Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта әлеуметтік қызметкерлер ерекше жандарға күнделікті қолдау көрсетуде

Жандос Жантаев
22 Желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
A A
Қонаевта әлеуметтік қызметкерлер ерекше жандарға күнделікті қолдау көрсетуде
WhatsappTelegram

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермейді. Алайда, дәл осы мамандар қоғамдағы ең нәзік, ең жауапты міндетті атқарып келеді. Олар күн сайын көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, өмір сапасын жақсартуға үлес қосады.

Қонаев қаласында мүгедектігі бар азаматтардың үйлеріне барып, әлеуметтік қызмет көрсететін 20 маман еңбек етеді. Оның тең жартысы ерекше балалармен, қалғаны ересек жандармен жұмыс істейді. Әрқайсысы – жауапкершілігі жоғары, мейірім мен төзімділікті талап ететін істің иелері.

Әлеуметтік қызметкер Күнсұлу Қасабекова бұл салада он жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, қызмет көрсету нақты бекітілген стандарттар бойынша жүзеге асырылады.

«Біздің жұмысымыз сегіз стандартқа негізделген. Қазіргі таңда алты баланың үйіне кестеге сай барып, көмек көрсетемін. Оның ішінде емханаға апару, ата-аналарымен бірге жаттығулар жасату, тұрмыстық көмек, саусақ моторикасын дамыту секілді бағыттар бар. Әр баланың диагнозы әртүрлі болғандықтан, қызмет те жеке қажеттілікке қарай көрсетіледі», – дейді ол.

Маман бұл жұмыстың оңай еместігін жасырмайды. Кейде балалар мен олардың ата-аналарының тағдыры жанға батады.

«Кей сәттерде жүрекке ауыр тиеді. Бірақ, қолдан келген көмекті аямай көрсетуге тырысамыз. Біздің еңбегіміз көп жағдайда көзге көрінбейді, сондықтан қоғамда толық бағаланбай жатады. Тіпті, кей адамдарда теріс пікір де бар. Дегенмен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға айтарым – ешқашан үміт үзбеңіздер. Әр қиындықтың артында міндетті түрде жеңіс болады. Менің тәжірибемде диагнозынан толық айыққан балалар да бар», – дейді Күнсұлу Қасабекова.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз сөздерінде адал еңбек ел дамуының басты негізі екенін бірнеше мәрте атап өткен. Дәл сол секілді, әлеуметтік қызметкерлер атқарып жүрген ерен еңбек қоғамның тұтастығын сақтауға, әлсіз топтарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды миссия болып қала береді.

Тегтер: әлеуметтік қызметкерлерБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Жамбыл облысындағы тасжол учаскесін жөндеу кезінде жол жабынын бекітуге арналған материалдың бағасы сметада негізсіз көтерілген. Жамбыл көлік...

Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындағанда сатып алулар мен ақша аударымдары ескеріле ме?

Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындағанда сатып алулар мен ақша аударымдары ескеріле ме?

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Еңбек министрлігі 2027 жылдан бастап отбасының көмекке мұқтаждығын бағалау кезінде қандай банк деректері мен мүлік ескерілетінін түсіндірді....

Тоқаевқа «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары таныстырылды

Тоқаевқа «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары таныстырылды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Партия мен Үкімет әзірлеген 2026–2031 жылдарға арналған жол картасының жобасы 303 іс-шараны қамтиды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23...

«ҚазМұнайГаз» Тоқаевқа 16,7 трлн теңгенің инвестициялық жобалары туралы баяндады

«ҚазМұнайГаз» Тоқаевқа 16,7 трлн теңгенің инвестициялық жобалары туралы баяндады

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Кездесуде компанияның 2026 жылдың...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz