Рубрика: Жаңалықтар

  • Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашты

    Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашты

    Ақорда хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов пен түрікмен халқына Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар мұны екі ел арасындағы өзара сый-құрмет пен достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

    Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті.

    «Абай – әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды. Жер жүзіндегі көптеген қалада хакім Абайдың ескерткіші бар. Ұлы ақын саналы ғұмырын ағарту ісіне арнады. Абай «Талап қыл артық білуге» деп, өнер-білім философиясын кеңінен насихаттады. Ол теңдессіз туындылары арқылы мызғымас құндылықтарды дәріптеді. Жұртты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулыды. Жақсылық пен парасаттылыққа үндеді. Ашхабадта Абай ескерткішінің ашылуы – бауырластығымызды нығайта түсетін бірегей бастама», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент биыл Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығармашылығына зор құрметпен қарайтынын жеткізді.

    «Шын мәнінде, Абай мен Мақтымқұлы еңбектері – түркі дүниесінің құнды қазынасы. Оны сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Ұлы ақындарымыздың поэзиясында өзара сабақтастық мысалдары көп. Біз – түбі бір, тарихы ортақ, тілі мен мәдениеті ұқсас халықтармыз. Осы бауырластық елдеріміздің қарым-қатынасына арқау болып отыр. Қазір бұл байланыс стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Түрікменстанға бүгінгі ресми сапарым – соның айқын дәлелі. Абайдың ескерткіші қазақ-түрікмен достығының символына айналады деп сенемін», – деді президент.

  • Денис Теннің өлімі: Жоғарғы сот жазаны өзгеріссіз қалдырды

    Денис Теннің өлімі: Жоғарғы сот жазаны өзгеріссіз қалдырды

    Бүгін Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған спортшы Денис Тенді өлтірген адамдардың жазасын өзгеріссіз қалдырды.

    Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов тамыз айында Жоғарғы сотқа оларды ақтауды сұрап, шағым түсірген болатын.

    «Сот олардың шағымын қараудан бас тартты», — деп хабарлады Жоғарғы сот.

     

    Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өлген.

    Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.

  • Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға келді

    Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға келді

    Ақорда жазғандай, Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

    «Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады», — деп жазған Ақорда.

  • «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылына байланысты Флоридадағы қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің айтуынша, стипендиаттардың барлығы дүлей дауыл туралы хабардар. Жағдай ушығып кетсе, жедел әрекет ету үшін студенттермен тұрақты байланыс бар.

    Қазір штаттағы мемлекеттік ЖОО-да Қазақстаннан 31 стипендиат білім алуда. Ал BBC мәліметінше, АҚШ-тың Флорида штатына жақындап қалған дауылға байланысты аймақта 5 млн-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

  • АҚШ-тың Флорида штатында 100 жылда болмаған «Милтон» дауылы соқты

    АҚШ-тың Флорида штатында 100 жылда болмаған «Милтон» дауылы соқты

    АҚШ-тың Флорида штатына өңірде соңғы 100 жылда болмаған ең сұрапыл «Милтон» дауылы соққы берді.
    Күші 5-ші санатта болған дауыл штатқа жеткенде 2-категорияға дейін бәсеңдеген. Қазір желдің жылдамдығы сағатына шамамен 200 шақырымға жетті. Миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Билік ұйымдастырған уақытша паналарға 70 мыңдай адам көшірілді. Аймақта күшТі желмен қоса нөсер жауын жауды. 19 мәрте құйын көтерілген. Бұған қоса, қалыңдығы 4 метрге дейін жететін толқын көтерілуі, әрі су тасқыны жүруі мүмкін екені ескертілді.

    «Милтон аса қауіпті. Жолда кездескеннің бәрін қиратып, өмірге қауіп төндіріп тұр. Ол күшеюі мүмкін. Дауыл соққы берген аймақ тұрғындарын жергілікті әкімшілік өкілдеріне құлақ асып, қауіпсіздік нұсқауларын орындауға шақырамын», — АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДЖО БАЙДЕН.

  • Ақмола облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті

    Ақмола облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті

    Ақмола облысында электровозбен жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға кеше кешке Сұрған станциясының Есіл-Құсмұрын учаскесінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтауда. Оқиға орнынДа қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

    Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

    2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің шығынын төлеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге теңге бөлінді.

    Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазандағы мәліметке сай, шағын және орта бизнестен жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 764 өтініш түскен.

    «630 өтініш бойынша шамамен 12 млрд теңге сомаға оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтініш иесіне ақша аударылды», -деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

    Дереккөзге сүйенсек, өтініштердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан түскен.  Батыс Қазақстан облысынан 87 өтініш, Қостанай облысынан 68 өтініш, Ақтөбе облысынан 51 өтініш, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтініш қабылданған.

  • Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

    Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

    Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

    «Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген.»

  • Еліміздің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

    Еліміздің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

    «Қазгидромет» РМК ел аумағында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

    Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі.

    Тек оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

    «Павлодар, Ақмола облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

    Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктері мен шөлді аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының, солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  • 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді

    2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді

    2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді.Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді қылмыстық, азаматтық, әкімшік процестік кодекстерге және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Енді әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді. Тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.

    «Кассациялық соттапрдың істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайтын болады. Сот процессі тараптардың шақырылуымен және ауызша жүргізіледі.Тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгермек. Оның қызметі сот практикасын зерделеп, қорытуға, және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына негізделетін болады», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты — Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Снежанна Имашева.