Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Аида Балаева: Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз

    Аида Балаева: Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз

    «Мен ақпараттық науқанды өте белсенді өтті деп сипаттаймын, өйткені атом электр станциясының жақтаушылары да, қарсыластары да бұл мәселеге қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын түсіндіріп, дәлелдеді. Бәрі ашық түрде жүріп жатыр. Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз, онда әркім пікірі мен көзқарасын білдіре алады», – деді Аида Балаева БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

    Сондай-ақ, ведомство басшысы референдум Президент бастамашылық еткен реформалардың арқасында болып жатқан елдегі үлкен өзгерістердің жарқын айғағы екенін атап өтті.

    «Бүгінгі референдум –  бұл біздің еліміздегі Мемлекет басшысының реформаларымен тікелей байланысты үлкен әрі түбегейлі өзгерістердің дәлелі», –  деп толықтырды ол.

  • Референдум: 7 млн адам дауыс берді

    Референдум: 7 млн адам дауыс берді

    АЭС бойынша референдум барысында 7 млн адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастация Щегорцова айтты. Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 16:00-дегі жағдай бойынша 7 062 358 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 57,68 пайызын құрайды.

    Оның ішінде:
    1. Абай облысы бойынша – 58,12%
    2. Ақмола облысы бойынша – 63,5%
    3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41%
    4. Алматы облысы бойынша – 64,09%
    5. Атырау облысы бойынша – 56,61%
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82%
    7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58%
    8. Жетісу облысы бойынша – 58,86%
    9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86%
    10. Қостанай облысы бойынша – 67,57%
    11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15%
    12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,7%
    13. Павлодар облысы бойынша – 58,7%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%
    15. Түркістан облысы бойынша – 70,73%
    16. Ұлытау облысы бойынша – 63,85%
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33%
    18. Астана қаласы бойынша – 46,3%
    19. Алматы қаласы бойынша – 20,57%
    20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48%

    Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық.

    Елімізде өтіп жатқан АЭС салуға қатысты референдум туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да хабар таратып жатыр. Осы мақсатта 200-ге жуық журналист әлемнің 37 елінен арнайы келген. Олар таңнан бері дауыс беру учаскелеріне барып, референдум барысын қадағалап жүр.

  • Референдум: екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Референдум: екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Референдумда сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасаған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл  салынды. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі  мәлім етті. Ал, жалпы қоғамдық тәртіпке қатысты заң бұзушылық тіркелмеген. Естеріңізге сала кетейік, Референдум күні былай дауыс бер деп үгіт-насихат жүргізуге және қалай дауыс бердің деп сауалнама жасауға болмайды.

    «Бүгін бұзушылықтың екі фактісі анықталды. Біріншісі жеке тұлғаның қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуіне қатысты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған тиіссі айыппұл салынды. Екіншісі — заңсыз үгіт. Мұнда азаматтық адамға осы Кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады», — деді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қараманов.

    Спикердің айтуынша, республикалық референдум процесі қалыпты жағдайда өтуде.

    Референдум учаскелеріне 18 мың полицей жұмылдырылған. Бүгін құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

    «Бүгінде 33 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық үланның әскери қызметшілері тәулік бойы қызмет атқаруда. 10 мың дауыс беру учаскесіне 18 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Елдегі қоғамдық ахуал тұрақты екенін айта кеткен жөн. Қандай да бір өрескел бұзушылықтар тіркелген жоқ», -деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

    Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру орындарын бақылау жалғасуда.

     

  • Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Ер адам Алматы облысы Талғар ауданында тұрады. «Оның есімі символдық түрде ағымдағы оқиғаны – атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе бойынша дауыс беруді білдіреді», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

    Сайлаушының өзі айтқандай, бұл күн ол үшін дауыс беру күні ғана емес, өз жауапкершілігінің көрінісі ретінде де маңызды болды.

    Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша адам атом есімімен ерекшеленетінін бөліскен болатын.

     

  • Маңғыстауда әртістер «Алаш арыстары» образымен келіп, дауыс берді

    Маңғыстауда әртістер «Алаш арыстары» образымен келіп, дауыс берді

    Маңғыстаудағы референдум учаскесінде Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды алаш арыстарының образын сомдаған актерлар дауыс берді.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін 6 қазан күні Алаш арыстарына арналған «Аманат» спектакілі сахналанады.

    «Ұлт көсемдерінің кейіпіндегі әртістер сайлау учаскелерін аралап, тарихи тұлғалардың өнегесін паш етті. Сайлау учаскелерінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды ұлт қайраткерлерінің және өкпе жыр жүйрігі Сүгір жырау Бегендікұлының кейіпіндегі өнер өкілдері елдің саяси бағдарын айқындайтын маңызды науқанға қолдау көрсетті», – деп жазды өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.

    «Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

    Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

  • «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

    Артист бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті. «Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.

  • Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 14:00–дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,77 пайызын құрайды.

    АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша — 52,99%
    2. Ақмола облысы бойынша — 54,91%
    3. Ақтөбе облысы бойынша — 52,85%
    4. Алматы облысы бойынша — 59,32%
    5. Атырау облысы бойынша — 52,91%
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,52%
    7. Жамбыл облысы бойынша — 48,80%
    8. Жетісу облысы бойынша — 55,42%
    9. Қарағанды облысы бойынша — 59,92%
    10. Қостанай облысы бойынша — 61,54%
    11. Қызылорда облысы бойынша — 54,13%
    12. Маңғыстау облысы бойынша — 46,19%
    13. Павлодар облысы бойынша — 49,18%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48%
    15. Түркістан облысы бойынша — 67,38%
    16. Ұлытау облысы бойынша — 59,65%
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,73%
    18. Астана қаласы бойынша — 45,19%
    19. Алматы қаласы бойынша — 16,91%
    20. Шымкент қаласы бойынша — 64,38%

  • Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Сағат 12:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті.

  • Роза Рымбаева: «Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн»

    Роза Рымбаева: «Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн»

    Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды. Роза Рымбаева іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, бүгін ел және әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.

    «Азаматтарымыздың референдумға қатысуы-Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгінде әрқайсымыздың өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында референдум қорытындысы бізге еліміздің қозғалысын дамыту векторын көрсетеді», – деді ол.