Динара Сәтжанның «Late night show» жобасында белгілі актер Тәуекел Мүсілім мен оның жары Махаббат Мүсілім қонақ болды.
Бағдарлама барысында Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісіп, үшінші сәбилерін күтіп жүргендерін мәлім етті.

Динара Сәтжанның «Late night show» жобасында белгілі актер Тәуекел Мүсілім мен оның жары Махаббат Мүсілім қонақ болды.
Бағдарлама барысында Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісіп, үшінші сәбилерін күтіп жүргендерін мәлім етті.

Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.
Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.
Бұл кәсіпорын Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші болып табылады және өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітті.
Дереккөзге сүйенсек, осы іс аясында пара беріп отырған адамға сот 2018 жылы 672 млн теңге айыппұл төлесін деген жаза бекіткен. Алайда ол уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.
«Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Тергеп-тексеру барысында бұл адамның айыппұлдан жалтаруына көмектескен тағы бір тұлға анықталды», – деп хабарлайды прокуратура.
Үкім заңды күшіне енген.

Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Біздің команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов.
Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен толықты: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge. Бұдан басқа Әл-Хорезми атындағы Outstanding Supporter номрнациясында күміс медальмен отандық USTEM FOUNDATION жас инженерлерге көрсеткен қолдауы үшін марапатталды.
«Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі», – дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» РҒПО-ның, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен робототехникадан іріктеу кезеңдерінде құрылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, күзгі орақ кезінде 150 мыңға жуық трактор мен 36 мыңнан астам комбайн егін орған.
«Жалпы алғанда, 10,7 млн гектар жерден 15,2 млн тонна бидай, 1,9 млн гектардан 3,3 млн тонна арпа, бастырылды, 158,2 мың гектар жерден 250 мың тонна сұлы жиналды», — деп жазады АШМ.
Айта кетейік, биыл шаруаларға көктемгі және күзгі егін науқаны үшін жеңілдікпен 580 млрд теңге қаржы бөлінген.

18 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева өз спорттық мансабында ITF World Tennis Tour санатындағы екінші атағын жеңіп алды.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Жиенбаева (781 WTA) әйелдер арасындағы кәсіби турды бағындырып келеді. Қазақстандық Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды. Финалда Соня британдық Алиса Джиллианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен ұтты.
«Қадірлі жеңіске жету жолында Соня турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын жеңді», – деді ҚТФ.
Бұл Жиенбаеваның ересек әйелдер турындағы мансабындағы екінші жалғыз жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық қыз Анталияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын. Дүйсенбі күні қазақстандық спортшы WTA-ның жаңартылған рейтингінде рекордтық 753-орынға көтеріледі.

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығындағы бірқатар азамат пара алды деген күдікке ілініп, 2 айға қамауға алынды.
Сот М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры Қайрат Нұрманбетовке, университеттің қаржы басқармасының басшысы Айгүл Сәрсенбаева мен оның күйеуі Б.Төлебековке, сондай-ақ пара беруші – «Галамстрой Групп» ЖШС директоры Ұлан Байтиковке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Апелляциялық сот шешімді күшінде қалдырған. Ал Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов пен оның екі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік беруден бас тартты.
Еске сала кетсек, Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

ҚР ІІМ төтенше жағдай кезінде полицейлердің жанып жатқан кафеден адамдарды қалай эвакуациялағаны түсірілген видео жариялады.
«28 қыркүйекте Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері бұл оқиғаның куәсі болды. Полицейлер Диас Абитбек, Нұржан Ысқақов және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмекке асықты», — делінген хабарламада.
Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды жанып жатқан ғимараттан эвакуациялай бастағаны атап өтілді.
«Адамдар өз күштерімен сыртқа шықты, бірақ іште қалып қойғандары да болды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкім қалмағанын тексердім. Бақытымызға орай, ол жерде ешкім болған жоқ. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, біз оларға үй-жайда төрт газ баллоны бар екенін ескерттік», — деді Диас Абитбек.
Ведомство оларға төнген қауіпке қарамастан, полиция қызметкерлері жоғары кәсібилік пен батылдық танытқанын атап өтті.
«Олардың әрекеттері аса ауыр зардаптардың алдын алды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті», – деп қорытындылады ІІМ.
Бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданында екі қабатты үйге бекітілген кафеде газ баллонының жарылғаны хабарланған болатын.

Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар зорлаған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалмақ. Әйелге желіде қызына қастандық жасағандар туралы ақпаратты айтқаны үшін айып тағылды.
Оқиға туралы қыздың анасы “Не молчи” қорына айтып берген. Деректерге сүйенсек 6 шілде күні анасы 5 жасар қызына жаңа велосипед әкеліп қуантпақ болған. Ойнап жүрген қызын біраз іздеп таба алмаған. Кейін қызы алба-жұлба киіммен қолында бір қап ойыншықтармен өзі үйге қарай келген.
– Анасы қатты қорққанынан қызына ұрысқан. Қазір сол әрекетіне қатты өкінеді. Себебі ол кезде қыздың да жағдайы нашар болған. Ол ештеңе айтпаған және тұйықталып қалған. Кейін біраз күннен соң ғана болған жайтты атасына айтып берген.
Анықталғандай үш бала бүлдіршінді қамыс арасына әкетіп екеуі ұстап тұрып, қыздың жыныс мүшелерін ұстаған. Қарсыласып жылағанда таспен ұрған. Үш ұл да қызға зорлық көрсеткен. Кейін ешкімге айтпауы үшін бір қап ойыншық берген, – делінген жазбада.
Астана адвокаттар алқасының адвокаты Илья Лунев бұл оқиғаның күтпеген жалғасы болғанын жазды.
– 14 жасқа дейінгі балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны белгілі, сәйкесінше қылмыс жасағандар ешқандай жазаға тартылмады. Мұны жақсы түсінсе де тергеу әлі де шексіз сараптамалар жасап, жауап алуда. Жәбірленуші қыздың жанын одан әрі жаралауда. Енді бес жасар жәбірленушінің анасының үстінен чаттардың бірінде ұлдардың есімдерін атағаны үшін қылмыстық іс қозғағысы келеді, – деп жазды заңгер Instagram желісінде.
Лунев Қылмыстық кодекстің 423-бабы «сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы туралы мәліметтерді жария ету» туралы айтып отырғанын түсіндірді. Қыздың анасы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жетісу облыстық ПД мәліметінше, Латвиядан келген ерлі-зайыптылар Кербұлақ ауданындағы Ақтау тауларында адасып кеткен. Ерлі-зайыптылардың Қазақстанға туристік визамен 25 қыркүйекте Алтын Емел ұлттық қорығындағы тау жотасына бару үшін келгені белгілі болды.
«Ерлі-зайыптылар кездейсоқ негізгі топтан артта қалып, байланысын жоғалтты. Іздестіру шараларына Кербұлақ аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары, еріктілер мен орманшылар тартылды. Іздеуде тікұшақ пен дрондар пайдаланылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жоғалған туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде табылды. Ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.
Құтқарылған шетелдіктер оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық іздеушілердің жоғары кәсібилігін атап өтті.