Оның айтуынша, вице-президент институтын енгізудің негізгі артықшылығы мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Сәрсембаевтың сөзінше, президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда елді басқаруды уақытша вице-президент атқарады. Бұл барлық мемлекеттік институттардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Егер вице-президент президенттің өкілеттігін өзіне ала алмаса, олар Кұрылтай төрағасына өтеді. Ал оның да мүмкіндігі болмаса премьер-министірге беріледі. Сонымен бірге президенттік өкілеттікті қабылдаған тұлға өзіне тиесілі бұрынғы лауазымынан (вице-президент, Кұрылтай төрағасы немесе премьер-министрі) босатылады. Бос орындарды толтыру Конституцияда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сәрсембаев бұл механизм қоғамға мемлекеттің заң аясында, біртіндеп және болжамды түрде жұмыс істейтіндігіне сенімділік береді деп есептейді. Ол әлеуметтік міндеттемелер орындалып, экономикалық үрдістер жалғасып, халықаралық міндеттемелер сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар министр вице-президенттің уақытша президенттік міндеттерді орындауға қажетті легитимдікке ие қоғамдық қызметкер екенін жеткізді.









