Абай облысының Полиция департаменті Семейдегі балалар орталығында өрт басталған сәтте оқиға орнына бірінші болып жеткен патрульдік экипаждардың бейнетіркеуіштерінен алынған кадрларды көрсетті. Оқиға орнына алғашқы болып жету — ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін жағдайды бақылауға алуды талап ететін ең күрделі кезең.
Тәртіп сақшыларына жағдайды жедел бағалап, азаматтарды сабырға шақыру және қою түтін жағдайында үрей мен бейберекет әрекеттерге жол бермеу міндеті жүктелді. Полицейлер құтқару бөлімшелері келгенше адамдардың қауіпсіз жерге шығуын қадағалап, тәртіп орнатты.
Бейнежазбада қызметкерлердің адамдарды эвакуациялауды қалай ұйымдастырғаны және өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуін қалай қамтамасыз еткені көрінеді. Жедел әрекеттің арқасында жаппай үрейдің алды алынып, құтқару жұмыстары жүйелі түрде басталды.
Таяу Шығыстан 1000-ға жуық қазақстандық елге оралды
ҚР Көлік министрлігі 4 наурыз күні Таяу Шығыс аймағынан қазақстандықтарды әкеле жатқан бірнеше ұшақтың елге қонғанын хабарлады....









