Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.
Ол айыпталып отырған бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Бұл оқиға туралы алғаш болып «Президентке хаттар» телеграм арнасы хабарлады.

Алматы облысының полициясы дереу «Сирена» жоспарын жариялап, қашқынды ұстау мақсатында негізгі бағыттарда блокпосттар қойды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық күштер мен құралдар күдіктіні іздеп, ұстау үшін жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, қалай қашқанын анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.
-

Қазгидромет: Тұман түсіп, көктайғақ болады
Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
-

Таза Қазақстан: есірткі жарнамалары жаппай жойылуда
Астанада бұрыш-бұрыштағы есірткі жарнамалары жаппай жойылуда. Жазбалар тек өшіріліп ғана қоймайды. Артынша қылмыстық іс қозғалады. Тергеу жүргізіледі. Есірткі жарнамаларын жою «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынды.
Оған полицейлер мен астаналық жастар, еріктілер қатысып жатыр. Кезекті науқан Байқоңыр ауданында өтті. Белсенділер қала көркін сақтап ғана қоймай, халықты үлкен кеселден сақтауда.Байқоңыр ауданы бойынша 134 мекенжайдан анықталды. Әр жазбаларға тіркеу жасалып, қылмыстық іс қозғалады», — деді Байқоңыр аудандық жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары Рахымжан Құлжанов.

-

6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай ШҚО-дағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.
«2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев
Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.
Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.
-

Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды
«Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау орын алып, салдарынан Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай, А. Байтұрсынов көшелерінің тұтынушылары жарықсыз қалды», — деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір жарық қосымша қуат көзі арқылы берілген.
«Сағат 15:32-де қосымша қуат көзіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта аталған мәселенің себебін анықтау мен жою бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
-

Оңай жолмен баспаналы болғысы келгендер алданып қалды
Әйелдің үстінен полицияға 10 арыз түскен. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.
Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.
-

Легионерлерге бюджеттің бір тиыны берілмейді — Нартай Аралбайұлы
Легионерлерге бюджеттің бір тиыны берілмейді. Бұл жөнінде депутат Нартай Аралбайұлы мәлім етті.
«Енді шетелдік спортшыларға бюджеттің және квазимемлекеттік қорлардың бір тиыны берілмейді. Депутаттар дауыс бердік. Үкіметтің қорытындысы кеше кеште келіп жетті. Халықтың ақшасы халықтың игілігіне жұмсалу керек», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы. https://www.instagram.com/p/DBYokP0u_Zs/
Айта кетейік, бұған дейін легионерлерге қатысты дау қоғам арасында жиі көтерілетін. Себебі, спортта жақсы нәтижеге жету үшін шетелдік спортшыларға қыруар қаржы төлеуге тура келетін.
