Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Flyboard пен автошеру: Қонаев халқы мерекені ерекше форматта атап өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қонаев қаласында кең көлемді мерекелік іс-шаралар өтті.

Жандос Жантаев
4 Маусым, 2025
Мәдениет
A A
Flyboard пен автошеру: Қонаев халқы мерекені ерекше форматта атап өтті
WhatsappTelegram
Алматы облысының орталығында ұйымдастырылған думанды күн патриоттық рухты көтеріп, тұрғындарға жағымды көңіл-күй сыйлады.

Мереке орталық алаңнан басталған ретро-көліктер шеруімен ашылды. Мемлекеттік тулармен безендірілген көліктер қаланы аралап өтіп, №5 қалалық жағажайға дейін жетті.

Жағажайда өткен Flyboard шоуы күннің ерекше сәтіне айналды. Спортшылар су бетінде көк Туды желбіретіп, әуеде көз тартарлық трюктер жасады. Бұл көріністі 300-ден астам қала тұрғыны мен қонақтары тамашалады.

Іс-шара барысында қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тәуелсіздігіміздің символы, ұлт бірлігі мен рухын айшықтайтын маңызды күн. Мемлекеттік рәміздер – баршамыз үшін ортақ мақтаныш, болашақ ұрпақ үшін асыл мұра. Баршаңызға денсаулық, береке және игілік тілеймін», – деді әкім.

Қала тұрғындары ерекше форматта өткен шараларға жоғары баға берді.

«Flyboard шоуын алғаш рет көріп отырмыз. Керемет әсер алдық. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Осындай көріністер Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі», – деді Димаш есімді тұрғын.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Тегтер: FlyboardБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Республика күні: Қонаевта бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Республика күні: Қонаевта бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

Қонаев қаласында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында қала әкімі Асхат Бердіханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына,...

Қонаевта халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қонаевта халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Қонаев қаласының әкімдігі мен «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде...

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Бәкір Баяхунов 90 жасында...

Үздік мұғалімге – жаңа автокөлік: Алматы облысында ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Үздік мұғалімге – жаңа автокөлік: Алматы облысында ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты» табысталды. Сондай-ақ білім беру саласындағы...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz