Қазір мұнда 2050 арша отырғызылып жатыр. Жұмысты «Жасыл қала Қонаев» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері атқаруда.
Бұған дейін осы көшеге 1000 қараған, 15 қарағай, 10 терек, 100 катальпа және жеміс ағаштары егілген болатын. Енді олардың қатары аршамен толықтырылып жатыр.
Арша жыл бойы жасыл түсін сақтайды. Сондықтан ол көшенің көркін суық мезгілде де кіргізіп, айналаның әдемі көрінуіне ықпал етеді. Ал қараған, қарағай, терек, катальпа мен жеміс ағаштары көше бойын жасыл желекке бөлеп, аумақтың ажарын аша түседі.
Индустриальная көшесі – қалаға кіреберістегі негізгі көшелердің бірі. Сондықтан оның таза әрі жасыл болуы Қонаевтың тартымды келбеті үшін маңызды.
Күзгі көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жалпы биыл қалада 18 мыңға жуық ағаш отырғызылды.




