Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына төлемдер аяқталды
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай төлемдер толық аяқталды. Аударылған қаражаттың нақты мөлшері жарияланбайды.
Бұл туралы Sona.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, төлем сомалары мен қаржы алған адамдардың жеке мәліметтерін жарияламау туралы шешім марқұмдардың туыстарының өтініші негізінде қабылданған.
Бекмұрат Жүсіпов қаражатты бөлу жұмыстары арнайы комиссия арқылы жүргізілгенін айтты.
Комиссия жұмысына қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары да қатысқан. Қабылданған шешімдердің барлығы хаттамамен рәсімделген.
Қаражаттың қорға түскен сәтінен бастап алушылардың есепшоттарына аударылғанына дейінгі барлық кезең бақылауда болған.
Қоғамдық кеңес төрағасының сөзінше, төлем мөлшері мен алушылар туралы ақпаратты құпия сақтау олардың қауіпсіздігі мен жеке өмірін қорғау мақсатында қолға алынған.
Жарияланған мәліметте бөлінген қаржының жалпы сомасы көрсетілмеген.



