Ақтөбе қаласының «Арман» тұрғын алабында қарапайым пауэрбанк үлкен трагедияға себеп болды. Портативті қуаттағыш құрылғының жарылуы Тимур Майрумбаевтың отбасын баспанасыз қалдырды. Тимур екі ұлымен және әкесімен бірге тұрған үй 28 ақпанда толығымен жанып кетті.
Отбасының атасы Құрман Майрумбаевтың айтуынша, жарылыс немерелерінің бөлмесінде құрылғы токқа қосулы тұрғанда болған. Қатты дыбыстан кейін от бірден жиһазға жайылып, үйдің ішін қою түтін басқан. Қария азаматтарды мұндай құрылғыларды пайдаланғанда абай болуға, әсіресе балаларға ұстатпауға шақырды.
Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кешкі уақытта түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 21 минут ішінде (сағат 20:02-ден 20:23-ке дейін) толық ауыздықтағанымен, үйдің ішкі бөлігі мен мүлкін аман алып қалу мүмкін болмады. Тек құжаттарын ғана алып үлгерген отбасы қазір туыстарының үйін паналап отыр. 6 жыл бойы салынған баспананы енді нөлден бастап қайта тұрғызу қажет.
Полиция бейнетіркеуіштерінен кадрлар: Семейдегі өрт орнына алғаш жеткен сәт
Абай облысының Полиция департаменті Семейдегі балалар орталығында өрт басталған сәтте оқиға орнына бірінші болып жеткен патрульдік экипаждардың...









