Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

    Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

    Синоптиктердің болжамынша,  бүгін циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде күн құлымалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.

    Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

    Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -6…-8°C.

    Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.

    Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз + 4…+6°C.

  • Президент Энергетика министріне АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Президент Энергетика министріне АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Бұл туралы Ақорда сайты жазды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

    Жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

    Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

    Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

  • Алматы облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты

    Алматы облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты

    Алматы облысында облыстық патрульдік полиция батальонының қызметтік инспекторы, полиция аға лейтенанты Шалқар Байжомартов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты.

    Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 22 желтоқсан күні полицейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткенін мәлімдеді. Шалқар Байжомартов ішкі істер министрінің бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

    Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. Toyota Camry 35 көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай, патрульдік полиция қызметкерін қаққан. Жүргізуші инерциямен полиция көлігіне де соқтығысқан.

    «Ішкі істер министрлігі мен Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы марқұмның жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адалдығы мен үлесін әріптестері мен тұрғындардың жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті. Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз»,– делінген хабарламада.

  • Сирияда террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды

    Сирияда террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.

    Ақпаратқа сәйкес, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылып, елге жеткізілген әрі қамауға алынған.

    Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы), – делнген ҰҚК хабарламасында.

    Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

  • Биыл Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су толтырылды

    Биыл Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су толтырылды

    Биыл Балқаш көліне өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілген. 

    Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су толтырылған. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түскен. Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.

    «Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су келді. Осының арқасында, бақылау тарихында алғаш рет бұл су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне жетті» делінген хабарламада.

    Министрлік су дипломатиясы, суды дәл бөлу және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы еліміздің оңтүстігінде су балансын жақсартуға қол жеткізді.

    «Біз әрқашан су ресурстарын бөлуде экономиканың қажеттіліктері мен су нысандарының экожүйесін қолдау арасындағы дұрыс тепе-теңдікті іздейміз. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушыларға кері әсерін тигізбестен үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жақсарады. Оның ішінде суды сауатты басқару және тұтынуға басымдық беретін жаңа нормативтік-құқықтық база құру есебінен де нәтижеге жетуге ниеттіміз», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

  • Астанада өгей балаларын қорлаған әке 5 күнге қамалды

    Астанада өгей балаларын қорлаған әке 5 күнге қамалды

    Астанада өгей балаларымен жанжалдасқан әке 5 тәулікке қамалды. Сот өгей балаларына күн көрсетпеген әкеге отбасы қатынастарындағы ең қатал жазаны тағайындаған, ол 5 күнге қамалды.

    «Сот М-ның пәтерде бола отырып, отбасы мүшелерін қорлап, оларға құрметсіздік танытып,  бірге тұратын өгей балаларымен жанжалдасып, сол арқылы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасағанын анықтады», — делінген хабарламада.

     

  • Семейде мұғалім шырша орнатуға көмектесіп, жансақтау бөліміне түсті

    Семейде мұғалім шырша орнатуға көмектесіп, жансақтау бөліміне түсті

    Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қазір тұрақты. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген.

    Науқасты ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.

    – Ауруханаға түскенде есін біліп жатты. Оң жақтағы париетотемпоральды аймақтың субдуральды гематомасы диагнозы қойылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі. Неврологиялық тапшылық жоқ. Гемодинамика тұрақты, – дейді ведомство.

    Еске салайық, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды.

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.

  • Алматыдағы атысқа байланысты полиция түсініктеме берді

    Алматыдағы атысқа байланысты полиция түсініктеме берді

    Оқиға 22 желтоқсан таңғы сағат 04:34 шамасында 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақ маңында болған.

      Алматы қалалық Полиция департаменті атыс болғанын растамады.

    – Медеу аудандық Полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

  • Шерзат ісі: қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жолдады

    Шерзат ісі: қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жолдады

    Мәлімдемеге Қазақстанның әр өңірінен 78 адам қол қойған. Олардың барлығы Тоқаевтан Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы тергеу жүргізуді сұрайды.

    Сонымен қатар, арызданушылар Ішкі істер министрлігі, прокуратура, сот-медициналық сараптама және басқа да органдардың барлық өкілдерін олардың қылмыспен және кәсіпкерлікпен ықтимал байланыстары туралы тергеу аяқталғанға дейін осы істен шеттетуді талап етуде.

    «Жәбірленушілерге  қысым көрсетуді тоқтатыңыз және олардың қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенция бойынша міндеттемелерін, соның ішінде қорғау, өмір сүру және Шерзат ісінің әділ тергеу құқығын толықтай бақылауға алыңыз» делінген хатта.

    Қайғылы оқиға 2 айдан астам уақыт бойы жәбірленушінің отбасына жүйелі қысым көрсетумен қатар жалғасып жатқаны атап өтілді.

    Қоғам белсенділері бұл «биліктің қылмыс пен бизнесті ажырата алатынына үлкен күмән тудыратынын» атап өтті.

  • Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Астанада 23 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын соғады.

    Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

    Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

    Ақтауда 23 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

    23 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

    23 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

    Қарағандыда 23 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады.

    23 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

    Алматыда 23 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

    Қонаевта 23 желтоқсанда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

    23 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облыстың батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

    23 желтоқсанда күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

    23 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

    Павлодарда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

    23 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

    Шымкентте 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

    Түркістанда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

    23 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

    23 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

    23 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

    23 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

    23 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

    Петропавлда 23 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын соғады.