Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Муфтият дипфейктерді алдаудың бір түрі деп атады

ҚМДБ жалған ақпарат тарату мен шындықты бұрмалау ислам талаптарына қайшы екенін мәлімдеді

Жандос Жантаев
12 Қаңтар, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Муфтият дипфейктерді алдаудың бір түрі деп атады

фото: shotkit.com

WhatsappTelegram

Дипфейк технологиясын қолдану арқылы жалған ақпарат тарату және адамдарды адастыру ислам нормаларына қайшы, деп хабарлайды Sona.kz ҚМДБ-на сілтеме жасап.

Муфтияттың түсіндіруінше, адамға өзі айтпаған сөздерді немесе жасамаған әрекеттерді телу.  Алдаудың бір түрі және шариғатта тыйым салынған.

«Дипфейк технологиясын пайдаланып жалған ақпарат тарату, адамның айтпаған сөзін айтқызу немесе жасамаған ісін жасады деп көрсету  шариғат бойынша рұқсат етілмейді», — делінген ресми мәлімдемеде.

ҚМДБ ислам дінінің ғылым мен технологияның дамуына қарсы емес екенін атап өтті. Алайда кез келген жаңашылдық қоғам игілігіне, әділет пен адамгершілікке қызмет етуі тиіс. Егер технология зиян келтіру үшін қолданылса, ол рұқсат етілмейді.

Муфтият мәліметінше, дипфейк арқылы шындыққа жанаспайтын көрініс жасап, қоғамды адастыруға болады. Мұндай әрекеттер өтірік пен алдау ретінде бағаланады және исламда қатаң түрде айыпталады. Бұл қоғамда алауыздық туғызып, тыныштық пен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін.

Түсіндіруде Пайғамбар хадистері де келтірілген: «Бізді алдаған адам бізден емес», сондай-ақ «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды».

ҚМДБ дипфейктердің көбіне адамды қорқыту, беделін түсіру немесе зиян келтіру мақсатында қолданылатынын атап өтті. Ал исламда адамның қауіпсіздігі, абыройы мен ар-намысы ең жоғары құндылықтардың бірі саналады. Адамдарды қорқытуға бағытталған әзіл-қалжыңдардың өзі де құпталмайды.

Қорытындысында муфтият дипфейк технологиясын пайдаланып жалған ақпарат тарату, адамдарға ойдан шығарылған сөздер мен әрекеттерді телу және қоғамды адастыру шариғат тұрғысынан тыйым салынғанын мәлімдеді.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғалардипфейкМуфтияттыйым салынған
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртайдың туыстары оның қайтыс болар алдында жатақханада соққыға жығылған болуы...

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Қаржылық модель Отбасы банкпен әзірленіп жатыр, алайда қатысушылар қатары кеңеюі мүмкін. Қазақстанда алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын...

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

9 қарашадан бастап Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ЖСН-ді QazETA қосымшасы арқылы ала алады....

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды Қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін. Отандық техниканы бастапқы...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz