Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қаржы

Қазақстанда қандай кредиттер кешіріледі?

Тоғжан Төлеген
10 апреля, 2025
Қаржы
A A
Қазақстанда қандай кредиттер кешіріледі?
WhatsappTelegram

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қазақстандықтарға алаяқтар арқылы рәсімделген несиелерді есептен шығаруға жол ашатын заңнамаға енгізілмек өзгерістерді түсіндірді.

Мәжіліс депутаттары бүгін екінші оқылымда қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңнамада алаяқтар рәсімдеген несиелерді тек сот шешімі арқылы ғана есептен шығару көзделген. Мұндай талап көбіне зардап шеккен азаматтардың өз құқықтарын толыққанды қорғауына елеулі кедергі келтіріп отыр. Осыған орай заң жобасы аясында сотқа дейінгі тәртіппен қарыздарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін жаңа негіздер енгізу ұсынылған. Атап айтқанда, Қизатов алғашқы несие рәсімделген кезде банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) клиенттің жеке өзі келуі міндеттелетінін атап өтті. Сондай-ақ, 24 сағаттық «суыту мерзімі» енгізілмек – бұл кезеңде азамат алған несиеден бас тарта алады.

Бұған қоса, белгілі бір әлеуметтік топтарға қосымша талаптар қойылады. Яғни несие беру үшін қосымша келісім алу міндетті болады. Егер осы талаптар сақталмаса, банк немесе микроқаржы ұйымы мұндай несиені сотқа жүгінбей-ақ есептен шығаруы тиіс. Сонымен қатар, заң жобасында қаржы ұйымдары тарапынан биометриялық сәйкестендіру рәсімін бұзу, алаяқтыққа қарсы орталықтың талаптарын елемеу, не болмаса клиенттің жеке деректерін заңсыз қолдану жағдайларында сот арқылы есептен шығаруға негіз болатын жаңа тетіктер қарастырылған, – деді Олжас Қизатов.

Қизатовтың айтуынша, егер мұндай заңбұзушылықтар сотта дәлелденсе, банктер мен микроқаржылық ұйымдар тиісті несиелерді міндетті түрде есептен шығаруы тиіс болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарКредитҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінесиеОлжас Қизатов
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ұлттық банк алаяқтар жалған несиелік шоттарды рәсімдейтінін ескертеді

Ұлттық банк алаяқтар жалған несиелік шоттарды рәсімдейтінін ескертеді

Тоғжан Төлеген
17 апреля, 2025

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың ҚҰБ-тың ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынған жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар жалған несиелік...

Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

Дана Альсеитова
15 апреля, 2025

Осы мәселені шешу үшін Қазақстан автомобиль одағы ескі көліктерді халықтан сатып алып, орнына жаңа көлікке жеңілдік ұсынуды...

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Дана Альсеитова
11 апреля, 2025

Бұл шешімге инфляция қарқыны, сыртқы жағдайлардағы тұрақсыздық және экономикалық белгісіздік себеп болған. Келесі жоспарлы шешім 5 маусымда...

Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

Дана Альсеитова
26 марта, 2025

Комитет өкілі Талант Ермановтың айтуынша, сырқаттанған қызметкерге жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті. Ол ресми еңбекке жарамсыздық парағы...

Қатысты жаңалықтар

Автомобиль загорелся на парковке жилого дома в Астане: пострадавших нет

Астанада тұрғын үй жанында көлік өртенді: зардап шеккендер жоқ

18 июля, 2025
Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

18 июля, 2025
Сакен Мамаш осуждён на 6 лет: экс-дипломат признан виновным в систематическом насилии над супругой

Сакен Мамаш 6 жылға сотталды: экс-дипломаттың тұрмыстық зорлығы сотта дәлелденді

18 июля, 2025
В Казахстане увеличили НДС до 16%: Токаев подписал новый Налоговый кодекс

Қазақстанда ҚҚС 16% болды: Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды

18 июля, 2025
Қапшағайда 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 гидроцикл тәркіленді

Қапшағайда 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 гидроцикл тәркіленді

18 июля, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz