Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Таразда қол-аяғы байланған әйелге қатысты тексеру басталды

Әлеуметтік желіде жарияланған резонансты фотодан кейін екі апалы-сіңлілі әйел мемлекет қамқорлығына алынды

Дана Альсеитова
26 Қаңтар, 2026
Зерттеу
A A
Фото со связанной женщиной в Таразе: под опеку государства переданы две сестры

фото: скриншот

WhatsappTelegram

Әлеуметтік желіде жарияланған резонансты фотодан кейін екі апалы-сіңлілі әйел мемлекет қамқорлығына алынды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қол-аяғы скотчпен байланған әйелдің фотосы тарады. Желі қолданушылары суреттегі адамның 30 жастағы Құндыз Сұлтанбек екенін анықтаған. Ол  мемлекет қамқорлығындағы азаматша.

Құндыз Сұлтанбек пен оның әпкесі, 35 жастағы Назгүл Әбілдаева, Тараз қаласының тұрғыны Зульфия Төленованың қамқорлығында болған. Апалы-сіңлілердің тағдыры 2023 жылы қоғам назарын аударған. Сол кезде олардың туған ағасы әйелдерді күштеп ұстап, мал бағуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған болатын.

Аталған жағдайдан кейін Зульфия Төленова апалы-сіңлілерді өз қамқорлығына алуға ниет білдірген. Мәліметтерге сәйкес, оның үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетімдерге арналған отбасылық үлгідегі интернат болған.

Құндыз бен Назгүлдің өздігінен өмір сүру мүмкіндігі шектеулі, екеуінде де даму тежелуі бар. Осы себепті әлеуметтік желідегі фото қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.

Қамқоршының түсіндірмесі

Зульфия Төленова Құндызды кім байлағанын білмейтінін айтып, бұл әрекетті үйде жұмыс істейтін күтуші жасауы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, Құндыз ашулы күйде болып, әпкесіне қол көтерген.

Сондай-ақ ол тиісті органдарға арыз жазып, қамқорлықтағы азаматтарды мемлекетке тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.

Тергеу және тексеру

Қазіргі таңда Зульфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Шамамен бір ай бұрын оның отбасынан 2009 және 2011 жылы туған екі кәмелетке толмаған бала алынған.

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, балалардың бірі мұғалімдерге қамқоршы тарапынан зорлық көрсетілгенін айтқан. Қамқоршы бұл фактіні мойындаған. Қазір балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, тергеу жалғасуда.

Апалы-сіңлілердің қазіргі жағдайы

Құндыз Сұлтанбек пен Назгүл Әбілдаева да қамқоршыдан алынды. Олар Түркістан облысының тұрғындары болғандықтан, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі олардың әрі қарайғы тұратын жерін анықтау үшін тиісті жұмыстар атқарады.

Барлық рәсімдер аяқталғанға дейін апалы-сіңлілер Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚұндыз СұлтанбекНазгүл ӘбілдаеваТараз
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Жанабыловтар: АФМ блогерлердің заңсыз табыс табу схемасын әшкереледі

Жанабыловтар: АФМ блогерлердің заңсыз табыс табу схемасын әшкереледі

Дана Альсеитова
13 Наурыз, 2026

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі қаралып жатыр. Сот отырысы...

Жанабыловтардың соты: Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлік пен ақша жымқыру айыбы тағылды

Жанабыловтардың соты: Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлік пен ақша жымқыру айыбы тағылды

Дана Альсеитова
13 Наурыз, 2026

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға (Жанабылова) қатысты алдын ала сот отырысы басталды. Елордалық жұлдызды...

Екібастұзда заңсыз ішімдік шығаратын жасырын цех әшкере болды

Екібастұзда заңсыз ішімдік шығаратын жасырын цех әшкере болды

Дана Альсеитова
13 Наурыз, 2026

Екібастұз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех жойылды. Тәртіп сақшылары жасырын...

Қарағандыда зейнеткерлерді тонаған теміртаулық алаяқтар тобы ұсталды

Қарағандыда зейнеткерлерді тонаған теміртаулық алаяқтар тобы ұсталды

Дана Альсеитова
13 Наурыз, 2026

Қарағанды облысының полицейлері егде жастағы тұрғындарды нысанаға алған алаяқтар тобын әшкереледі. Теміртау қаласының тұрғындарынан құралған бұл топ...

Қатысты жаңалықтар

Жанабыловтар: АФМ блогерлердің заңсыз табыс табу схемасын әшкереледі

Жанабыловтар: АФМ блогерлердің заңсыз табыс табу схемасын әшкереледі

13 Наурыз, 2026
БҚО-да ағалы-інілі екеу қару-жарақ қоймасын жасырған

БҚО-да ағалы-інілі екеу қару-жарақ қоймасын жасырған

13 Наурыз, 2026
Жанабыловтардың соты: Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлік пен ақша жымқыру айыбы тағылды

Жанабыловтардың соты: Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлік пен ақша жымқыру айыбы тағылды

13 Наурыз, 2026
Екібастұзда заңсыз ішімдік шығаратын жасырын цех әшкере болды

Екібастұзда заңсыз ішімдік шығаратын жасырын цех әшкере болды

13 Наурыз, 2026
Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

13 Наурыз, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz