Метка: алаяқ

  • Дубай шоколадын сатқан алаяқ сотталды

    Дубай шоколадын сатқан алаяқ сотталды

    Астанада Дубай шоколадын сатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады (ҚК190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) деп айыпталған астаналыққа қатысты істі қарады.

    Астаналық алаяқ дубай шоколадын сатамын деп тұрғындарды алдап, бірнеше рет олардың ақшасын иемденіп алған. Жалпы 10 адамның 301 020 теңгесін жымқырған. Алаяқтың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

    Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

    Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді. Жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

    Сот үкімімен астаналық алаяқ Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

    Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

    Polisia.kz мәліметінше, алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, көптен күткен баспанасына ие бола алмады. 2 миллион теңгеден астам соммаға алданып қалды.

    Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.  Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды.

  • Оңай жолмен баспаналы болғысы келгендер алданып қалды

    Оңай жолмен баспаналы болғысы келгендер алданып қалды

    Әйелдің үстінен полицияға 10 арыз түскен. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.

    Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

    Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.

  • Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте 2024 жылдан бері мегаполисте 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін айтты.  Салдарынан тұрғындарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

    Сонымен бірге, Алматы полициясының басшысы атап өткендей, қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

    «Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде. Бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда», – деді, Арыстанғани Заппаров.

    Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетілуде.

  • «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды. «Пайызсыз баспана» деп аталатын ұйым құрған олар Шымкент, Астана және Алматы қалаларынан арзан бағамен үй алып беруге көмектесеміз деп, 134 азаматты алдап соққан. Алғашқы жарна ретінде 1 миллион ақша аударса бағасы 15 миллион теңге болатын пәтерді алуға жәрдемдесетінін айтып, жарнамалаған. Және азаматтардың сеніміне кіру үшін алдымен 3-4 адамға үй сатып әпергенін желі арқылы таратады. Олар осындай жымысқы әрекетімен 171 миллион теңге олжа тапқан. Сот топ жетекшісі мен оның екі көмекшісін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

     

  • Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

    Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтарға сенбеу керегін ескертті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

    «Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, халыққа жолдап жатыр.  Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

    Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайтынын жазған.

  • Алматы полициясы интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Алматы полициясы интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Алматы полициясының мәліметінше, алаяқтар көбінесе келесі қылмыстық тізбектерді пайдаланады:

    – банктік қауіпсіздік қызметінің қоңырауы: алаяқтар сіздің шотыңыздағы күдікті транзакциялар туралы хабарлайды және шоттарды қорғау үшін шотыңыздан аударымдар жасау керек деп сендіреді.

    – Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және басқа да құқық қорғау органдарынан қоңырау шалу: алаяқтар қауіпті алаяқты ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқанын хабарлайды және сіздің шотыңыздағы қаражаттың жоғалуына әкелетін әрекеттерді жасауға көндіреді.

    – Ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу: алаяқтар өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріміз деп таныстырып, СИМ-картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын деп хабарлайды. Келісімшартты жаңарту үшін олар сізді телефоныңызға жіберілетін СМС-кодтарын айтуды сұрайды.

    – брокерлердің қоңырауы: алаяқтар айына 50 пайыздан астам кірістілікпен криптовалютаға, алтынға, акцияларға пайдалы инвестиция жасауды ұсынады. Инвестицияны алғаннан кейін қаскөйлер құрбанды барлық әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұғаттайды.

    – жоқ өнімді немесе қызметті сату: алаяқтар әлеуметтік желілерде және интернет-платформаларда өнімді немесе қызметті сату туралы жарнаманы орналастырады. Төлемді алғаннан кейін олар жоғалады.

    – басшыдан келетін хабарлама: алаяқтар мемлекеттік органдардың немесе жеке ұйымдардың жоғары лауазымды басшыларының атынан Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, оның ашық дереккөздерден алынған суретін өздерінің аватарына салып, сосын қол астындағыларға түрлі сылтаулармен жедел түрде үшінші адамдардың әртүрлі шоттарына ақша қаражатын жіберу қажеттігі туралы жазады. Барлық жағдайда Алматы полициясы әңгімені дереу тоқтатып, бұл деректі банкке және аумақтық құқық қорғау органдарына хабарлауды қатаң түрде ұсынады.

  • Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Астаналық  тұрғын өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үйсатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан. Құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған  үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған. Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

    Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшіншот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

    «Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген», — делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

    Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

    Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.