Жетісу облысында Латвиядан келген туристер құтқарылды

Жетісу облыстық ПД мәліметінше, Латвиядан келген ерлі-зайыптылар Кербұлақ ауданындағы Ақтау тауларында адасып кеткен. Ерлі-зайыптылардың Қазақстанға туристік визамен 25 қыркүйекте Алтын Емел ұлттық қорығындағы тау жотасына бару үшін келгені белгілі болды.

«Ерлі-зайыптылар кездейсоқ негізгі топтан артта қалып, байланысын жоғалтты. Іздестіру шараларына Кербұлақ аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары, еріктілер мен орманшылар тартылды. Іздеуде тікұшақ пен дрондар пайдаланылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жоғалған туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде табылды. Ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Құтқарылған шетелдіктер оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық іздеушілердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *