Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Каспийдегі әскери трагедиядан кейін ӘТК-нің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Ол қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұсталған

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
Каспийдегі әскери трагедиядан кейін ӘТК-нің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды
WhatsappTelegram

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс аясында ұсталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ мәліметінше, бірінші дәрежелі капитан қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ІІМ хабарламасында ұсталған адамның аты-жөні көрсетілмеген. Алайда 3 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Ниязбековті Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатқан болатын.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі «Хазар қорғаны-2026» әскери-теңіз оқу-жаттығуына Қанат Ниязбеков басшылық еткенін хабарлаған.

24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні су алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Трагедиядан кейін қылмыстық тергеу басталды. Кейін Президент Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Аталған іс бойынша бұған дейін де бірнеше лауазымды тұлға ұсталған.

3 қазанда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы күштер Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеев те қызметтерінен босатылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларкаспий
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Семейлік студенттің шотына интернет-алаяқтық құрбандарынан 16 млн теңге түскен

Семейлік студенттің шотына интернет-алаяқтық құрбандарынан 16 млн теңге түскен

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026

Семейде жергілікті университеттің алты студенті банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдалану дерегі бойынша...

Өскеменде дәмханаға келушіге ескерту жасаған полицей қаза тапты

Өскеменде дәмханаға келушіге ескерту жасаған полицей қаза тапты

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026

Өскеменде дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін 40 жастағы полиция қызметкері қаза тапты. Күдікті ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының...

Экс-руководителя филиала «Правительства для граждан» осудили за незаконную добычу золота

ШҚО-да 15 келіден астам алтын заңсыз өндірілген: екі адам 4 жылға сотталды

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026

Өскеменде 844 миллион теңгеден астам сомаға 15 келіден астам алтынды заңсыз өндіру ісі бойынша екі адам төрт...

Алматы облысында 25 адам тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінді

Алматы облысында 25 адам тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінді

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Алматы облысының Шелек ауылында полиция Қазақстан аумағында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының қызметіне қатысы болуы мүмкін...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz