Рубрика: Қоғам

  • 111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен

    111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен

    Жиында сөз алған Алматы облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова «Ата-аналар университетінің» жұмысы жөнінде түсіндірді.

    «Біз күнделікті түрлі қиындықтарға ұшырап, түрлі өмірлік жағдайларда өмір сүріп жатқан отбасылармен жұмыс істейміз. Алматы облысы бойынша жасөспірімдердің суицид жасау дерегі азайғанымен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Қазіргі таңда кез келген мектепте сенім телефондары көрсетілген тақтайшалар ілінген. Оған қоса, елімізде «Ата-аналар университеті» құрылған», — деді маман.

    Уәкілдің сөзіне сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсаған балалардың 90 пайызы ата-анасымен ұрысқаннан кейін осындай қадамға барған.

    «Ата-аналар университеті» арқылы жаға ұстатарлық ситуациялардың алдын алуға болады. Бұл университет «Жанұя отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорының базасында құрылды. Мұнда әр отбасы мүшесіне тегін құқықтық, психологиялық көмек беріледі. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар гештальт-терапевттер де қызмет етуде», — деді Айгүл Есімбекова.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысы бойынша әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша 111 сенім телефонына 44 қоңырау түсіп, олардың әрқайсына жекелеген қолдаулар көрсетілген. Бұдан бөлек, Қонаевтағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының көмегіне 200 адам жүгінген.

    Ал полиция басқармасының өкілдері буллинг жайында сөз қозғады.

    «Бұрын буллингке аса мән берілмейтін. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстанда кибербуллинг белең алып, білім ошақтарында буллинг көрсету проблемасы жаңа сипатқа ие болды. Оқушылардың психологиялық мінез-құлқына зиян келтірмеу мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 127-2-бабы енгізілді. Бұл бапқа сай, Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», — деді маман.

    Сондай-ақ басқосуда кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты азайту сұрағы да талқыланды.

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі диабет пен ДЦП-нің әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен неге алынып тасталғанын түсіндірді

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі диабет пен ДЦП-нің әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен неге алынып тасталғанын түсіндірді

    Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті мен детский церебральды параличті (ДЦП) әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып тастау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sona.kz ведомствоға сілтеме жасап.

    Министрлік мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде Бірыңғай медициналық кепілдіктер пакеті енгізіледі. Бұл созылмалы аурулары бар азаматтар бұрынғыдай тегін ем мен дәрі-дәрмек алуды жалғастырады дегенді білдіреді.

    «Ешқандай шектеу болмайды. Барлық созылмалы аурулары бар пациенттер бұрынғы тәртіппен көмек алады. Өзгерістердің мақсаты — денсаулық сақтау жүйесін әділ әрі тұрақты ету», — делінген министрлік хабарламасында.

    Бұған дейін ведомство әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін жаңартып, қант диабетін, ДЦП-ні, ревматизмді және дәнекер тіннің жүйелі ауруларын алып тастаған болатын. Оның орнына инсульт (1 жыл көлемінде) және эпилепсия енгізілді.

    Сонымен қатар, балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер және жұмыссыздар бұрынғыдай тегін медициналық көмекпен қамтылады. Бұл шамамен 11 миллион қазақстандықты қамтиды.

  • Балалардың дамуына еңбек етемін – логопед

    Балалардың дамуына еңбек етемін – логопед

    Елімізде жыл сайын мыңдаған баланың ата-анасы логопедтің көмегіне жүгінеді. Тіпті, ауылда да мамандарға сұраныс жоғары.

    Бұл туралы логопед Гүлнұр Оразбекова айтты. Ол Кербұлақ ауданының тұрғыны. Биыл «Бастау бизнес» жобасына қатысып, 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант ұтып алған.

    «Балабақшада жұмыс істеп жүргенде логопед кабинетін ашуға ұсыныстар түсті. Негізгі мамандығым – педагог-психолог. Алайда, ойлана келе, логопед мамандығының қыр-сырын біліп, оқып алуды жөн көрдім. Осылайша, биыл Кербұлақтан оқу орталығын аштым», – деді маман.

    Айтуынша, қазір мұнда 3-6 жас аралығындағы 6 бала логопедтік қызмет алуда. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының білімін арттыру үшін қосымша сабақтар беріледі.

    «Балалардың тілі анық, ойы жүйелі болсын, білімге қызығушылығы артсын деген ниетпен еңбек етіп жүрміз. Біздің жұмыс арқылы қоғамға титтей пайдамыз тиіп жатса, қуаныштымыз», – деді логопед.

    Гүлнұр қазірде 4 баланың анасы. Жұбайы – қарапайым бригадир. Балалары ән мен биден үйірмеге қатысады.

    «Ауылда балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін үйірмелер көптеп ашылса деген тілегіміз бар. Басқа ауылдардан логопедтің көмегіне жүгінер ата-аналар болса, есігіміз әрдайым ашық. 20-25 баламен жұмыс істей аламыз», – деді ол.

    Гүлнұр Оразбекова сияқты еңбек адамдарының табандылығы мен ізденісі – қоғам дамуының басты тірегі. Осындай мамандардың арқасында ауылдағы балалар жаңа мүмкіндікке ие болып, өз әлеуетін ашуға жол табуда.

  • Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

    Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

    Абай облысында кәмелетке толмаған үш баланың мектепке бармағаны анықталды. Олардың жасы 8 бен 13 аралығында, ал ата-анасы діни көзқарастарына байланысты балаларды білім алудан шектеген, деп хабарлайды Sona.kz ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура тексеріс жүргізіп, балалардың бірнеше жыл бойы білім беру жүйесінен тыс қалғанын анықтады. Қадағалаушы органның араласуынан кейін олардың білім деңгейі бағаланып, барлығы мектепке қабылданды.

    Тексеру нәтижесінде балалардың анасына әкімшілік жаза қолданылды, ал жағдайды уақытында байқамаған білім бөлімінің қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, прокуратура 9 жастағы дамуында кідірісі бар баланың жағдайын анықтады. Оған мүгедектік ресімделмегендіктен, қажетті білім беру қолдауы көрсетілмеген. Қазір бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, содан кейін оқыту формасы белгіленеді.

    Прокуратура өкілдері балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

  • Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар пантеонына енгізілді

    Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар пантеонына енгізілді

    Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар пантеонына енгізілді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Instagram парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, пантеон Қостанай облысы Амангелді ауылындағы туристік кешен аумағында орналасқан. Мұнда ел тарихына елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімдері жазылған мемориал орнатылған.

    «Осы пантеонда Салтанаттың есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Біз Павлодардан әкелінген топырақты пантеонға табыстадық. Салтуды Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалардың қатарына енгізді», — деді Айтбек.

    Ол пантеоннан фото және бейнежазбаларды жариялап, анасы да бірге барғанын айтты.

    Елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға

    Салтанат Нүкенованың өлімі елде зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыстың символына айналды.

    2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде 31 жастағы Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевтың соққысынан қаза тапты.

    12 қарашада Бишімбаев қамауға алынып, тергеу 2024 жылдың қаңтарында аяқталды. Сот процесі 27 наурызда басталып, онлайн көрсетілім арқылы барша жұртқа қолжетімді болды.

    2024 жылдың мамырында сот алқасы экс-министрді айыпты деп танып, оны 24 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

    Салтанат Нүкенованың есімі елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің символына айналып, әйелдердің құқығын қорғау мәселесін қайта қарауға түрткі болды.

  • Рүстем Жүгінісовке 78 мың теңге айыппұл салынды

    Рүстем Жүгінісовке 78 мың теңге айыппұл салынды

    Әнші әрі блогер Рүстем Жүгінісов діни алауыздықты қоздырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sona.kz ZTB-ға сілтеме жасап.

    Оған себеп — Ақтөбедегі мешітте орын алған оқиға. Сол жерде бір ер адам қызға тиіскен. Ал Жүгінісов әлеуметтік желіде «қыздың өзі себепкер болды» деген пікір жазған.

    Дін істері басқармасы блогердің жазбаларында кемсіту белгілері барын айтып, сотқа жүгінді. Оның жазбаларында Жаңа жылды тойламау жөніндегі үндеулер де болған. Сондай-ақ ол әйелдерге «еркектерді арандатып алмас үшін үйден, тіпті мешітке де шықпауға кеңес берген».

    Сот шешімімен Жүгіңүсов кінәлі деп танылып, 78 640 теңге айыппұл төлейтін болды.

  • «Дубай шоколадынан» қауіпті бактерия табылды

    «Дубай шоколадынан» қауіпті бактерия табылды

    Шоколад үлгілерін зертхана арқылы тексерген кезде сапа көрсеткіштеріне сай емес екені анықталған, деп хабарлайды uznews басылымы.

    Техникалық реттеу саласындағы бақылау жөніндегі инспекция Eco bozor базарлар желісінің Беруни көшесіндегі сауда нүктелерінде сатылып жатқан Fix dessert chocolatier (яғни, «дубайлық шоколад») маркалы өнімдерге қатысты бақылау мақсатында сатып алған.

    Сатып алынған өнім үлгілері сапа көрсеткіштерін анықтау үшін O‘zTest мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының сынақ зертханасына жолданған.

    Зерттеу нәтижесінде мынадай бұзушылықтар анықталған:

    • мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалар (МАФАМ), сондай-ақ ашытқы саңырауқұлақтары шектен тыс көп мөлшерде табылған;
    • ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) мен Salmonella 25g анықталған.

    Аталған көрсеткіштер адам денсаулығы үшін қауіпті саналады және аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.

    Сонымен қатар өнімнің сыртқы пішіні техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерінің таңбалануының қауіпсіздігіне қатысты UzTR.490-022:2017 жалпы техникалық регламентінің нормалары бұзылған.

  • Елімізде үш айда пәтер ұрлығы үшін 25 қылмыстық топ ұсталды

    Елімізде үш айда пәтер ұрлығы үшін 25 қылмыстық топ ұсталды

    Пәтер ұрлығы – бұл мүлікті ұрлау мақсатында тұрғын үйге заңсыз кірумен байланысты қылмыс түрі. Ол кілт таңдау, есіктерді бұзу, терезе немесе балкон арқылы кіру сияқты әртүрлі әдістер арқылы жасалуы мүмкін. ІІМ пәтер ұрлығын азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы бес жылда оның саны 14 мыңнан 6 мың дерекке дейін, яғни екі жарым еседей азайды. Жыл басынан бері пәтер ұрлығының тіркелуі 30%-ға төмендеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

    Айлакер ұрылардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

    – Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ құрамында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша шығын 10 млн теңге, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2025 жылдың үш айында ел бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 25 қылмыстық топ ұсталды.

    Ұрлыққа жол бермеу үшін ІІМ қарапайым әрі тиімді қауіпсіздік шараларын ұсынады: есікке сапалы құлып, терезелерге торлар орнатып, дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларының мүмкіндіктерін қолдануға болады.

    Әлеуметтік желілерде қолда бар ақша жинақтары мен зергерлік бұйымдар, материалдық құндылықтар және оларды сақтау орындары туралы ақпаратты жарияламаған абзал.

  • Алматыда өз үйінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды

    Алматыда өз үйінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды

    Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өз пәтерінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды.

    Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – 49 жастағы ер адам.

    «Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекенжайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған. Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабае

  • Алматыда 19 жастағы қыз өлі табылды

    Алматыда 19 жастағы қыз өлі табылды

    Қайғылы оқиға 27 наурызда Алмалы ауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешенінде болған.

    Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді.

    «Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр», – деді Салтанат Әзірбек.