Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

    Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

    Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Астанада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

    Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

    Шымкентте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  • Астанаға отыз бір елден мәнерлеп сырғанаушылар жиналады

    Астанаға отыз бір елден мәнерлеп сырғанаушылар жиналады

    3-5 қазан аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді.

    Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады, олардың арасында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

    Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында екі санатта өтеді – жеке конькимен сырғанау және мұз биі.

    3 және 4 қазан күндері сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін көрерменге кіру тегін. 5 қазан күні сағат 19.30-да марапаттау рәсімі мен гала-шоу өтеді. Гала-шоуға кіру билеттер бойынша жүргізіледі.

    Жарыстың кестесі ұйымдастырушының, яғни «Денис Тен қоры» қоғамдық қорының @denistenfoundation ресми парақшасында жарияланады.

  • Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Атом станциясын негізінен дамыған елдер пайдаланады. Францияның тұтынып отырған электр энергиясының 69 пайызын АЭС беріп отыр.

    Бұл көрсеткіш Бельгияда 50, Швецияда 31, Швейцарияда 28, АҚШ-та 19 пайыз, деп жазады qazaqstan.tv.

    Соңғы мәліметтер бойынша, ең қуатты АЭС АҚШ-та. 94 реактор бар. Францияда 56, Қытайда 56, Ресейде 36, Жапонияда 33 реактор энергияны өндіреді.

  • Алматы облысында 170-тен астам сайт бұғатталды

    Алматы облысында 170-тен астам сайт бұғатталды

    Polisia.kz мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы шеңберінде Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталды. Жұмыс қорытындысы бойынша 117 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

    Операция барысында ақшаның заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жүзеге асырылған 177 жалған интернет-сайттарды бұғаттауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 млн 462 мың теңге сомадағы қаражат қайтарылды, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

    Криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Облыс тұрғындары мен қонақтарына онлайн-сатып алулар мен қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға, ал күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

  • Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС бойынша референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды. Бұл туралы Орталық реферундум комссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті.

    «3 қыркүйекте қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2024 жылғы 30 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Осылайша, барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Олардың арасында 30 шет мемлекеттің байқаушылары және 4 халықаралық ұйымның өкілдері бар», — деді Мұхтар Ерман.

    Сыртқы істер министрлігі 5 ірі халықаралық ұйымға шақыру жолдаған.

    17 қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бас кеңсесінен алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігін айта отырып, 6 қазанда референдум бойынша миссия жіберу мүмкіндігі жоқ деген жауап алдық. Қазір бақылауға қатысатын халықаралық ұйымдардың қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Жалпы референдумға 30 шет мемлекеттің өкілдері қатысады, — деді хатшы.

    Олардың арасында 4 елдің орталық сайлау комиссиясының төрағалары (Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан) да бар.

    Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар тарататынын атап өтті.

  • Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, автожолдың жаңа бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.

    Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойды. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Автожолдың көп бөлігі Ресей аумағы арқылы өтеді, егер көрші ел жол салуға келісім берсе, жаңа маршрут 837 шақырымды құрамақ.

    Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тас жолының ұзындығы 1 604 шақырымға дейін барады.

    «Жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болады», – деп атап өтті Көлік министрлігі.

  • Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

    Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

     

  • Антикор қызметкеріне пара берген имам қызметінен босатылды

    Антикор қызметкеріне пара берген имам қызметінен босатылды

    Оған қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен (пара беру) қозғалды.

    «Жергілікті мешіттің бірінде қызмет атқарған Н.-ға туысы С. хабарласады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері-жедел кезекшісі қызметін атқарған ол Н.-ға қатысты қызметтік хаттың бар екенін алға тартады. Сол мақсатта жалған жасалған қызметтік хатты көрсетеді. Онда сотталушы Н. діни теріс ағым өкілдерімен қарым-қатынаста және олардан ақша алып тұрады деген күдік бар екені мәліметтер бар. Оның екі әйелімен бірге тұратыны жазылып, бала-шағасын асырау үшін ақшаны қайдан алатыны және табыс көзі күмән тудыратыны жөнінде көрсетілген. Осындай мәтінмен жазылған хатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы орынбасарының атынан қол қойылып, мөр басылғандығы көрсетілген», – деп атап өтті Қызылорда қаласының №2 сотынан.

    Ведомство мәліметінше, өз кезегінде туысы сотталушыға хатта көрсетілген тексеру амалдарын жүргізбеу үшін пара ретінде 2 млн теңге талап еткен. Сотталушы Н. өзінің ешқандай теріс ағым өкілдеріне қатысы жоқ екенін айтып, өз қызметі бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тексеруді болдырмау үшін пара ретінде 1 000 000 теңге қолма-қол берген.

    «Алайда, ол өзінің және туысының әрекеті жөнсіз екенін ұғынып, өз еркімен осы қылмыс туралы арыз жазған. Туысы өзінің автокөлігі ішінде алған ақшасын кері қайтарып берген. Бұл жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен құжатталды. Сотталушы Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ал 367 баптың ескертуінде көрсетілген талапқа сәйкес және ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 12)-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды», – деп толықтырды соттан.

    Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төмендегіше түсініктеме берді.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне пара бергені үшін кінәлі деп танылған имам биылғы жылғы 12 қыркүйектен бастап жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығарылған. ҚМДБ өз қызметкерлерінің жеке өміріне араласпайды. Сондықтан имамның әйелінің саны туралы мәліметтер жоқ. Бұған байланысты ҚМДБ отбасын құру мәселелері бойынша ең алдымен ҚР Конституциясы мен қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ шариғат заңдарын басшылыққа алады. Бұрынғы имамның деструктивті діни ағымдардың өкілдерімен байланысы және олардан ақшасын алу туралы ақпарат жоқ», – деп көрсетілген хабарламада.

  • Бас прокурор суицидке қатысты әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды

    Бас прокурор суицидке қатысты әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды

    «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парағында.

    Айта кетсек, соңғы бір-екі айда Қазақстанда балалар және жастардың өз-өзіне қол салу фактілері жиіледі.

    Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды.
    Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым.
    Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді.

  • Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

    Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

    Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың басынан бері 3,0 млрд долларға өскен.

    2024 жылдың басынан бастап сыртқы қарыз төлем балансының операциялары есебінен 2,7 млрд долларға, ал құндық, бағамдық және басқа да өзгерістер есебінен 0,3 млрд долларға ұлғайған.

    Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-ы ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ды құрайды, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.