Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда психологтар арнайы реестрге тіркелуге міндеттелмек

Заң жобасы психологтарды тіркеу тәртібін енгізіп, кәсіби қызметтің құқықтық негізін айқындайды

Жандос Жантаев
4 Ақпан, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қазақстанда психологтар арнайы реестрге тіркелуге міндеттелмек

фото: academiavolshebstva.autoweboffice.ru

WhatsappTelegram

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Құжат елімізде психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізін қалыптастырып, аталған саланы жүйелі әрі кешенді түрде реттеуге бағытталған.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, заң жобасында психологиялық қызметтің негізгі қағидаттары мен түрлері нақты көрсетіліп, кәсіби психологиялық көмектің шекаралары айқындалады.

Заң жобасындағы басты жаңашылдықтардың бірі – барлық психологтарды арнайы реестрге міндетті түрде тіркеу. Бұл талап заңсыз түрде психологиялық қызмет көрсететін тұлғалардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Реестр енгізу арқылы психологиялық қызмет көрсету саласындағы ашықтықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау көзделіп отыр.

Сонымен қатар құжат психологиялық көмекті дамытуға арналған институционалдық негіз қалыптастыруды да қарастырады.

Бұған дейін Қазақстанда психологиялық диагностика мен сүйемелдеудің бірыңғай цифрлық платформасын құру жоспарланып отырғаны хабарланған. Аталған платформа тәуекелдерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және балаларды қорғау жүйесіндегі педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталады.

Заң жобасы алдағы уақытта Мәжілістің салалық комитеттерінде қаралып, мақұлданған жағдайда Сенаттың қарауына жолданады.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанпсихологреестр
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Ресейлік рэпер Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды. Шектеу мерзімі оның елден нақты шыққан күнінен бастап...

eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын есептейтін калькулятор іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын есептейтін калькулятор іске қосылды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Қазақстанда eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа калькулятор пайда болды. Бұл қызмет азаматтарға отбасының әлеуметтік...

Қазақстанда кім бай, кім кедей? Отбасылар бес санатқа бөлінді

Қазақстанда кім бай, кім кедей? Отбасылар бес санатқа бөлінді

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын бағалауға арналған бес санат туралы мәлімет жарияланды. Жіктеу бойынша азаматтардың материалдық жағдайы табысына, баспанасына,...

Девять казахстанцев вывезли из зоны боевых действий в Украине

Украинадағы соғыс аймағынан тоғыз қазақстандық шығарылды

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Украинадағы соғысқа тап болған тоғыз Қазақстан азаматы ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығарылып, Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілді. Бұл...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz