Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевтың қарт тұрғындарына құрмет көрсетілді

Жандос Жантаев
1 Қазан, 2025
Жаңалықтар
A A
В Конаеве поздравили старейших жителей города
WhatsappTelegram

Ардақты ардагерлердің мерекесіне орай, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Кербұлақ және Қосқұдық ауылдарында тұратын көнекөз қария мен әжейлерді құттықтап, үйлеріне барды.

Дүйсен атамыз бен Сарқыт апамыздың отау құрғанына биыл 51 жыл уақыт болған. Қазірде олар Кербұлақ ауылындағы үлгілі отбасылардың бірі. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеген қарттар әлі күнге дейін туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған. Қилы замандарда да ауылын тастап кетпеген. Ата мен әже зейнет жасына дейін егіншілікте қызмет жасап, балаларын оқытып, жеткізіп, қара шаңырақтың иесі болып отыр.

Ал Қосқұдық тұрғыны Тілеукен Шаяхметова – жасы 85-ті алқымдаған алтын құрсақты ана, кітапханашы. Әженің отбасы станса құрылғанда осы өңірге көшіп келген. Әкесі де, балалары да – әулетімен түгел теміржолшы.

Шаһар басшысымен ақ дастархан басында әңгімелескен қарттар ақжарма тілектерін айтты.

«Осы күнімізге де шүкір. 10 құрсақ көтеріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырдық. Ауыл үшін талай тер төгіп, еңбек еттік. Балаларыммен қатарлас екенсіңдер, мерекені елеп-ескеріп, құттықтап жатқандарыңа алғыс. Біздің жасымызды берсін! Көгеріп, көктеңдер, балаларым», – деді Тілеукен әже.

Бұдан бөлек, Қонаев қаласының тұрғындары, отау құрғандарына 50-60 жыл болған Сәрсенбековтер мен Абышевтер әулетіне сый-сияпаттар тарту етілді.

Мерекеде жалғызбасты қарттар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға қала әкімдігінің атынан азық-түлік себеттері жеткізілді.

Сондай-ақ қаланың алғаш іргесін қалаған құрылысшылар, «Ардагерлер кеңесі» мен «Аналар кеңесінің» мүшелері, түрлі салада қызмет еткен зейнеткерлер, белсенді қарияларға қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарБасты оқиғаларқартҚонаевқұрмет
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Жандос Жантаев
31 Қазан, 2026

Онда жергілікті шаруалар өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынады. Ет, сүт өнімдері, көкөніс пен басқа да азық-түлік түрлерін...

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш егілді

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш егілді

Жандос Жантаев
25 Қазан, 2026

Қалада жасыл желек көлемін арттыру мақсатында Индустриальная, Қонаев көшелерінің және Алматы-Өскемен күре жолының бойына 3 мың ағаш...

Республика күні: Қонаевта бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Республика күні: Қонаевта бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

Қонаев қаласында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында қала әкімі Асхат Бердіханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына,...

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz