Оқиға 15 сәуірде сағат 15:50-де Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында болған.
Куәгерлердің айтуынша, шаруа қожалығының үш жұмысшысы Көкқамыр учаскесіндегі ағаш аспалы көпір арқылы мотоциклді алып өтпек болады. Сол кезде олар түгелдей Қарақол өзеніне құлап кеткен. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жағадан ұялы телефондар мен сырт киімдерді тапты.
Оларға ТЖД құтқарушылары келіп қосылып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде 16 сәуір күні таңертең 1980 және 1978 жылғы екі ер адамның мәйіті табылды.
– Сағат 14:35-те құтқарушылар 1967 жылы туған үшінші ер адамның денесін тапты. Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған, – деп хабарлады Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінен.