Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталған

Жандос Жантаев
4 Ақпан, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

фото:kaz.nur.kz

WhatsappTelegram

Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке жоспарлы түрде шақыру жүргізіледі. Бұл шара «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады және Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, сондай-ақ әскери дайындықтан өткен резерв қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тиісті қаулыны Үкімет қабылдаған. Құжатқа сәйкес, 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80  Шекара қызметіне, 64 Ұлттық ұланға, ал 15  Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Шақыру ең сұранысқа ие әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Олардың қатарында авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, әскери-көліктік, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары бар.

Әскери қызметке денсаулық жағдайы бойынша жарамды, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылады. Медициналық мамандықтар бойынша жас шегі 32 жасқа дейін белгіленген. Міндетті талап — қажетті әскери-есептік мамандықтың болуы.

Шақырылған офицерлерге әлеуметтік қамтамасыз ету келісімшарт бойынша әскери қызметшілер деңгейінде жүзеге асырылады. Қызмет мерзімінде оларға ақшалай үлес, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдері, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларзапастағы офицерлершақыру
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстан мұнай өңдеуді екі есе арттырады

Қазақстан мұнай өңдеуді екі есе арттырады

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін қазіргі шамамен 18 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр....

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Жандос Жантаев
11 Қыркүйек, 2026

Бұл туралы Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты. «Қазан айында Конституцияның...

Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жоспарында жаңа белес басталды. Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынуы...

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Қазақстан Үкіметінің отырысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа шаралар талқыланды. Еңбек және халықты...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz