Рубрика: Зерттеу

  • «Торпедо» хоккейшісі клубтас әріптесінің өлімінен кейін үйқамаққа алынды

    «Торпедо» хоккейшісі клубтас әріптесінің өлімінен кейін үйқамаққа алынды

    Өскемен қаласының №2 соты «Торпедо» командасының шабуылшысы Андрей Лагуновқа қатысты бұлтартпау шарасын күшейтті. Бұл шешім марқұм қақпашы Иван Пылёноктың ата-анасының адвокатының өтінішімен қабылданды.

    19 жастағы жастар құрамасының қақпашысы Иван Пылёноктың өліміне қатысты іс бойынша негізгі күдікті – ресейлік хоккейші Лагунов. Ол маусым бойы негізгі құрамда өнер көрсеткен.

    Бұған дейін оған «елден шықпау және тиісті тәртіпті сақтау» түріндегі шектеу қойылған еді. Алайда марқұмның жақындары бұл шараны жеткіліксіз деп санап, қатаң жаза қолдануды талап еткен.

    Сот шешімімен Андрей Лагунов тергеу аяқталғанға дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге үйқамаққа алынды.

    Айта кетейік, тергеу барысында Лагунов елден шықпау талабына қарамастан бірнеше рет сырт алаңдағы ойындарға қатысқан. Сондай-ақ, сотта клубтың онымен келісімшартты ұзартпағаны белгілі болды. Клубқа ресми сұрау жолданған.

  • Астанадағы уақытша ұстау изоляторында пара алған қызметкер 7 жылға сотталды

    Астанадағы уақытша ұстау изоляторында пара алған қызметкер 7 жылға сотталды

    Астанадағы уақытша ұстау изоляторының қызметкері тергеудегі адамдарға ұялы телефон қолдануға рұқсат бергені үшін пара алып келген. Бұл іс бойынша сот 26 эпизодты қарап шықты. Жалпы сомасы – 2 миллион теңгеге жуық.

    Сот үкіміне сәйкес, изолятор қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған пара берген екі адам 3 жылдан жаза алды. Тағы бір тұлға айыппұлмен шектелді.

    Қалған 23 адам жазадан босатылды. Сот олар бұл әрекетке қысыммен барғанын және бұрын сотталмағанын ескерді.

    Айта кетейік, жуырда Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдоллин алаяқтық және пара алуға итермелеу ісі бойынша сотталып, кінәлі деп танылған болатын.

  • Алматыда тұрғын үй ауласынан ұрланған көлік табылды

    Алматыда тұрғын үй ауласынан ұрланған көлік табылды

    Алматыда көпқабатты үйдің ауласындағы тұрақтан көлік ұрланды. Қылмыс бірнеше күн ішінде әшкереленіп, екі күдікті қолға түсті.

    ІІМ мәліметінше, көлікті ұрлағандар оған жалған нөмір таққан. Кейін көлік Алматин облысына шығарылып, жекеменшік үйдің ауласында жасырылған. Алдын ала дерекке сәйкес, олар автокөлікті сатып жіберуді көздеген.

    Күдіктілердің бірі бұрын сотталған. Қазір екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов:
    “Жедел ақпарат жинау, мекенжайлық тексерулер нәтижесінде көлік иесіне қайтарылды. Азаматтардың жеке мүлкіне қарсы қылмыстарға жол бермеу – басты міндетіміз” – деп атап өтті.

    Полиция автокөлік иелеріне қауіпсіздік шараларын еске салады:
    – Кілтті көлік ішінде қалдырмау;
    – Қосымша құлыптау құрылғыларын қолдану;
    – Мүмкіндігінше күзетілетін тұрақтарға қою.

  • Қарағанды облысындағы елдімекеннен миллион дозаға жететін синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді

    Қарағанды облысындағы елдімекеннен миллион дозаға жететін синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді

    Қарағанды облысы, Солтүстік-Батыс кентінде орналасқан жасырын нарколабораторияның көзі жойылды. Полицейлердің мәліметінше, бұл цехтан 1 миллионнан астам доза синтетикалық есірткі жасауға болар еді.

    Арнайы операция барысында 6 тоннадан астам прекурсор мен 35 келі дайын психотропты зат тәркіленді. Шахтинск қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тінту кезінде 355 канистр химиялық заттар, зертханалық құрал-жабдықтар, индукциялық плиталар, желдеткіш қондырғылар, респираторлар мен үш автокөлік табылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл көліктер қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін.

    Полицияның мәліметінше, «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылған операция нәтижесінде жаңа қатысушылардың, оның ішінде бейбіт тұрғындардың қылмыстық әрекетке тартылуына жол берілмеді.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы қалалық полиция мен ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады.

    Тергеу дерегінше, күдіктілер бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы сәбилерді заңсыз сатумен айналысқан. Олар әлеуметтік жағынан әлсіз әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған нәрестелерді сатып алғысы келетін адамдармен кездестіріп отырған.

    Құзырлы орган өкілдері жаңа туған ұл баланы сату әрекеті нақты құжатталғанын мәлім етті. Күдіктілер сәби үшін ірі көлемде қаражат алмақ болған сәтінде ұсталған. Бала мемлекет қамқорлығына алынып, арнайы мекемеге орналастырылды.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге өңірлердегі байланыстары да тексерілуде.

    Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов:
    “Бұл бір реттік әрекет емес. Тұрақты және кең ауқымды схема болғаны анық. Мұндай ауыр әрі ар-ожданға қарсы қылмыстардың әрқайсысы заң аясында әділ бағасын алады,” – деді.

  • “Amanat Drive” қаржы пирамидасы: 21 млрд теңге, элиталы пәтерлер мен қымбат көліктер

    “Amanat Drive” қаржы пирамидасы: 21 млрд теңге, элиталы пәтерлер мен қымбат көліктер

    Алматы облысында “Amanat Drive” атауымен әрекет еткен қаржы пирамидасы әшкере болды. Ұйымдастырушылар 8 мыңнан астам салымшыға пайызсыз бөліп төлеумен үй мен көлік уәде етіп, 21 млрд теңгеден астам қаржы жинаған.

    ҚМА мәліметінше, пирамида өкілдері жалған компаниялар арқылы қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, оны элиталы үйлер мен HUMMER H2, Lexus LX570 секілді көліктерге жұмсаған. Барлық мүлік жақындарының атына рәсімделген.

    Тергеу барысында пәтерлер, үйлер мен шоттарға бұғат қойылды. Бас ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

  • Шерзат ісі: Сотталушылар соңғы сөзінде не деді?

    Шерзат ісі: Сотталушылар соңғы сөзінде не деді?

    Судья Ержан Жанұзақов айыпталушыларға соңғы сөздерін айтуға мүмкіндік берді.

    Сотталушылардың көбі көздеріне жас алды. Азамат Тоқтаубаев 7 жыл 2 ай жаза сұрап, “халық жауы емеспін, тек анамнан кешірім сұраймын” деді. Ағасы Нұрбол Тоқтаубаев кінәсін мойындап, жеңіл жаза сұрады.

    Дархан Әскентай – ата-анасынан ерте айырылғанын, үйленуге дайындалып жүргенде бұл қайғыға тап болғанын айтып, мейірім сұрады. Шыңғыс Белғожаев – бостандық сұрады, ал Думан Ысқақ пен Дидар Қалиахмет өздерін ақтауды өтінді.

    Равиль Сәкиев Шерзаттың анасынан кешірім сұрап, “тек Ғайыпбаевты ұрдым, пышақ болмады” деді. Абзал Шынасыл алғашында пышақтағанын жоққа шығарғанымен, енді “мылтық атқаны үшін ашуланып, үш рет пышақ сұқтым” деп айтты.

    Айыпталушылардың бірі де Шерзатты нақты кім өлтіргенін мойындамады.

    Үкім 5 маусымда жарияланады.

  • Шерзат ісі: Прокурор куәгер қыздардың жалған мәлімдеме жасағанын айтты

    Шерзат ісі: Прокурор куәгер қыздардың жалған мәлімдеме жасағанын айтты

    Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот жалғасуда. Сот жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушы Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жаңа деректерді қайта тексеруді сұрады.

    Прокурор Дана Сәрсенбайдың айтуынша, оқиға орнында болған бұл екі қыз сотты әдейі жаңылдырған. Олар алғашында «қатты қорқып, ештеңе есімізде жоқ» дегенімен, бейнежазбалар олардың керісінше сабырлы, еркін жүргенін көрсеткен.

    «Қыздар телефон сөмкеде, ал сөмке көлікте болды деді. Алайда жазбалар оларда телефон болғанын дәлелдейді. Жігіттердің олардан үндемеуді сұраған сәті де видеоға түсіп қалған. Бұл — куәгерлер оқиғаны толық білген, бірақ жасырған деген сөз», – деді прокурор.

    Сот процесі жалғасып жатыр.

  • Шерзат ісі: Адвокат соттан әділет пен ең ауыр жаза талап етті

    Шерзат ісі: Адвокат соттан әділет пен ең ауыр жаза талап етті

    Талдықорғанда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сот жүйесіне, адамдық пен ар-ұятқа үн қатты.

    Ол жарыссөзін: «Сотталушылар неше жыл алса да тірі қалады, ал менің балам өлді», – деген Шерзаттың әжесінің сөзінен бастады. Адвокат күдіктілердің қансырап жатқан баланы ұруын тоқтатпағанын, бұл – адамгершілікке жатпайтын қатігездік екенін айтты.

    «90-жылдардың бандиттері мұндай болмаған», – деген Шекеев бұл істі қарапайым сот процесі емес, бүкіл әділет жүйесінің ар-ожданы сынға түскен сәт деп бағалады.

    Сөз соңында ол соттан ең ауыр жаза тағайындауды және Шерзаттың отбасына моральдық, материалдық өтемақы өндіруді сұрады.

    Сот процесінде сонымен қатар, маңызды бейнежазба дискісінің жоғалғаны, көліктегі бейнетіркегіш жазбасының жойылып, кейін қалпына келтірілгені де белгілі болды.

  • Ақнәр Хамит: Екінші құрбысы өз нұсқасын айтты

    Ақнәр Хамит: Екінші құрбысы өз нұсқасын айтты

    Қайғылы түнде бірге болған екінші құрбысы Рана алғаш рет мәлімдеме жасап, оқиға барысын баяндады.

    Рананың айтуынша, сол түні Ақнәр мен Дидар дәмханадан кейін өз пәтеріне шақырып, алкоголь ішкен. Біраз уақыттан соң Ақнәрдің мінезі күрт өзгеріп, айқайлап, құрбыларына шабуыл жасаған. Рана оны “өз-өзіне қол жұмсамақ болды, сүрелер оқыды, түсініксіз әрекеттер жасады” деп сипаттады.

    Рана Ақнәрдің бұрын да терезеден секірмек болғанын, ақпанда жатақханада және сәуірде Дидардың үйінде осындай жағдай қайталанғанын айтты.

    Полиция істің бақылауда екенін мәлімдеді. Қазір “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша тергелуде. Қоғам белсенділері мен отбасы “Қинау” және “Адам өлтіру” баптарын қосуды талап етуде. Күдіктілер бостандықта жүр.