Сейсенбі күні Астанада Конституциялық реформа бойынша Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтті. Күн тәртібінде халықтан келіп түскен ұсыныстарды талқылау болды. Отырыстың барлық кезеңдері ашық форматта өтеді және онлайн режимде көрсетілуде, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Отырыстың модераторы, Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті. Олар біріктіріліп, сводты кестеге енгізілген. Азимова қоғамның белсенді қатысуы реформаның маңыздылығын және халықтың өзгерістерге деген қызығушылығын көрсететінін айтты.
Отырыс барысында үш негізгі спикер сөз сөйледі: әділет министрі Ерлан Сарсембаев, сенатор Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева. Олар 2025 жылдың қазан айынан бері түскен ұсыныстар негізінде әзірленген құқықтық тәсілдер мен түзетулерді таныстырды.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияда кадрлық тағайындаулар тәртібін жаңа форматта бекіту ұсынылып жатқанын айтты. Президент Құрылтайдың келісімімен (депутаттардың жалпы санының көпшілігінің даусымен) вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық соттың судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін және Жоғарғы аудит палатасының мүшелерін тағайындайтын болады. Егер Құрылтай бірнеше рет келісім бермесе, Президент Құрылтайды тарата алатын құқыққа ие болады.
Сенатор Нұрлан Бекназаров бір палаталы парламент — Құрылтайға көшуге байланысты Конституцияның «Парламент» бөліміне өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Жоба бойынша Құрылтай заң шығарушы жоғары орган болып, 145 депутаттан құралады және олар біртұтас жалпыұлттық округ бойынша пропорционалды жүйемен сайланады. Депутаттардың мандат мерзімі 5 жылға ұсынылып отыр. Сондай-ақ сайлау мерзімдері, дауыс беру тәртібі, төрағаны сайлау, кандидаттарға қойылатын талаптар мен шектеулер талқыланды.
Сонымен қатар Президент жаңа консультативтік орган. Халық кеңесін құруды ұсынды. Ол қоғамдық-саяси бірлестіктер мен белсенді азаматтарды біріктіріп, қоғамды дамытуға және ел бірлігін нығайтуға қызмет етеді. Халық кеңесінің құрамы, өкілеттігі және жұмыс тәртібі конституциялық заңмен бекітіледі.
Талқылауда коррупциялық қылмыс жасаған азаматтардың сайлау құқығын шектеу, әкімшілік соттардың конституциялық мәртебесін бекіту, вице-президенттің қызметіне қойылатын шектеулер, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау өткізу тәртібі, Жоғарғы сот төрағасының мәртебесі, ант қабылдау тәртібі және Құрылтайдың Үкімет қызметіне бақылау және депутаттардың мандатын тоқтату жөніндегі жаңа өкілеттіктері сияқты ұсыныстар қаралды.









