Метка: Басты оқиғалар

  • Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарды

    Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарды

    Құрманғазы ауданында полицейлер жеке үйден шыққан өртті байқап, дереу әрекет етті. Учаскелік инспекторлар Есмағамбет Миянов, Беркін Уахитов, Карима Ниязова және патрульдік полицей Бақытжан Зияш оқиға орнына жеткен.

    Үй ішінде ер адамның қалып қойғанын анықтаған олар терезені сындырып, ішке кіріп, тұншығып қалған азаматты сыртқа алып шықты.

  • Балаға кесірін тигізген видео үшін министрлік блогерлерге ескерту жасады

    Балаға кесірін тигізген видео үшін министрлік блогерлерге ескерту жасады

    Анасының рұқсатынсыз түсірілген тоғыз жастағы баланың видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Daricorn есімді блогер Qatty Tatty дәмханасын жарнамалау үшін түсірген роликтен кейін балаға мектепте, секцияда және аулада мазақ көрсетілген. Баланың анасы видеодағы монтаж баланың сөзін бұрмалап көрсеткенін айтты. Оқиғаға Білім министрлігі араласып, отбасына психологиялық және заң көмегін ұсынды. Ведомство блогерлерге ескерту жасады: баланың бейнесін ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануға заң тыйым салды.

  • Судья Қаржаубай Нұрымовқа соңғы ескерту жасады

    Судья Қаржаубай Нұрымовқа соңғы ескерту жасады

    Судья Ержан Жанұзақов сот процесі барысында жәбірленушілерден жауап алу кезінде сөзге араласқан Қаржаубай Нұрымовқа бірнеше рет ескерту жасады.

    Бүгін түске дейін сотта Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова мен анасы Гүлбара Бейшембиева  жауап берді. Олар қанды түні көрген-білгенін айтты. Әжесін жауап алынғаннан кейін жедел жәрдем алып кетті, ал анасы түстен кейін жауап беруді жалғастырады.

    Жәбірленушілер жауап беру кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бірнеше рет сөзге араласты. Гүлбара Бейшембаеваның жауабына көңілі толмаса керек. Бірнеше рет сөзге араласқаннан кейін судья Ержан Жанұзақов “Мен сізге соңғы рет ескерту жариялаймын, егер сөзге тағы араласатын болсаңыз, сот залынан шығасыз, сіздің жауап беретін кезегіңіз келеді” деп ескерту жасады.

    Қаржаубай Нұрымов сотта ашуға беріліп кетіп отыр. Оның бір себебі – отырған орындығының артында сотталушылардың аналары отырғаны. Олардың сотта айтылған әр сөзге байланысты пікірі Нұрымовтың ашуына тисе керек. “Бұл кісілерді басқа жерге отырғызыңыз немесе мүлде шығарып жіберіңіз” деп талап етті ол судьядан.

    Сот түстен кейін сағат 14.30-да жалғасады.

  • Шерзаттың әжесі соттағы жауаптан кейін есінен танып қалды

    Шерзаттың әжесі соттағы жауаптан кейін есінен танып қалды

    Қаза тапқан Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова соттағы жауаптарынан кейін өзін жайсыз сезінді. 

    Ол жауап беру кезінде қатты эмоцияға беріліп, көз жасын тыя алмады. Қаржаубай Нұрымов анасына араша түсіп, айыпталушылардың қорғаушылары «негізсіз сұрақтар қойып жатыр» деп наразылық білдірді.

    Сот залынан шыққаннан кейін Шерзаттың әжесі есінен танып қалды. Куәгерлердің айтуынша, оны қолмен көтеріп, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

  • Шерзат Полаттың отбасы 16 жастағы сотталушыны кешірді

    Шерзат Полаттың отбасы 16 жастағы сотталушыны кешірді

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

      Бүгін куәгерлерден жауап алынып жатыр. Бірінші болып марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды.

    Жауап беру кезінде Жұмабике Кадирова баласы Қаржаубай Нұрымовтың кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіргенін мәлімдеді.

    «Менің айтайын дегенім, 16 жастағы сотталушы балаға менің балам кешірім берді деп айтты. Балам (Қаржаубай Нұрымов-ред.): «Мама, біздің Шерзат өліп кетті. Енді қайтара алмаймыз. Мына 16 жастағы баланың өміріне балта шаппайық. Қолдан келгенше кешірім берейік. Мен кешірім бердім», – деді. Менің айтайын дегенім, менің балам да, мен де бәрін кешірдік. Алла кешірсін бұларды. Тек бір Аллаға тапсырдым. Судья, сіз бұларға өзінің нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба ол сіздің ар-намысыңызға берілген дүние. Мен тек Аллаға ғана сендім. «Құдайдан тап!» деген дүниедегі жаман қарғыс бар. Себебі, оны қалай табатынын бір Алла ғана біледі. Өсіп-өнері бар, ата-аналары да артымызда отырып, ананы-мынаны шұқылап сөйлеп отыр. Бірақ мен сабырлыққа салып шыдап отырмын. Аллаға тапсырдым», – деді Жұмабике Кадирова.

  • «Сені де өлтіремін» – Шерзаттың анасы сұмдық жайттарды айтып берді

    «Сені де өлтіремін» – Шерзаттың анасы сұмдық жайттарды айтып берді

    Оның айтуынша, ол баласын қалай соққыға жыққанын және пышақтағанын өз көзімен көрген.

    «Шерзаттың аузынан қан ақты. Ол: “Анашым, сол жақ бүйіріме бірдеңе кіріп кеткен сияқты” деді. Қарасам — пышақ қадалып тұр екен. Кейін Нұрқиястың қолында мылтық барын көрдім. Алдымен олар Нұрғанатты ұрды, содан кейін Шерзатқа ауысты. Нұрқияс мылтықпен ұрды. Мен баламды қорғамақ болдым, соққы қолыма тиді. Сол кезде ол: “Үніңді шығарма, әйтпесе сені де өлтіремін” деді»,- деді марқұмның анасы.

    Бишембаева Шерзаттың аузынан қан ағып жатса да, айыпталушылар оны ұруды тоқтатпағанын айтты — олар оның басынан пышақпен ұрып, теуіп жатқан.

  • Шерзаттың өлімі: әжесі сотта Абзалды таныды

    Шерзаттың өлімі: әжесі сотта Абзалды таныды

    Талғар аудандық сотында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жәбірленушілерден жауап алу басталды. Бүгін сотта Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова эмоционалды түрде куәлік берді.

    Ол күдіктілердің бірін — Абзал Шынасылды бірден танығанын айтты. “Немерем менің қолымда өсті, ешқашан төбелеске араласпаған. Егер қарумен келетінін білсем, үйден-ақ полиция шақырар едім”, — деді ол.

    Қанды оқиға болған жерге жеткенде немересін таппай, топ адамның артынан жүгіріп барып көрген. “Оны ұрғандардың ішінде Абзал болғанын кейін Нұрғанат айтты”, — деді жәбірленуші.

    Шерзаттың досы Ахмет Махмет шетелде оқып жатуына байланысты сотқа келе алмаған. Бірақ өз атынан өкілдеріне сенімхат берген.

    Іс бойынша басты сот отырыстары жалғасып жатыр.

  • Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангар өртенді

    Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангар өртенді

    ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғарылатылған шақыру дәрежесімен жетіп, тілсіз жауды сөндіруге кіріскен.

    Өрт сағат 7:30-да толық ауыздықталды. Жалын шарпыған аумақ — 550 шаршы метр.

    Қазір оқиға орнында арнайы өрт-зерттеу зертханасы мен төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімі жұмыс істеуде.

  • Жаңаөзенде грант жеңіп алған оқушыны соққыға жыққан лицей оқушыларына іс қозғалды

    Жаңаөзенде грант жеңіп алған оқушыны соққыға жыққан лицей оқушыларына іс қозғалды

    «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қатарласын қызғанышпен соққыға жыққан. Жәбірленуші жақында шетелдік ЖОО-ға грант ұтып алған. Оқиға 16 сәуірде үйінің жанында болған.

    Полиция қатысушыларды анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Қылмыстық іс қозғалып, ата-аналардың жауапкершілігі қаралуда. Материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданады.

    Оқушы ми шайқалып, түрлі жарақат алған. Оны қорғауға келген әкесінің аяғы сынған. Екеуі де ауруханаға түсті. Күдіктілер профилактикалық есепке қойылады.

  • АҚШ пен Украина минералдар меморандумына қол қойды

    АҚШ пен Украина минералдар меморандумына қол қойды

    Украина мен Америка пайдалы қазбалар жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    Бұл туралы Украина экономика министрі Юлия Свириденко мәлімдеді.

    Бүгін АҚШ-пен экономикалық әріптестік туралы ортақ келісімге бір қадам жақындадық. Украина мен Америка Құрама Штаттары біздің топтардың конструктивті ынтымақтастығын және екі халық үшін де тиімді болатын келісімді түпкілікті рәсімдеуге деген ниетті бекітетін меморандумға қол қойды. Алда – келісім мәтінін нақтылап, қол қою кезеңі тұр, – деп жазды Свириденко Facebook парақшасында.

    Еске салайық, Трамп аталған келісімге келесі бейсенбіде қол қойылатынын жария еткен болатын.