Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Депутат Ардақ Назаров: «Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құлау қаупі төніп тұр»

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Жандос Жантаев
18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
Депутат Ардақ Назаров: «Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құлау қаупі төніп тұр»
WhatsappTelegram

«600 жылдан астам уақыт бұрын салынған кесененің қазір құлау қаупі бар. Қабырғалары ылғал әсерінен түсіп, кейбір жерлерінде тұз пайда болған. Мұның бәрі ғимараттың негізін бұзып отыр. Сондай-ақ төбелерінен сылақ құлаған. Бұл мәселелердің бәрі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Оларды шешу үшін мәдениет және ақпарат министрлігі қандай жұмыстар атқарып жатыр?», – деді депутат Ардақ Назаров Мәжілістің жалпы отырысында.

Ардақ Назаров қаралып отырған заң жобасында кесенені сақтау мәселесі қарастырылған ба деп нақтылады.

«Түркістан облысы Түркі әлемінің киелі және еліміздің беделді туристік аймағы ретінде танылғаннан бері қоғам арасында 2021-2022 жылдан бастап кесенелердің жай-күйі алаңдатушылық тудырды. Бұны Мемлекет басшысы өзінің жұмыс сапары аясында атап өтіп, бірқатар тапсырма берген болатын. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2023 жылы кесененің конструкцияларында ылғалдылық ұлғайып, жалпы ескерткішке қауіп төнгені туралы айтылды», – деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Оның сөзінше, осы жұмыстар ғылыми зерттеу институттарымен жүзеге асырылған.

«Кесененің аумағында орнатылған жасыл желектер, ағаштар мен газондарды суару ескерткіштің жағдайына әсер етеді. Аталған жұмыстарды тоқтату қажет деп есептейміз делінген. Осы орайда Түркістан облысы әкімдігі суару жұмыстарын тоқтатты. Қорытындысы бойынша келешекте ғылыми реставрациялық жұмыстар үшін ғылыми жобалау құжаттамасы әзірленді. Құжаттамаға сәйкес реставррациялық жұмыстар жалғастырылады», – деді вице-министр.

Тегтер: Ардақ НазаровЕвгений КочетовҚожа Ахмет Ясауи кесенесі
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Ресейлік рэпер Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды. Шектеу мерзімі оның елден нақты шыққан күнінен бастап...

eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын есептейтін калькулятор іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын есептейтін калькулятор іске қосылды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Қазақстанда eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа калькулятор пайда болды. Бұл қызмет азаматтарға отбасының әлеуметтік...

Қазақстанда кім бай, кім кедей? Отбасылар бес санатқа бөлінді

Қазақстанда кім бай, кім кедей? Отбасылар бес санатқа бөлінді

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын бағалауға арналған бес санат туралы мәлімет жарияланды. Жіктеу бойынша азаматтардың материалдық жағдайы табысына, баспанасына,...

Девять казахстанцев вывезли из зоны боевых действий в Украине

Украинадағы соғыс аймағынан тоғыз қазақстандық шығарылды

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Украинадағы соғысқа тап болған тоғыз Қазақстан азаматы ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығарылып, Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілді. Бұл...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz