Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Көпқабатты үйлерді басқару ережесі өзгеруі мүмкін

Депутаттар МИБ төрағасын ауыстыру рәсімін жеңілдетуді, ПИК-терді қайта тіркеуді аяқтауды және тұрғын үйлердегі бизнеске қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынып отыр

Жандос Жантаев
10 Қыркүйек, 2026
Жаңалықтар
A A
Көпқабатты үйлерді басқару ережесі өзгеруі мүмкін
WhatsappTelegram

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау тәртібін қайта қарау ұсынылды. Өзгерістер МИБ, ПИК жұмысына және тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан коммерциялық нысандарға қатысты болуы мүмкін.

Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева «Әділет» фракциясы атынан тиісті депутаттық сауалды Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаевқа жолдады.

Ұсыныстардың бірі МИБ төрағасын ауыстыру рәсіміне қатысты. Қазір жаңа төраға сайланғаннан кейін оның деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелерде және банктерде бөлек-бөлек өзгерту қажет.

Депутаттар бұл процесті автоматтандыруды ұсынып отыр. Яғни басшы ауысқан жағдайда ақпарат мемлекеттік және банк жүйелерінде артық құжат жинамай-ақ жаңартылуы тиіс.

Сонымен қатар ПИК-терді қайта тіркеу жұмысын аяқтап, көпқабатты үйлердің банк шоттарымен жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін енгізу ұсынылды.

Тағы бір бастама цифрландыруға байланысты. Пәтер иелеріне үйді басқаруға, дауыс беруге, шығындарды бақылауға және қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беретін тегін цифрлық сервис құру ұсынылып отыр.

Смышляева МИБ төрағаларының жауапкершілігіне де назар аударды. Оның айтуынша, төраға инженерлік желілердің жағдайы мен үйдің қауіпсіздығына жауап береді, алайда көптеген шешім тұрғындардың өздеріне байланысты.

«Төраға үйдің күтіп ұсталуына жауап береді, бірақ көптеген шешім меншік иелері мен тұрғындардың өз әрекетіне тәуелді. Соған қарамастан бақылаушы органдардың талабы көбіне төрағаға қойылады», — деді депутат.

Тұрғын үйлердің бірінші қабатында жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарға қойылатын талаптарды да күшейту ұсынылды. Әңгіме олардың жұмысы үйдің техникалық жағдайына және тұрғындардың өмір сүруіне әсер ететін жағдайлар туралы болып отыр.

Бұдан бөлек, көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуге қаржы тарту мүмкіндіктерін кеңейту және елдегі тұрғын үй қорына техникалық аудит жүргізу ұсынылды.

Ұсыныстар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолданды. Әзірге оларды енгізу туралы түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларКөпқабатты үйлерМИБПИК
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды....

Республика күні: Қонаевта Абай көшесін күрделі жөндеу басталды

Республика күні: Қонаевта Абай көшесін күрделі жөндеу басталды

Жандос Жантаев
22 Қазан, 2026

Қонаев қаласында Республика күні қарсаңында Абай көшесін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс қаланың Кешенді даму жоспары аясында...

Қонаевтың шеткі аудандарында қандай жұмыстар атқарылуда?

Қонаевтың шеткі аудандарында қандай жұмыстар атқарылуда?

Жандос Жантаев
22 Қазан, 2026

Халық бұл аудандарда неліктен жеке тұрғын үй салуға рұқсат берілмей жатқанын сұрады. Сондай-ақ олар жер учаскесіне салық...

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media⁠ басылымына сілтеме жасап. Бұған...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz