Қазақстанда Энрике Иглесиастың концерті сияқты ірі мәдени шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке күзет ұйымдарына тапсырылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, елімізде жаппай іс-шаралар кезінде ұйымдастырушыларға полиция қызметкерлерінің орнына жеке күзет компанияларын жалдауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды.
Бұған дейін мұндай ауқымды шараларға мыңдаған тәртіп сақшылары тартылатын. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертінде 3500-ден астам ІІМ қызметкері мен әскери қызметші кезекшілік еткен. Жаңа заңнамалық өзгерістер бұл міндетті жеке секторға жүктеуге жол ашады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымы және 100 мыңға жуық лицензиясы бар маман бар. Енді олардың әлеуетін жаппай іс-шараларда тәртіпті сақтау үшін пайдалану жоспарлануда, бұл өз кезегінде полиция ресурстарын басқа да маңызды міндеттерге жұмсауға мүмкіндік береді.
«Бум болады»: Данияр Жұмаділов Сабуров жайлы
Қазақстандық әзілкеш, КВН «Астана» командасының капитаны Данияр Джумадилов YouTube-тағы Карен Адамян жүргізетін «50 вопросов» арнасына берген сұхбатында...









