Қонаев қаласында Республика күні қарсаңында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 7 аумақтағы жұмыстар аяқталып, нысандар тұрғындар игілігіне берілді. Жобалар балалардың ойын алаңдарын салу мен жаңартуды, сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.
Атап айтқанда, төмендегі аумақтарда жұмыстар аяқталды:
1. №8 шағынаудан – балалар ойын алаңы салынды;
2. 1-шағынаудан, №30 үйдің жаны – балалар ойын алаңы салынды;
3. 2-шағынаудан, №2 үйдің артқы жағы – балалар ойын алаңы салынды;
4. 5-шағынаудан, №50А үйдің ауласы – шағын футбол алаңы салынды;
5. №10 шағынаудан – балалар ойын алаңы жаңартылды;
6. 1-шағынаудан, №8 үй маңы – жоспарланған жұмыстар аяқталды;
7. 3-шағынаудан, №22 үй маңы – жоспарланған жұмыстар аяқталды.
Жыл соңына дейін тағы 9 аумақтағы абаттандыруды аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында аллеялар, балалар және жаттығу алаңдары, сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы орын бар.
Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы тұрғындардың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Былтыр осы жоба аясында Қонаев қаласында 15 аумақ абаттандырылды.




