Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жаназа мен құдайы ас дастарханының мазмұнына қатысты жаңа талаптарды жариялады. Бұл шешім қоғамда соңғы жылдары кеңінен талқыланып жүрген ысырапшылдық пен бәсекелеске айналған ас беру дәстүрін реттеуге бағытталған, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
ҚМДБ мәлімдеуінше, жаназа қаралы үйдің жағдайымен санасуды, қарапайымдықты және діни мәнділікті талап ететін рәсім. Сондықтан дастарханға сәнді, қымбат, көп тағам ұсыну діни тұрғыдан да, қоғамдық тұрғыдан да құпталмайды.
? Жаңа бекітілген негізгі мәзір:
•Бауырсақ пен шелпек – нан өнімдері;
•Шай мен су – сусындар;
•Қой еті немесе палау – негізгі ыстық тағам.
? Ұсынылатын қосымша өнімдер:
•Сары май
•Тары-талқан
•Қант
•Кәмпит
Мүфтият артық салат, торт, бәліш, десерттер, түрлі жеміс-жидек қоюға рұқсат етілмейтінін қатаң атап өтті.
ҚМДБ өкілдері бұл талаптың негізгі мақсаты қаралы отбасының жағдайын қиындатпау, материалдық ауыртпалық түсірмеу.
«Жаназа мен құдайы аста ас мәзірін көбейту – жарыс емес, діни рәсім. Қарапайымдық басты қағида», — дейді басқарма мамандары.
Қазіргі таңда жаңа тәртіп Арқалықта, Павлодар облысында, Абай облысында және Жезқазған қаласында енгізілген. Алдағы уақытта бұл талаптың ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейтілуі жоспарланған.