Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Маңғыстаулық 43 оқушы ауруханадан шықты

    Маңғыстаулық 43 оқушы ауруханадан шықты

    Маңғыстауда мектептегі астан уланған оқушылардың 43-і ауруханадан шығарылды. «Балалардың бәрі амбулаторлық бақылауға алынған және жағдайлары жақсы. Тағы 53 бала стационарда ем алуын жалғастырып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Еске салсақ, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының №8 мектебінде оқушылар жаппай астан уланып, 400ден астам бала дәрігерге жүгінген болатын. Бұл мәселе мәжілістегі депутаттардың да алаңдаушылығын тудырды. Олар Мектеп асханасында балалар уланса,  санитарлық бақылау станциясы да жауапкершілік алу керек деп отыр әрі білім ошағына жеткізілетін тағам өнімдерінің сапасы мен олардың жарамдылық мерзімін бақылауды күшейту қажет деп есептейді.

    «Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектеп асханаларын жүйелі түрде тексере алмай отыр. Себебі, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған кезеңде, асханалар ұзақ уақыт бойы тексеруден өтпеген. Қазір мараторий алынып тасталды. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мектеп асханаларын тұрақты түрде тексеруін қамтамасыз ету қажет. Улану жағдайлары орын алған кезде СЭС жауапкершілігі де қарастырылсын», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева.

     

     

  • Депутат 12 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды

    Депутат 12 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды

    Бүгінде құрдастарына әлімжеттік көрсеткені үшін 1700 бала арнайы тіркеуге алынған. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мұның салдары неге әкеп соғатынын түсіну үшін жасөспірімдерді 12 жастан бастап жазаға тарту қажет деп отыр. Ал қазіргі заң бойынша 14 жастан кіші балаға қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Депутат әскердегі ұрып-соғу да мектептегі буллингтен басталады дейді.

    «Біз Ұлыбритания, Жапония сынды елдердің тәжірибесіне сүйенуіміз керек. Жапонияда ересектердің жауапкершілігін арттыру үшін  арнайы зорлық-зомбылықпен күрес бойынша кеңес құрылған. Онда педагогтер әрбір буллинг жағдайына жеке назар аударып, мұқият тексеруге міндетті. Сондай-ақ, психологтармен жүйелі жұмыс жасалады», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов.

  • Оқушылар құрылысы аяқталмаған мектепте оқып жатыр

    Оқушылар құрылысы аяқталмаған мектепте оқып жатыр

    Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 4 оқу ошағы қолданысқа берілді. Жаңа мектептерде 4200 оқушы оқуға барлық жағдайлар қарастырылған. Дегенмен, нысандар салтанатты түрде ашылса да, білімгерлерді қабылдауға дайын емесі анықталды.

    Нысанның бірі Қошмамбет ауылында бой көтерген. Ресми шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев болды. Сонда министр «Жайлы мектептің» маңыздылығына тоқталған еді.

    Sona.kz тілшілері нысанды аралап шықты. Мектептің төңірегі қазылған, кіреберіс әлі жөнделуде. Алаңда құрылыс қалдықтары мен ішімдіктер шөлмегі араласып жатыр. Ал оқу ошағының ішінде ашық сымдар салбырап тұр. Мұның барлығы мұғалімдер мен оқушылардың қауіпсіздігіне әсер ететіні айтпаса да түсінікті.

    Кабинеттерде жарық орнатылмаған. Жұмысшылар ауы мен бауын бітіре алмай әлекке түсуде.

    Мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары балалардың 1-ші ауысымда ғана оқып жатқанын айтты. Одан кейін жөндеу жұмыстары жалғасады.

    «Біз мектепті ашу туралы шешім қабылдадық. Негізгі мерзімі екі ай кейін еді. Ескі мектепке оқушылар сыймай жатқан соң, мәжбүр болдық. Қазір 1000 бала оқуда, олардың саны күннен-күнге артып жатыр», — деді директордың орынбасары.

    Аталған 4 мектеп үшауысымды оқу ошақтарының мәселесін шешуі қажет еді. Бірақ, ағымдағы проблемалар ол мақсаттың орындалуына күмән туғызуда. Жобаның жетекшісі «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының берген уәделеріне қарамастан, шынтуайтында жағдай басқаша болып шықты. 

    Sona.kz редакциясы жағдайдың қалай өрбитінін бақылап, қосымша ақпарат жариялайды.

     

     

  • Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Жанжал 7 қыркүйекте орын алған. 48 жастағы ер адам мас күйінде 32 жастағы туысын пышақтап тастаған.

    Полиция күдіктіні ұстады, суық қару тәркіленді. Іс ҚР ҚК-нің 106-бабына сәйкес жүруде.

    Ер адам 8 жылдан 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

  • Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

    Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

    2022 жылы Түркістан облысының танымал блогері Мұрат Әбділдә әлеуметтік араздық тудырғаны үшін түрмеге қамалған болатын. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.

    Блогер бұрын екі рет жауапқа тартылған, бірақ сот оған кешірім жасаған. Үшінші рет оған әлеуметтік араздықты тудырды деп 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге
    мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

    Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

    «Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады»,- делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

  • JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    Ұлттық банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

    Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.

    Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

  • ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд. теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

    ШҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.

    Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталды.  Шарт жасау кезеңінде төтенше жағдай шарт жасасуға негіз болмағаны анықталды.

    Атап айтқанда, ЖАО осындай шартпен қар шығару, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

    Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

  • Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Оқиға Үкіметтің бақылауында

    Премьер-Министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады.

    Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында. Оның 83-і ауруханаға жатқызылды. 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

    Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.

    №8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.

  • Қазақстандық 15 тонна бұрыш Ресей шекарасында кері қайтты

    Қазақстандық 15 тонна бұрыш Ресей шекарасында кері қайтты

    Ресейдің Челябинск облысына Қазақстаннан жеткізілген 18 тонна тәтті бұрышты өткізуге тыйым салынды.

    «Қазақстаннан РФ-ға тәтті бұрыш жеткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Тыйым салуға карантиндік фитосанитарлық талаптардың сақталмауы себеп болды. Бұрыштың көп бөлігі таңбаланусыз және қаптамасыз тасымалданған», — делінген 6 қыркүйекте жарияланған хабарламада.

    Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының мәліметінше жүк Қазақстанға кері қайтарылды. Ал тасымалдаушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.