Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Алматыдағы №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

Тоғжан Төлеген
3 Наурыз, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Алматыдағы №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
WhatsappTelegram

Бұған дейін Алматыдағы №1 балалар үйінің Қонаев қаласындағы әлі құрылысы бітпеген ғимаратқа көшетіні туралы ақпарат тараған еді. Мұны естіген тәрбиеленушілер де жылы орыннан кеткісі келмейтінін жеткізді.

Алайда, шенеуніктер 1963 жылы салынған балалар үйінің ғимараты апатты жағдайда қалғанын, күрделі жөндеуге келмейтінін айтқан. Яғни, оның орнына Қонаев қаласынан жаңа ғимарат салынып жатқанын, оның 2025 жылдың жазына дейін аяқталатыны туралы уәде етілген. Сондай-ақ, балаларға абаттандырылған аумақ, жолдар, жарықтандыру және инженерлік желілер салып беру жағы да кепілдендірілген.

Десе де, балалар үйінің тұрғындары мен олардың қорғаушылары бұл қадамды дұрыс емес деп санайды. Олардың пікірінше, «Қонаев қаласында жетім балаларға Алматыдағыдай оқу мен даму мүмкіндігі болмайды».  Сонымен қатар, бұл ғимаратқа түзеу колониялары жақын орналасқандықтан тағы да қосымша мәселе туындауы мүмкін екенін де жасырмайды.

Айта кету керек. бұл жағдайға Аружан Саин бастаған қоғам белсенділері араласты. Ол Instagram парақшасында балалар үйіне барып, тәрбиеленушілермен кездесіп, пікір алмасқанын салды. Онда балалар ғимараттың ешқандай апаттық жағдайда емес екенін айтқан.

Ал Алматы облысының білім басқармасы жаңа балалар үйінің құрылысы бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Учаскенің таңдауы бірқатар факторларға, соның ішінде санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мүмкіндігіне байланысты болды. Заречное ауылы Қонаев қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Ауыл Алматы мен Қонаев қалаларының арасында орналасқан», – деп хабарлады ведомство.

Құрылыс аяқталғаннан кейін балаларға қолайлы жағдай жасалады: абаттандырылған аумақ, асфальт жолдар, жарықтандыру және инженерлік желілер бәрі салынады.

Сондай-ақ, Алматы облысы Білім басқармасы балалар үйінің жерін Әлия Назарбаева сияқты жеке тұлғаларға сату туралы қауесеттерді жоққа шығарды және балаларды қорлау фактілері расталмаған деп сендірді. Балалар үйіне арнайы келген Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева:

«Біз балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелерді бақылауда ұстаймыз. Жаңа ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен, көліктермен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, балалардың өмір сүруіне жайлы және қауіпсіз жағдай жасау маңызды. Ал Алматыдан Қонаевқа қалай келіп-кетеміз деген қызметкерлер үшін сол жерде арнайы жатып істейтін бөлмелер қарастырылады», – деді Салтанат Беспаева.

Сонымен, Алматыдағы №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды. Бұл туралы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездескен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да хабарлады.

Ол балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облысының әкімімен өткен кездесудің қорытындысы бойынша келесі ақпаратпен бөлісті:

– Баганашылдағы балалар үйінде тұрып жатқан балалар осы үйде қала береді;
– Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына беріледі (бұған дейін ол жерде жағдайдың өте нашар екенін және балаларға тиісті жағдай жасалмағанын жазған едім);
– Жаңа ғимараттың бір корпусын Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына береді, ол жерге облыстың барлық ауданынан келген балалар қабылданады, осылайша оларды қалаға тасудың қажеті болмайды, – деді ол.

Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу барысында: «Балалар Алматыда қалғысы келетіндерін айтты, өйткені жаңа ортаға бейімделу және әлеуметтік ортадан ажырау олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Бұл фактор шешім қабылдауда басты назарға алынды. Сондықтан қалада білім алып жүрген тәрбиеленушілер өздеріне үйреншікті ортада оқуын жалғастырады, ал жаңадан қабылданатын балалар Қонаев қаласына орналастырылады», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 240 орынға есептелген жаңа балалар үйінің ауданы 4000 шаршы метр. Онда жайлы тұрғын бөлмелер, оқу сыныптары және демалыс аймақтары қарастырылған. Жақын маңда 900 орындық мектеп орналасқан, ал балаларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінеді. Кешеннің ашылуы жаз айларына жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың бір бөлігі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болған Нүсіпбаев атындағы интернатқа беріледі.

Тегтер: №1 балалар үйіБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаев қаласыМарат СұлтанғазиевСалтанат Дауысбекқызы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Дана Альсеитова
21 Сәуір, 2026

Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жоспарында жаңа белес басталды. Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынуы...

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Дана Альсеитова
21 Сәуір, 2026

Қазақстан Үкіметінің отырысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа шаралар талқыланды. Еңбек және халықты...

Астанада ЖИ -камералары жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастады

Астанада ЖИ -камералары жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастады

Дана Альсеитова
21 Сәуір, 2026

Астана көшелеріндегі бейнебақылау камералары енді жасанды интеллект көмегімен жүргізушілердің рөлде отырып телефон пайдалануын және қауіпсіздік белдігін тақпауын...

Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Қазақстанның саяси сахнасында жаңа «Әділет» партиясы пайда болмақ. Бастамашы топ өз жоспарларын жариялап, ертең, 16 сәуірде Әділет...

Қатысты жаңалықтар

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

21 Сәуір, 2026
Өскеменде жүргізілген арнайы операция барысында ірі есірткі қоймасы жойылды

Өскеменде жүргізілген арнайы операция барысында ірі есірткі қоймасы жойылды

21 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті: Бүлдіршін көз жұмды

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті: Бүлдіршін көз жұмды

21 Сәуір, 2026
Жоғары аудиторлық палата QazaqGaz компаниялар тобын тексеріп жатыр

Жоғары аудиторлық палата QazaqGaz компаниялар тобын тексеріп жатыр

21 Сәуір, 2026
Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

21 Сәуір, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz