Метка: Алматы облысы

  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 108 тонна қоқысты тазалады

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 108 тонна қоқысты тазалады

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында масштабты сенбілік өткізілді — оған 28 977 адам қатысты.

    2 тамызда өңір тұрғындары мен волонтерлер экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ол барысында 95 гектар аумақ қоқыстан тазарды, жалпы 108 тонна қоқыс жиналды.

    Қатысқан азаматтардың қатарында 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 волонтер және 15 534 жергілікті тұрғын бар. Сенбілікке 28 арнайы техника тартылған. Жиналған қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.

    Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, бұл шара территориялардың санитарлық ахуалын жақсартумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және билік, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың үйлесімді жұмысын көрсетуге ықпал етті. Алдағы уақытта да осындай акциялар кеңінен ұйымдастырылмақ

  • Қонаев қаласында 11 кәріздік сорғы станциясы жаңартылып жатыр: жұмыстардың 95%-ы аяқталды

    Қонаев қаласында 11 кәріздік сорғы станциясы жаңартылып жатыр: жұмыстардың 95%-ы аяқталды

    Қонаев қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту аясында 11 кәріздік сорғы станциясы (КСС) қайта жөндеуден өтуде. Жұмыстар 2023 жылдың қазанында басталған. Жобаға тапсырыс беруші – Қонаев қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

    Қазіргі нәтижелер:
    • 11 станцияның 9-ында жер қазу мен құбыр төсеу толық аяқталған;
    • №1, 3, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9 КСС-те резервтік сорғылар орнатылған;
    • №1, 4, 5, 6 (жартылай), 7, 8 (1 сорғы), 9 КСС-те горизонталды сорғылар қойылған;
    • Электр желісіне қосу бойынша техникалық шарттарға өтінімдер беріліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде;
    • Көптеген нысандарда ішкі және сыртқы әрлеу аяқталған;
    • Кейбір жерлерде абаттандыру, қоршау орнату және асфальт төсеу жүргізілген.

     Жүріп жатқан жұмыстар:
    • №4А, 6, 11 КСС-те ішкі әрлеу, электрмен қамту, аумақты абаттандыру және жол төсеу жалғасып жатыр;
    • №11 КСС-те 8 резервтік және 2 горизонталды сорғы орнату жоспарланған – бұл ең ірі жұмыс көлемі;
    • Барлық КСС-те электр жүйелерін қосу бойынша жұмыстар жалғасуда;
    • Құдықтар орнатылып, қоршаулар тартылуда.

     Негізгі көрсеткіштер:
    • Орнатылды: 9 резервтік сорғы станциясы, 11 горизонталды сорғы;
    • Жоспар: қосымша 8 резервтік және 6 горизонталды сорғы орнату (№3, 4А, 6 және 11 КСС).

    Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоба аяқталған соң Қонаев қаласының кәріз жүйесі анағұрлым сенімді әрі тиімді жұмыс істейтін болады.
  • Қонаевтағы жағымсыз иіс: себебі белгілі, шешім қабылданды

    Қонаевтағы жағымсыз иіс: себебі белгілі, шешім қабылданды

    Қонаев қаласының 4-шағынауданының тұрғыны қала әкімі Асхат Бердіхановқа кешкі уақытта сезілетін жағымсыз иіс жайлы шағым айтты. Арыз бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді.

    Әкім бұл мәселеге қатысты нақты жауап берді. Оның айтуынша, иістің себебі – қаланың маңындағы тозығы жеткен кәріз суын тазарту қондырғылары. Нысан 100% тозған. Енді оны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту жоспарланған. Жаңа кешен қаладан 18 шақырым жерде, Қазақстан ауылына қарай көшіріледі. Жобаның жалпы құны – 38 млрд теңге. Құрылысты екі жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

    «Бұл мәселе қала және облыс әкімдігінің бақылауында. Қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Жақын арада мәслихат отырысы өтіп, тиісті келісімдер алынатын болады. Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймын», – деді Асхат Бердіханов.

    Кездесу барысында газдандыру, қоқыс жәшіктерін орнату, автотұрақтар мен аулаларды көгалдандыру мәселелері де көтерілді. Әкім ҚБҰ-ларды тұрғындармен тығыз жұмыс істеуге, аулаларды таза ұстап, гүл егуге белсенді атсалысуға шақырды.

  • 17 жастағы қызға көлік ұсынған полицейлер жазаланды

    17 жастағы қызға көлік ұсынған полицейлер жазаланды

    Қыздың айтуынша, олар оны “Саяхатқа дейін апарып тастауды” ұсынған. Ал полицейлер мұны жоққа шығарды.

    Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер көшеде жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізген. Алайда олар қызметтік этика талаптарын бұзған. Осыған байланысты бір полицей ішкі істер органдарынан шығарылды, екіншісі қызметінен босатылды. Ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

  • Алматы мен Алматы облысында жалған полицейлер ұсталды

    Алматы мен Алматы облысында жалған полицейлер ұсталды

    Алты адам жалған полицей ретінде өзін таныстырып, тұрғындардың ақшасы мен көлігін тартып алған. Күдіктілерден жалған қызметтік куәліктер, құжат бланкілері, форма элементтері, қару-жарақ пен түрлі елдердің нөмір белгілері тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асты.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция құқық қорғау органдарының атрибуттарын заңсыз қолдану деректеріне қатаң шара қолданатынын мәлімдеді.

  • Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Желіде тараған видеода бірнеше баланың терезеден шығып, шатырда жүргені көрінеді. Оқиғаға байланысты облыстық полиция түсініктеме берді.

    Балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ал қауіпсіздік талаптарын сақтамаған қызметкер жұмыстан босатылған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.

  • Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды

    Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды

    Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған.

    Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар.

    Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.

    Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды.

    Барлық азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырамыз.

  • Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 16 мың гектардан астам пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

    Басқарма деректеріне сәйкес, биыл жыл басынан бері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жалпы көлемі 50 083 гектар 446 жер учаскесі анықталды. Оның ішінде аудан және қала әкімдіктері тарапынан 36 923,64 гектарды қамтитын 358 жер учаскесі тіркелді. Бұл жерлер бойынша материалдар жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, салықтық жүктемені 20 есеге арттыру және жерді қайтару шаралары қабылдануда.

    Қазіргі таңда 8 214 гектар 71 жер учаскесі бойынша материалдар жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар, 23 747 гектар аумақтағы 37 жер учаскесі бойынша талап-арыздар сот қарауында, ал жалпы көлемі 1 926,73 гектар болатын учаскелер бойынша сот шешімі шығып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Жыл басынан бері ерікті түрде мемлекет меншігіне 5 505,63 гектар жер қайтарылды. Ең көп қайтарылған аумақтар Жамбыл (2 720,9 га), Балқаш (1 009,62 га) және Райымбек (681,8 га) аудандарына тиесілі. Жалпы алғанда, 2025 жылдың басынан бері мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі 16 967 гектар болды.

  • Алматы облысында күдікті сот залынан қашып кетті

    Алматы облысында күдікті сот залынан қашып кетті

    Адам зорлады деген күдікпен ұсталған айыпталушы Қаскелең қаласындағы аудандық сот залынан қашып кетті.

    Желіде Алматы облысындағы автожолдарда полиция қызметкерлерінің тексеріс жүргізіп жатқан бейнежазбалары тарады.

    Алматы облысының полициясы бұл деректі растады.

    «Қамауға алынған күдіктінің қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданды. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру тағайындалды. Азаматтардан сабырлық сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

  • Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

    Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді.

    Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады.

    «Толқын орта мектебінің» ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.