Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Шерзаттың ағасы Тоқаевқа үндеу жолдады

    Шерзаттың ағасы Тоқаевқа үндеу жолдады

    Сот Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әпкесін 15 күнге қамаған еді. Қаржаубай Нұрымовтың туысы Бақыт Реймова «жұртты митингіге шақырды» деп айыпталды. Бұған қоса, басқа елдің азаматы болғаны үшін Қазақстаннан депортацияланбақ. Осы жағдайдан кейін, Бақыт Реймовтың ұлы Мейірбек Бақытұлы Тоқаевқа үндеу жолдады. Жасөспірім анасының жалғыз асыраушысы екенін мәлімдеді.

    «Менің анамды сот 15 тәулікке қамады. Және Қазақстан аумағынан шығармақшы. Менің анам Реймова Бақыт менің жалғыз асыраушым. Мен кәмелет жасына толмаған баламын. 11-сынып оқимын», – деді Мейірбек Реймов.

    Бақыт Реймованың перзенті анасының Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ екенін айтты.

    «Менің анамнан басқа ешкімім жоқ. Мені анамнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ. Біз қазақпыз. Егер сот анамды Қазақстан аумағынан шығаратын болса, мен анамды 5 жыл көре алмаймын», – деді ол.

    Жасөспірім Тоқаевқа үндеу жолдай отырып, бұл мәселеге өзі араласуын сұрады.

  • Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

    Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

    Polisia.kz мәліметінше, алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, көптен күткен баспанасына ие бола алмады. 2 миллион теңгеден астам соммаға алданып қалды.

    Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.  Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды.

  • 3 облыста жол жабылды

    3 облыста жол жабылды

    Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

    Алматы облысы: 

    • Биыл 20 желтоқсан сағат 07:00-де республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру», (Тұздыбастау ауылы – Бесқайнар ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді;

    Жамбыл облысы:

    • Биыл 20 желтоқсан сағат 09:00-да республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды;

    Түркістан облысы:

    • Биыл 20 желтоқсанда сағат 09:00-да республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан – Қарабұлақ ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.
  • Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

    Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

     Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті.

    Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президентке оларды зейнеткерлікке шығатын болған соң, босату туралы ұсыныс жасады.

    «Судьялар зейнеткерлік жасқа жетті. Сот жұмысында 28-37 жылдық тәжірибелері бар. Кәсіби ортада құрметтері бар», – деді Малахов.

    Сонымен қатар сенаторлар Жоғареы есеп палатасының мүшесі Рашид Ахметовты босату жайлы мәселені де қарастырды.

    «2022 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, одан кейін Жоғарғы аудит басқармасының мүшесі болды. 81-тармаққа сәйкес ескерту. Сенат Регламентінің 4-тармағына сәйкес Қаржы және бюджет комитеті Парламент Сенаты тағайындаған Жоғарғы Төрелік Соттың мүшесі Рашид Сайранұлы Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатуды ұсынады», – деп түйіндеді сөзін депутат.

  • Көліктерді заңсыз тіркеп, мемлекетке 400 млн теңге шығын келтіргендер сотталды

    Көліктерді заңсыз тіркеп, мемлекетке 400 млн теңге шығын келтіргендер сотталды

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысында жалған құжаттар қолданып, 55 автокөлікті заңсыз тіркегендерді анықтады. 

    Сотталушылар 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырған.

    Бұл әрекеттер мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    «Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі – Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді», делінген хабарламада.

  • Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

    Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

    Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

    Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.

    – Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй — коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, – деді Б. Исабаев.

  • Анасын балағаттаған Петропавл тұрғыны қамауға алынды

    Анасын балағаттаған Петропавл тұрғыны қамауға алынды

    Солтүстік Қазақстан облысында анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Петропавл.news.

    48 жастағы жергілікті тұрғын анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Ол бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған.

    Ер адамға 30 күн ішінде анасына қатысты физикалық және психологиялық азап келтіретін немесе оған қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салынған болатын. Бірақ ер адам бұл тыйымды ескермеді. Ер адам ішімдікке сылқия тойып, анасымен тағы жанжалдасқан.

  • Игерілмей жатқан 12,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

    Игерілмей жатқан 12,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

    2022 жылдан бастап пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген 12,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды.

    АШМ ақпаратына сәйкес, қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн гектар аумақта жерді игеруге кіріскен. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары да қайта бөлінді.

    Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау.

    Сондай-ақ, қазір президенттің тапсырмасына сәйкес, салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталып жатыр.

  • Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар – Сыртқы істер министрлігі

    Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар – Сыртқы істер министрлігі

    Қазір Сирияда Қазақстанның 33 азаматы тұрып жатыр, оның көбі әйел. Бұл туралы бүгін сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті.

    Журналистер Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.

    «Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады», – деді ол.

    Журналистердің нақты неше адам деген сұрағына жауап берген Бақаев «қателеспесем, 33 адам бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», – деп жауап берді.

  • Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады?

    Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады?

    Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығады. Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген  ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.

    Ол алдымен тергеушілер Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған.

    «Ал, Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі болйынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», – деп мәлім етті ол.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 11 желтоқсан күні қолға түскен болатын.  Ол полицияның көлігіне зиян тигізді деп айыпталған еді.