Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Референдум күні Астанада жолақы тегін

    Референдум күні Астанада жолақы тегін

    6 қазан, жалпыұлттық референдум күні Астанада қоғамдық көлік тегін жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Дереккөзге сүйенсек, сол күні қала маңындағы автобустар да жолақы алмайды.

    «6 қазан, республикалық референдум өтетін күні Астанада қала және қала маңы бағдарларындағы автобустар жолақы алмайды. Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазан, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді», — деп хабарлаған әкімдік.

  • Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр

    Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылай отырып, аймақтағы жантүршігерлік жағдайларды әшкере етті.

    «Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және жағдайды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген», – дейді Динара Зәкиева.

    Осындай жағдайларды болдырмау үшін Динара Зәкиева Қазақстанда қамқоршылық органдарының қызметкерлерін көбейту керек дейді.

    «Олардың саны 5 мың балаға шаққанда 1 қызметкер болуы керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жетуі керек», – деп жазды Динара Зәкиева.

  • Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісті

    Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісті

    Динара Сәтжанның «Late night show» жобасында белгілі актер Тәуекел Мүсілім мен оның жары Махаббат Мүсілім қонақ болды.

    Бағдарлама барысында Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісіп, үшінші сәбилерін күтіп жүргендерін мәлім етті.

  • Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт салынбақ

    Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт салынбақ

    Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

    Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

    Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.

    Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.

    Бұл кәсіпорын Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші болып табылады және өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

  • Қазақстандық оқушылары Грекияда үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық оқушылары Грекияда үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

    Осылайша Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Біздің команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов.

    Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен толықты: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge. Бұдан басқа Әл-Хорезми атындағы Outstanding Supporter номрнациясында күміс медальмен отандық USTEM FOUNDATION жас инженерлерге көрсеткен қолдауы үшін марапатталды.

    «Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі», – дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

    Еске сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» РҒПО-ның, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен робототехникадан іріктеу кезеңдерінде құрылды.

  • Қазақстанның диқандары 20 миллион тонна астық бастырды

    Қазақстанның диқандары 20 миллион тонна астық бастырды

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, күзгі орақ кезінде 150 мыңға жуық трактор мен 36 мыңнан астам комбайн егін орған.

    «Жалпы алғанда, 10,7 млн гектар жерден 15,2 млн тонна бидай, 1,9 млн гектардан  3,3 млн тонна арпа, бастырылды, 158,2 мың гектар жерден 250 мың тонна сұлы жиналды», — деп жазады АШМ.

    Айта кетейік, биыл шаруаларға көктемгі және күзгі егін науқаны үшін жеңілдікпен 580 млрд теңге қаржы бөлінген.

  • Астана кафесіндегі жарылыс: ІІМ оқиға орнынан бейнежазба жариялады

    Астана кафесіндегі жарылыс: ІІМ оқиға орнынан бейнежазба жариялады

    ҚР ІІМ төтенше жағдай кезінде полицейлердің жанып жатқан кафеден адамдарды қалай эвакуациялағаны түсірілген видео жариялады.

    «28 қыркүйекте Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері бұл оқиғаның куәсі болды. Полицейлер Диас Абитбек, Нұржан Ысқақов және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмекке асықты», — делінген хабарламада.

    Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды жанып жатқан ғимараттан эвакуациялай бастағаны атап өтілді.

    «Адамдар өз күштерімен сыртқа шықты, бірақ іште қалып қойғандары да болды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкім қалмағанын тексердім. Бақытымызға орай, ол жерде ешкім болған жоқ. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, біз оларға үй-жайда төрт газ баллоны бар екенін ескерттік», — деді Диас Абитбек.

    Ведомство оларға төнген қауіпке қарамастан, полиция қызметкерлері жоғары кәсібилік пен батылдық танытқанын атап өтті.

    «Олардың әрекеттері аса ауыр зардаптардың алдын алды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті», – деп қорытындылады ІІМ.

    Бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданында екі қабатты үйге бекітілген кафеде газ баллонының жарылғаны хабарланған болатын.

  • Жетісу облысында Латвиядан келген туристер құтқарылды

    Жетісу облысында Латвиядан келген туристер құтқарылды

    Жетісу облыстық ПД мәліметінше, Латвиядан келген ерлі-зайыптылар Кербұлақ ауданындағы Ақтау тауларында адасып кеткен. Ерлі-зайыптылардың Қазақстанға туристік визамен 25 қыркүйекте Алтын Емел ұлттық қорығындағы тау жотасына бару үшін келгені белгілі болды.

    «Ерлі-зайыптылар кездейсоқ негізгі топтан артта қалып, байланысын жоғалтты. Іздестіру шараларына Кербұлақ аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары, еріктілер мен орманшылар тартылды. Іздеуде тікұшақ пен дрондар пайдаланылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Жоғалған туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде табылды. Ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

    Құтқарылған шетелдіктер оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық іздеушілердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

  • Ауа райы болжамы: 13 өңірде ескерту жарияланды

    Ауа райы болжамы: 13 өңірде ескерту жарияланды

    Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

    Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

    Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 30 қыркүйек-1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

  • Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлады

    Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлады

    Елорда тұрғынының басына көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифтінің тақтайшасы құлаған.

    Желідегі жазбаға сенсек, оқиға «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде болған. Қазір жарақат алған әйел ауруханада жатыр.

    «27 қыркүйек күні жедел медициналық жәрдем бригадасы 1978 жылы туған әйел адамды № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Бейінді дәрігерлердің тексеруінен кейін науқастың миы шайқалғаны (бастың шеке аймағы жұмсақ тіндерінің көгеруі) белгілі болып, ауруханаға жатқызылды. Пациенттің қазіргі жағдайы бірқалыпты», — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.