Қазақстанның әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін жүру құқығына ие болады. Бұл туралы Ұлттық ұлан хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері жылына бір рет Қазақстан аумағында жолаушылар пойызымен тегін жол жүре алады. Аталған шара әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдауға бағытталған.
Жеңілдік тек ел ішіндегі жолаушылар пойыздарына қатысты және халықаралық бағыттарға қолданылмайды.
Тегін жол жүруге байланысты шығындарды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өтейтін болады.









