Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары NASA мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 байқауында топ жарды.
25 елден 26 мыңнан аса оқушы қатысқан додада Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы мен Ілияс Дәулет ұсынған YURT жобасы бірінші орынды иеленді. Олар Юпитер орбитасындағы 30 мың адамға арналған ғарыш стансасын таныстырды.
Екінші орынды иеленген «Икарус» жобасы Ганимед орбитасындағы 45 мың тұрғынға арналған станса идеясына негізделген. Команда құрамында 10 оқушы, жетекшісі – Әділет Сандықбаев.
Байқау оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған.