Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

БАҚ Каспийден тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғанын хабарлады. Қаза тапқандар саны 11-ге жетуі мүмкін

Теңізге кеткен 19 әскери қызметшінің үшеуі құтқарылды. Іздеу жалғасып жатыр

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026
Зерттеу
A A
После гибели девяти военных в Мангистау возбудили уголовное дело
WhatsappTelegram

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Sona.kz  Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша қаза тапқандар саны 11 адамға жетуі мүмкін.

Алайда Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әзірге ресми түрде тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқанын растаған. Жаңа дерек бойынша ведомство әзірге ресми ақпарат таратқан жоқ.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болды.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.

Үш адам құтқарылды. Олардың бірі ауруханаға жеткізілген. Тоғыз адамның қазасы ресми расталғаннан кейін де іздеу жұмыстары жалғасты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеу үшін Үкімет комиссиясын құрды.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Оған оқиға орнына дереу барып, қайғылы оқиғаның себептерін жан-жақты анықтауды және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды.

Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, ТЖМ, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Көлік министрліктерінің, Шекара қызметінің өкілдері және Бас әскери прокурор кірді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: 11 адамБасты жаңалықтарБасты оқиғаларкаспийқаза тапқандар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В области Абай обнаружили 15-метровый карьер, где незаконно добывали золото

Абай облысында заңсыз алтын қазған 15 метрлік карьер анықталды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Абай облысының Жарма ауданында алтынды заңсыз өндіру тоқтатылды. Тергеу дерегінше, бір топ адам Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым...

Казахстанец заявил о потере более $200 тысяч при покупке карьера в Кыргызстане

200 мың доллардан астам қаражатынан айырылған қазақстандық Жапаровқа шағымданды

Жандос Жантаев
9 Қараша, 2026

Қазақстандық Алиджи Афаров Қырғызстанда карьер сатып алу кезінде 200 мың доллардан астам қаражатынан айырылғанын айтты. Қырғызстан президенті...

Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Алматы полициясы 14 жастағы Максим Кубаревтің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады. Анасының айтуынша, баланың жағдайы қалалық №...

Ақтөбеде есірткі дүкеніне төлем қабылдаған айырбастау тобы анықталды

Ақтөбеде есірткі дүкеніне төлем қабылдаған айырбастау тобы анықталды

Жандос Жантаев
2 Қараша, 2026

Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударған деген күдікке ілінген топтың әрекеті тоқтатылды. Аударымдардың...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz