Бұл жәдігерді 1995 жылы Ақтау қаласының тұрғыны Лесицын музейге сыйға тартқан. Әмиян қоңыр түсті, төрт бөлімнен тұрады. Бір бөлігінің аузы теріден жасалған жапқышпен жабылады, ал екі бөліктің арасын жібек мата бөліп тұр. Жан-жағы жіппен тігілген, тігінен екі жағына қарай ашылады.
Әмиянның нақты қай майданнан табылғаны белгісіз, ғылыми сипаттамасы жоқ. Дегенмен, бұл жәдігер соғыстың адамзатқа әкелген қасіретін айқындайтын символ ретінде музейдің тарих залында сақталуда.
Әмиянның түгендеу карточкасында оның материалы ретінде адамның терісі және жіп көрсетілген, ал қолданылған кезеңі 1941-1945 жылдар аралығы деп белгіленген.