Рубрика: Жаңалықтар

  • Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие алуға шектеу қойылуы мүмкін

    Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие алуға шектеу қойылуы мүмкін

    Қазақстанда мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтардың несие рәсімдеуіне шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған қаулы жобасында айтылған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында ақпарат алмасу тәртібі айқындалған. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы, сондай-ақ олардың қызметтен босатылғаны жөніндегі мәліметтер кредиттік есепте көрсетілетін болады.

    Жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш берген әскери жасындағы азаматтың мәртебесін міндетті түрде тексеруі тиіс. Егер кредиттік есепте оның мерзімді әскери қызметте жүргені туралы ақпарат болса, қаржы ұйымы несие беруден бас тартуға міндетті.

    Агенттік өкілдерінің мәліметінше, бұл шаралар әскерге шақырылған азаматтарға бұрын алынған қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруды қамтамасыз етуге және әскери қызмет кезінде қаржылық жүктеменің артуына жол бермеуге бағытталған.

    Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

    Бұған дейін Қарулы күштер Бас штабы мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібіндегі өзгерістер туралы ақпарат берген болатын.

  • Қонаевта қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың деңгейі 90%-ға жетті

    Қонаевта қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың деңгейі 90%-ға жетті

    Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    2025 жылы бірқатар ірі жобалар басталып, кейбірі өз мәресіне жетті. Оның ішінде «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырым жол салынды. Мұнда жол бойы толығымен жарықтандырылып, қалашықтың алдында автотұрақ ұйымдастырылды.
    Ал «Қарлығаш» ықшамауданында 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұл ауданда 8,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ көше бойы жарықтандырылады. Жоба биылғы жылға өтпелі.

    Кешенді даму жоспарына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округі бойынша 29,2 шақырым жол жөнделді:
    Кербұлақ ауылы – 8,1 км (19 көше)
    Сарыбұлақ ауылы – 9,2 км (14 көше)
    Ақөзек ауылы – 4,0 км (6 көше)
    Қосқұдық ауылы – 7,7 км (8 көше)

    Жолдарды күтіп ұстау бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:
    • 4000 шаршы метр шұңқыр жамалды,
    • 1300 метр жерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,
    • 520 дана жол белгісі, 14 жасанды жол дөңесі орнатылды.

    Жобалардың жүзеге асу нәтижесінде қанағаттанарлық және жақсы деңгейдегі жолдың деңгейі 90%-ға жетті.

  • Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

    Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

    Қонаев қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіммен сипатталуда. Негізгі көрсеткіштер бойынша шаһарда инвестициялық белсенділік артқан, өндіріс көлемі ұлғайған және кәсіпкерлік секторы нығая түскен.

    Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 146,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 млрд теңгеге артық, яғни қала экономикасына салынған қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайды.

    Өнеркәсіп саласында да оң динамика қалыптасты. Қаладағы өндіріс орындары бір жыл ішінде 90,8 млрд теңгеге өнім өндіріп, өңдеуші сектордың әлеуеті артқанын көрсетті.

    Шағын және орта бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Қонаевта 6718 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аталған сектордан бюджетке 39,2 млрд теңге салық түсіп, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 439,4 млрд теңгеге жетті.

    Алдағы жылдары Қонаевта жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 40-тан астам ірі инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Жаңа Іле» аумағында академиялық қалашық салу, қонақ үйлер мен демалыс аймақтарын дамыту, эко-саябақтар мен өндірістік нысандар салу жобалары бар.

    Қазіргі таңда бірқатар жобалар бойынша жер учаскелері анықталып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Өткен жылы қалада үш түрлі өнім шығаратын жаңа зауыт өз жұмысын бастады.

    Қазір кардиологиялық орталықтың, Алматы–Өскемен автожолы бойындағы бұрынғы ойынхана аумағында қонақ үй кешенінің, жанар-жағармай бекетінің және аквапарктың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

    Ал 2026 жылы «Новая АЗС» ЖШС – «Compass» жанар-жағармай бекетін, «Белес» ЖШС – кірпіш зауытын, «Hilton» халықаралық қонақ үйін, «Alidar» ЖШС – мектепке дейінгі білім беру нысанын салуды бастайды.

    Ауыл шаруашылығы саласында да оң үрдіс байқалады. 2025 жылы бұл саладағы өнімнің жалпы көлемі 21,7 млрд теңгеге жетті. Негізгі көрсеткіштер бойынша жылқы басы 21,4%-ға, ет өндірісі 29,8%-ға, сүт өндірісі 21,7%-ға, жұмыртқа өндіру 41,6%-ға артты.

    Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 11 769,3 гектарды құрады. Егіс құрылымында жоғары рентабельді дақылдарға басымдық берілген. Биыл суармалы егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.

    2025 жылы Қонаевта 62 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 31,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда қала аумағында 11 жеке құрылыс компаниясы тұрғын үй кешендерін салуда.

  • СҚО-да өрт салдарынан бес жасар қыз бала қаза тапты

    СҚО-да өрт салдарынан бес жасар қыз бала қаза тапты

    Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Ольшанка ауылында болды. Тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бес жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz CHECK-POINT.KZ-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, баланың анасы азаматтық күйеуімен бірге пеш жағып, қонаққа кеткен. Осы уақытта бала үйде жалғыз қалған, ал есік сыртынан құлыпталған. Отбасының бұған дейін қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрғаны, ал көршілер баланың жиі қараусыз қалатынын айтқаны хабарланды.

    Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте екі пәтерлі тұрғын үйді өрт толық шарпыған, шатыр опырылған. Өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 11 техника бірлігі жұмылдырылды.

    Құтқару жұмыстары барысында үйінді астынан баланың мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі — пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы деп көрсетіліп отыр.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қаза тапқан баланың анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

    Өрт салдарынан үйдің екінші бөлігінде тұрған көршілер де баспанасыз қалды.

  • Шабандар 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем ала алады: Үкімет мал шаруашылығын дамыту жоспарын мақұлдады

    Шабандар 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем ала алады: Үкімет мал шаруашылығын дамыту жоспарын мақұлдады

    Қазақстан үкіметі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспарының жобасын мақұлдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Құжат ет өндірісін арттыруға, мал басын көбейтуге және экспортты кеңейтуге бағытталған. Бұл үшін жеңілдікті қаржыландыру және саладағы еңбек жағдайын жақсарту шаралары қарастырылған.
    Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін:
    •ірі қара малының басын 7,9 миллионнан 12 миллионға дейін көбейту жоспарланып отыр;
    •ұсақ мал басын 20,2 миллионнан 28 миллионға жеткізу көзделген;
    •ет өндірісін 1,2 миллионнан 1,8 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған;
    •ет экспорты шамамен екі есеге өсіп, 82 мыңнан 165 мың тоннаға жетеді.
    Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қаржылық қолдау шаралары кешені қарастырылғанын айтты. Атап айтқанда, жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары іске қосылады:
    •барлық түрдегі ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды басын сатып алу үшін 6% жылдық мөлшерлемемен — 300 млрд теңге;
    •көшпелі мал шаруашылығын және жайылым инфрақұрылымын дамытуға 6% жеңілдетілген біртұтас несие — 50 млрд теңге;
    •жем дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 5% жеңілдетілген қаржыландыру — 50 млрд теңге;
    •мал шаруашылығында айналым қаражатын толықтыруға 5% несие — 225 млрд теңге.
    Қаржылық қолжетімділікті кеңейту үшін несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендіріледі.
    Құжатта сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсарту шаралары да бар. Соның ішінде шабандар мен чабандарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем беру құқығы қарастырылған. Төлемнің нақты механизмі әзірге жарияланбады. 2023 жылы осындай қолдау шарасы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін шахтерлерге енгізілген еді.
    Сонымен қатар жоспар экспорттық нарықтарға шығу үшін ветеринарлық қауіпсіздікті күшейтуді міндетті шарт ретінде белгілейді: ветеринарлық нысандарды жаңарту, сауда алаңдарында күнделікті бақылау және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру көзделген.
    Премьер-министр жоспарды іске асыру ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығару міндеті қойылды.
    Айта кетейік, премьер пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы жерлерін тәркілеуді еске салды. Айдарбек Сапаровтың сөзінше, үш дәнді дақыл өсіретін өңірде 330 шаруашылық қатаң бақылауда тұр. Ережелер бұзылған жағдайда жерлер мемлекеттік қорға қайтарылады да қайта бөлінеді.
  • Жетісуда балаға қол жұмсаған ана туралы Балаларды қорғау комитеті пікір білдірді

    Жетісуда балаға қол жұмсаған ана туралы Балаларды қорғау комитеті пікір білдірді

    Жетісу облысында балалар қатысқан оқиға бойынша тергеу-құқықтық әрекеттер басталды, деп хабаралайды Sona.kz KazTag-қа сілтеме жасап.

    Комитет мәліметінше, оқиғаға қатысқан ана ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    «Осы факті бойынша тергеу-құқықтық әрекеттер жүргізілуде. Ана ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

    Комитеттің айтуынша, балалар қазір қауіпсіз жерде. Жәбірленген балаға қажетті медициналық көмек көрсетілген, барлық балалардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Оларға психологтық қолдау көрсетілуде.

    Қамқоршылық және қорғаншылық органдары заңда белгіленген тәртіппен ананың ата-аналық құқықтарын шектеу мәселесін қарастырады. Жағдай өңірлік бала құқықтары бойынша өкілі бақылауында.

  • Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, 30 млн теңге ұрланды

    Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, 30 млн теңге ұрланды

    Алматыда белгісіз біреу пәтерге басып кіріп, әйелді байлап, қылмыстық әрекет жасады. Жәбірленушіден қымбат бағалы әшекей бұйымдар мен 30 млн теңге көлеміндегі жинақтар ұрланған, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Полиция оқиғаға дереу әрекет етіп, қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ретінде екі адам ұсталды. Олардың үстінен “Разбой” бабы бойынша қылмыстық іс ашылды.

    Тергеу барысында күдіктілер ұрланған ақшаның көп бөлігін қайтарған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары олардың басқа ұрлықтармен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.

  • Шымкентте М.Әуезов атындағы университетте бюджет қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

    Шымкентте М.Әуезов атындағы университетте бюджет қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

    Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz.

    Агенттік мәліметінше, күдіктілер қатарында университеттің бұрынғы бірінші проректоры, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары, өндірістік-техникалық бөлім қоймасының меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.

    Тергеу барысында күдіктілер мемлекеттік сатып алу бойынша жалған келісімшарттар жасағаны анықталған. Бұл келісімдер аясында тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе нарықтық бағадан бірнеше есе қымбат бағада сатып алынған. Аударылған қаражат аффилирленген жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына түсіп, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

    АФМ келтірген дерекке сәйкес, осы схема арқылы университет басшылығы құны 20 млн теңге болатын бір кресло сатып алған, ал оның нарықтағы бағасы 200 мың теңгеден аспайды.

    Нақты жеткізілімдердің болмағанын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлы-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды ары қарай пайдалана берген. Ал олардың орнына келуі тиіс жаңа тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген.

    Аталған заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеген.

    Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне  төрт тұрғын үйге, бір автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі қаражатқа тыйым салынды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Талғар ауданында жас әйел бір айдан бері табылмай жатыр

    Талғар ауданында жас әйел бір айдан бері табылмай жатыр

    Алматы облысының Талғар ауданында жас әйелдің жоғалып кеткеніне бір айдан асты. Жоғалған азаматшаға қатысты бағыттаманы LIDER.KZ іздестіру жасағы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Еріктілердің мәліметінше, 1993 жылы туған Тахирова Асель Бахытғалиқызы 2025 жылғы 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан «Большая семья» бауырластық күтім үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

    Белгілері:
    бойы 160–165 см, орташа денелі, шашы ұзын, қара түсті. Айқын қылилығы бар, қолдарында кесілген жарақаттардың іздері байқалады, бел тұсында иероглиф бейнесіндегі татуировкасы бар.

    Жоғалған күні басында қызыл бас киім, үстінде қара түсті ұзын күртеше, көгілдір джинсы шалбар және жасыл етік болған.

    Еріктілердің айтуынша, әйел бағдарын жоғалтуы мүмкін және психикалық сырқатпен ауырады. Оны көрген немесе қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан полицияға немесе LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.

  • Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды

    Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды

    Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Алғашқы сот отырысы 19 қаңтар күні өтуі тиіс болған, алайда кейінірек іс Суд кабинетіндегі қаралатын істер тізімінен алынып тасталған, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz.

    «Бүгін сот процесі болмайды, отырыс белгісіз мерзімге шегерілді», — деп хабарлады ведомстводан.

    Еске сала кетейік, аталған іс бойынша айыпталушы Ербол Кәукетай. Қылмыстық істі судья Айжан Күлбаева қарайды.

    Сот отырысының жаңа күні кейінірек хабарланатын болады.