Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Фототілші Жеңіс Ысқабай сотта «Отбасы хрестоматиясын» жеңді

«Бейсен және болмыс» кітабының мұқабасындағы фотоны рұқсатсыз алып, автордың аты-жөнін көрсетпеген.

Тоғжан Төлеген
8 ноября, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
Фототілші Жеңіс Ысқабай сотта «Отбасы хрестоматиясын» жеңді
WhatsappTelegram

Белгілі фототілші Жеңіс Ысқабай бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында «Фотографтарды ескермеу науқаны басталды. Біраз адам айыппұл төлегісі келіп жүрген сияқты» деп жазған болатын. Оған себеп – «Отбасы хрестоматиясы» баспасынан жарық көрген Санжар Керімбай және Абзал Құспанның (идея авторы) «Бейсен және болмыс» кітабының мұқабасындағы фотоны рұқсатсыз алып, автордың аты-жөнін көрсетпеген. Мұны білген фототілші ескерту де жасаған көрінеді. Алайда, сөзі аяқасты қалып, авторлық құқығы сақталмаған соң Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына арыз түсіруге тура келгенін айтады.

«Кітапқа атымды біресе жазады, біресе алып тастайды»

«Негізі бұл мәселені сотқа дейін жеткізбеймін деген едім. Өйткені, ыңғайсыз жағдай ғой. Бейсен ағаның үйіндегі жеңгеміз менің суретім екенін біледі. Жалпы, кітапты шығарғандар бастапқыда-ақ білген. Бірақ атымды жазбайды. Кейін кітап жарық көргенде қарасам, аты-жөнім жоқ. Жарайды, бір сәті түскенде айтармын дедім. Кітаптың тұсаукесері болғанда да ашып қарадым. Тағы атым жоқ. Одан Бейсен ағаның үйінде ас берілді.

Сол кезде баспаның бір өкіліне «Мен түсірген фотоны қолданған екенсіздер, бірақ атым жазылмапты» дедім. Кейін қайта басып шығарған кезде атымды көрсетіпті. Болды, дауласпай, осымен қоя салайын» деген ой келді. Әйтпесе, тұсаукесерде де мәселені көтерсем болады ғой.  Бірақ осы жазда «Меломан» дүкенінен қарасам, атымды алып тастаған. Сонда сурет авторын жазғысы келсе жазады, көрсеткісі келмесе өздері біле ме?

Фотоны қолдану туралы рұқсат та сұраған жоқ. Бейсен ағаның үйіндегі жеңгейдің алдынан өтіп, еңбегім бағаланбай жатқанын айттым. Ол кісі «Біздің отбасыны араластырмай, өздерің шешерсіңдер» деді. Өзім кішірейіп «Отбасы хрестоматиясы» баспасының директоры Бағдат Құдиярға телефон шалдым. «Менің 10 пайызымды қашан берейін деп жатырсыздар?» деп едім, «Сіздің ақша сұрағаныңыз ұят. 10 пайыз – өте көп» деді. «Ұят дейсіздер, иә, жарайды» деп тұтқаны қоя салдым. Содан «Менсінбейді екенсіздер» дедім де соталды талап-арыз жаздым. 2 ай жауап болмады, ешкім хабарласпады. Екі айдан кейін заңгерлерден кеңес алып, адвокат іздеп сотқа шағым түсірдім», – деді Жеңіс Ысқабай.

Фототілшінің талабы қандай?

 Фототілші Жеңіс Ысқабай өзінің арызында авторлық құқығы бұзылғаны үшін «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан 15 000 АЕК, яғни 55 380 000 теңге көлемінде өтемақы  талап етті. Сондай-ақ, интернет-ресурста жариялау арқылы бұзылған авторлық құқықты және сурет авторының аты-жөнін кітапқа жариялау арқылы бұзылған авторлық құқықты қалпына келтіруді сұрады.
Айтпақшы, Жеңіс Ысқабай түпнұсқа фотоны 2014 жылдың 29 наурызында түсіріпті. Ол «Бейсен және болмыс» кітабының мұқабасындағы дәл осы суретті рұқсатсыз пайдаланғаны былай тұрсын, автордың аты-жөні жазылмағанын және қаламақы беру жағы қарастырылмағанына таң.

Алайда, otbasy.com сайтында 15 мың данамен шыққан кітап 3 мың теңгеден сатылып кеткен. Кітап алғаш 2021 жылдың қарашасында 3 мың данамен жарық көрсе, 2024 жылы BEST SELLER деген белгімен 1500 дана кітаптың біреуі 3450 теңгеге саудаланыпты.

Фототілшінің айтуынша, кітаптың тиражы 50 мың данадан асып кеткен көрінеді. «Әрине, сұранысқа ие болғаны қуанышты. Бірақ сотта қағаз жүзінде 15 мың деп көрсетті. Соңғы шыққан нұсқада 20-шы таралым деп тұр. Әрқайсысы 1 500 данадан. Ең алғашқы шыққаны 3 мың дана болса, бәрін қосқанда әлдеқайда көп. Бұл жерде сәйкестік те жоқ», – дейді Ж.Ысқабай.

Сот шешімі: «1 846 000 өтемақы өндірілсін»

Сот процесінде жауапкер тараптың өкілі талап арызды мойындағысы келмесе де, «шағымданушыға тиесілі фотосурет авторының көрсетілмеуі – техникалық қателіктен» дегенді айтқан. Алайда, сот қолданыстағы заңнамаға сәйкес, фотосуретті автордың келісімінсіз пайдалану заңсыз екенін баса жеткізді.

Сонымен, судья А.К.Қапарова таныс еткен сот шешімі бойынша АІЖК-нің 223-226-баптарын басшылыққа ала отырып, Жеңіс Жұмалыұлы Ысқабайдың талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

«Авторлық құқықты бұзғаны үшін «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан фототілшінің пайдасына 1 846 000 (бір миллион сегіз жүз қырық алты мың) теңге 500 АЕК өтемақы өндірілсін. Сондай-ақ, otbasy.com интернет-ресурсында «Бейсен және болмыс» кітабында фото авторының аты-жөнін жариялау арқылы бұзылған авторлық құқығы қалпына келтірілсін.

2021 жылғы 18 қарашадағы және 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Бейсен және болмыс» кітабына Жеңіс Ысқабайдың аты-жөнін жариялау арқылы бұзылған авторлық құқығы қалпына келтірілсін.

Оған қоса, «Отбасы Хрестоматиясы» ҚҚ-нан Жеңіс Ысқабайдың пайдасына адвокат қызметіне төлеуге кеткен 505 050 (бес жүз бес мың елу) теңге, нотариустың қызметіне 102 564 (жүз екі мың бес жүз алпыс төрт) теңге кеткен шығыны өндірілсін. Ал «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан мемлекеттік кіріске 18 460 (он сегіз мың төрт жүз алпыс) теңге мемлекеттік баж төленсін»,  – делінген сот шешімінде.

Бұл сот басқа адамның еңбегін оңды-солды пайдаланып үйреніп қалғандарға сабақ болуы тиіс. Заңға бағынатын елде әр адам өз авторлық құқығын қорғауға міндетті.

Тегтер: "Бейсен және болмыс" кітабы"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖеңіс ЫсқабайФототілші
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақылардың мөлшері белгілі болды

Қазақстанда бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақылардың мөлшері белгілі болды

Дана Альсеитова
17 декабря, 2025

2025 жылы Қазақстанда бала тууына және бір жарым жасқа дейінгі күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 535,4 мың адам...

Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

Дана Альсеитова
12 декабря, 2025

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше,...

Арал мен Каспийдің тағдыры — Қазақстан БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

Арал мен Каспийдің тағдыры — Қазақстан БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

Дана Альсеитова
12 декабря, 2025

АШХАБАД. 12 желтоқсан  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен халықаралық форумда БҰҰ жүйесінде су мәселелеріне арналған жаңа...

Замглаву облздрава Костанайской области арестовали

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары қамауға алынды

Дана Альсеитова
12 декабря, 2025

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды....

Қатысты жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтің жұбайы қатысқан ЖКО: тергеу аяқталу сатысында

Шавкат Рахмоновтің жұбайы қатысқан ЖКО: тергеу аяқталу сатысында

17 декабря, 2025
Қонаевта Жаңа жылға арналған ең әдемі безендіру байқауы жарияланды

Қонаевта Жаңа жылға арналған ең әдемі безендіру байқауы жарияланды

17 декабря, 2025
Әскерилер Атырауда қаржылық пирамида құрды

Әскерилер Атырауда қаржылық пирамида құрды

17 декабря, 2025
В Алматы на торги выставлен Rolls-Royce с «блатными» номерами

Алматыда «блатной» нөмірі бар Rolls-Royce аукционға қойылды

17 декабря, 2025
БҚО-да апат: үш адам қаза тауып, біреуі ауруханада

БҚО-да апат: үш адам қаза тауып, біреуі ауруханада

17 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz