Рубрика: Жаңалықтар

  • Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Жанжал 7 қыркүйекте орын алған. 48 жастағы ер адам мас күйінде 32 жастағы туысын пышақтап тастаған.

    Полиция күдіктіні ұстады, суық қару тәркіленді. Іс ҚР ҚК-нің 106-бабына сәйкес жүруде.

    Ер адам 8 жылдан 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

  • Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

    Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

    2022 жылы Түркістан облысының танымал блогері Мұрат Әбділдә әлеуметтік араздық тудырғаны үшін түрмеге қамалған болатын. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.

    Блогер бұрын екі рет жауапқа тартылған, бірақ сот оған кешірім жасаған. Үшінші рет оған әлеуметтік араздықты тудырды деп 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге
    мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

    Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

    «Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады»,- делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

  • Түрік отбасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

    Түрік отбасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін Қазақстанға келген түрік отбасы елден алған әсерімен бөлісті.

    «Қазақстан туында неге күн бар екенін енді түсіндік. Бұл жақта күннің шығуы мен батуы өзгеше әдемі»,- деп жазған түрік саяхатшы отбасы өздерінің желідегі парақшасында.  https://www.instagram.com/oralarnereler/

    Бурак пен Идил Қазақтан жайлы бірнеше фото, виидео салып, алған әдемі әсерлерімен бөліскен.

    Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін  түрік отбасы  Анкарадан автобуспен шыққан.  Олар елордаға дейін 5400 шақырым жол жүріп келді.

    Ерлі-зайыпты Идил мен Бурак екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамыз күні шыққан. Олар Түркия, Грузия, Ресей, Татарстан арқылы 21 қонақта жетті.

     

  • JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    Ұлттық банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

    Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.

    Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

  • Премьер-Министр барлық мектептердің асханасын тексеруді тапсырды

    Премьер-Министр барлық мектептердің асханасын тексеруді тапсырды

    Премьер-Министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдады.

    Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

    Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді.

    Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының мамандары жіберілді.

    Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.

    №8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.

  • ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.

    Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталды.  Шарт жасау кезеңінде төтенше жағдай шарт жасасуға негіз болмағаны анықталды.

    Атап айтқанда, ЖАО осындай шартпен қар шығару, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

    Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

  • Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Премьер-Министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады.

    Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында. Оның 83-і ауруханаға жатқызылды. 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

    Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.

    №8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.

  • Қазақстандық 15 тонна бұрыш Ресей шекарасында кері қайтты

    Қазақстандық 15 тонна бұрыш Ресей шекарасында кері қайтты

    Ресейдің Челябинск облысына Қазақстаннан жеткізілген 18 тонна тәтті бұрышты өткізуге тыйым салынды.

    «Қазақстаннан РФ-ға тәтті бұрыш жеткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Тыйым салуға карантиндік фитосанитарлық талаптардың сақталмауы себеп болды. Бұрыштың көп бөлігі таңбаланусыз және қаптамасыз тасымалданған», — делінген 6 қыркүйекте жарияланған хабарламада.

    Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының мәліметінше жүк Қазақстанға кері қайтарылды. Ал тасымалдаушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

  • Ақтөбеде ірі кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

    Ақтөбеде ірі кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

    Ақтөбенің Хромтау ауданында табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде хром кенін өңдеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

    Атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың қалдықтары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде  ірі кесек және байыту қалдықтары нормадан жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

    Кәсіпорынға қызметін экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.