Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты алдын ала тыңдау бойынша сот отырысы басталады.
Сот отырысы Талдықорғанда орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.
Соттың Талдықорғанда өтуінің себебін Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев күдіктілердің көбісі осы Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында отырғандығымен түсіндірді.
Алдын ала сот отырысынан бұрын журналистерге пікір берген азаматтық белсенді Жан Ахмадиевтің айтуынша, айыптау фактісі бойынша 9 күдікті бар.
«Күдіктінің біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Бұзақылық ісі бойынша сотталатын болса айыппұл төлейді немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылады. Тергеу барысына көңіліміз толмайды. Осыған дейін бұл іспен айналысқан қорғаушылар болды. Әсіресе, Айтбек Амангелдінің біраз қателігі болған сияқты. Мұны мен емес, Қаржаубай Нұрымовтың отбасы айтып отыр. Тіпті, оларды іспен таныстырмаған да. Тек біздің командаға келгеннен кейін ғана істің мән-жайымен таныса бастады. Қаржаубайдың отбасы бүгінгі сотқа дайын деп те айта алмаймын», – деді Жан Ахмадиев.
Оның пікірінше, жәбірленуші тарап соттың ашық өткенін қалаған. Алайда, Жоғарғы сотқа «Бишімбаевтың соты сияқты өткізейік» деген ұсыныс жасағанмен, бас тартыпты. Оған себеп – күдікті тарап соттың ашық болмауын қалаған.
Ал сот процесінің Талдықорған қаласында өтетіні туралы: «Бұл іс негізі Талдықорғанда емес, Қонаев қаласында өтуі керек еді. Меніңше, құқық қорғау органдары мұнда біраз журналистер келмей қалады деп ойласа керек. Басқа ешқандай болжам жоқ», – деп жауап берді азаматтық белсенді Жан Ахмадиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram